Изучение социального самочувствия граждан и его влияние на политические настроения



жүктеу 2,02 Mb.
Pdf просмотр
бет3/42
Дата30.12.2019
өлшемі2,02 Mb.
#25561
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Саланың қысқаша сипаттамасы 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      

Қоқыс үйінділерін ұйымдастыру – бұл қарапайым, әрі арзан тәсіл, дегенмен 
бұл  тәсілдің  келешегі жоқ.  Қоқыс үйінділері  қала  айналасында  үлкен  алаңдарды 
иеленеді, улы заттар мен қалдықтардың ыдырау өнімдері жер асты суларына енеді 
және желмен жақын аймақтарға таралады. Ауасыз шіру нәтижесінде сасық иістер  
және  өздігімен  жанатын  заттар  түзіледі,  -  осы  факторлардың  барлығы  қоқыс 
үйінділерінің мәселенің шешімі емес екендігін көрсетеді. 
Қалдықтарды  жағу  едәуір  аймақтарды  босатады,  бірақ,  өкінішке  орай, 
көптеген қоқыстар ылғалдану және жанбайтын материалдардың болу салдарынан 
нашар жанады да, атмосфераға күйе мен зиянды органикалық қосылыстардың көп 
мөлшерін  шығарады  немесе  тіпті  жанбайды:  тұрмыстық  аспаптардағы  темір, 
құрылыс қоқыстары және т.б.. 
Қалдықтарды  екінші  рет  пайдалану  –  бұл  ресурсты  үнемдейтін  жол, 
дегенмен экономикалық тұрғыдан әрдайым да пайдалы емес. 
Екінші рет өңдеудің негізгі мәселелері: 
  қоқысты сұрыптау 
  қайта өңдеу орнына жеткізу 
  өндіріс үшін шикізат ретінде қоқыстың стандартқа сай болмауы. 
Осы  мәселелердің  барлығы  екінші  рет  пайдалану  нұсқасының  дамуына 
кедергі келтіреді және жаңа ғылыми идеялар мен зерттеулерді талап етеді. 
Мысалы, Америка, Еуропа және кейбір мемлекеттер өз ізденістерін бақылай 
отырып,  ғылыми-тәжірибелік  зерттемелерге  ие  болуда  және  осы  мәселенің 
баламасы  бір  ғана  екендігіне  сенімді  –  қоқыстың  түзілуін  азайту  және 
қалдықтарға «екінші өмір» беру. Ол үшін екі бағдарлама қажет: 
  қалдықтармен, олардың түзілуін алдын алумен күрес бойынша; 
  қоқысты  жағатын  зауыттар  мен  қоқыс  үйінділерінен  қоқыстарды 
екінші рет пайдалануға жіберу. 
Ол үшін қалдықтарды бөліп жинау керек: қағаз, шыны және органика. 
Қазақстанда  жинақталған  қатты  тұрмыстық  қалдықтардың  жалпы  көлемі 
шамамен  100  млн.  тонна.  Мұнда  жыл  сайын  5-6  млн  тонна  түзілуде. 
Сарапшылардың  есептеуінше,  2025  жылға  қарай  бұл  сан    жылына  8  млн  тонна 
дейін  өсуі  мүмкін.  Мұнда осы  қалдықтардың  негізгі  массасы  қосымша  өңдеусіз, 
залалсыздандырмай  полигондарда  жайғастырылуда.    Аймақтар  бойынша  адам 
басына шаққандағы қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу мөлшері жылына 
80-400 кг шамасында болуда.
1
 
Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу мөлшері – бұл уақыт бірлігінде 
(күн,  жыл)  есептік  бірлікке  (тұрғын  қоры  үшін  адам:  қонақүйдегі  бір  орын; 
дүкендер мен қоймалар үшін 1 ш.м сауда алаңы және т.б.) келетін қалдықтардың 
саны. 
Жинақталу  мөлшері  массамен  (кг)  немесе  көлеммен  (л,  текше  м) 
анықталады.  Халықтан  келіп  түсетін  және  арнайы  шаруашылық  көлікпен 
жойылатын  жинақталу  мөлшеріне  кіретін  қатты  тұрмыстық  қалдықтарға  тұрғын 
үй  мен  қоғамдық  ғимараттарда  (пәтерді  жөңдеу  қалдықтары  да  бар)  түзілетін 
қалдықтар,  жергілікті  жылыту  құрылғыларының  қалдықтары,  аулада  жиналатын 
                                           
1
 Дереккөз: https://www.zakon.kz/4704574-ezhegodnyjj-obem-tverdykh-bytovykh.html 


Саланың қысқаша сипаттамасы 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      

құлаған  жапырақтар  және  тұрмыстық  ірі  заттар  (ірі  габаритті  қалдықтарды 
арнайы жинау жүйесі болмағанда) кіреді. 
Жинақталу  мөлшерін  қатты  тұрмыстық  қалдықтардың  екі  көзі  бойынша 
анықтайды:  тұрғын  үйлер,  мекемелер  және  қоғамдық  кәсіпорындар  (қоғамдық 
тамақтану, оқу, көру ғимараттары, қонақүй, бала-бақша және т.б.). 
Жинақталу  мөлшеріне  және  ҚТҚ  құрамына  келесі  факторлар  әсер  етеді: 
тұрғын  үй  қорының  абаттандыру  дәрежесі  (қоқыс  құбырларының,  газ,  су 
құбырларының,  канализацияның,  жылыту  жүйесінің  болуы),  қабаттылық, 
жергілікті жылыту кезіндегі жанармай түрі, қоғамдық тамақтанудың дамуы, сауда 
мәдениеті,  халықтың  әл-ауқат  дәрежесі  және  т.б.,  сонымен  қатар  климаттық 
факторлар:  жылыту  кезенінң  әр  түрлі  ұзақтылығы  (оңтүстік  аймақтағы  150 
күннен  солтүстіктегі  300  күнге  дейін),  халықтың  көкөністер  мен  жеміс-
жидектерді және т.б. тұтынуы. 
ҚТҚ залалсыздандыру және қайта өңдеу бойынша құрылыстарды салу үшін 
телімді  таңдау  кезінде  олардың  жайғастырудың  үздік  шарттарына  қол  жетуді 
қамтамасыз ету керек. 
ҚТҚ  компостқа  механикаландырылған  қайта  өңдеу  бойынша  зауытты 
салудың оңтайлы шарттары: 
  компосттың  (органикалық  тыңайтқыщ  немесе  биожанармай)  кепілді 
тұтынушыларының 20 км дейінгі радиуста болуы 
  ҚТҚ  жинау  орталығынан  15  км  дейін  қашықтықта  қала  шетінде 
зауытты жайғастыру 
  қызмет көрсетілетін халықтың саны 350 мы адамнан астам. 
Жылу  энергиясын  кәдеге  жарата  отырып,  қатты  тұрмыстық  қалдықтарды 
жағу бойынша зауытты салудың оңтайлы шарттары: 
  ТЭЦ  немесе  қазаңдық  кешенімен  жылу  энергиясын  тұтынатын 
тәуліктік  және  жылдық  тұтынушыларының  болуы  (егер  тұтынушы 
жылу энергиясын берудің уақытша тоқтатылуына жол бермесе) 
  зауытты  қалалық  құрылыстардың  шеңберінде  (өнеркәсіптік  аймақ) 
және  ҚТҚ  жинау  орталығынан  7  км  дейінгі  радиуста  және  ағымдағы 
жылу құбырына қосылу жерінен 05 км дейінгі жерде жайғастыру   
  шлак үйіндісінің зауыттан 10 км аспайтын қашықтықта болуы 
  қызмет көрсетілетін халықтың саны 350 мы адамнан астам. 
Қатты  тұрмыстық  қалдықтардың  полигондарын  салудың  оңтайлы 
шарттары: 
  суға төзімді топырақтарда еркін телімнің болуы 
  жер  асты  суларының  орналасуы  телімнің  бетінен  3  км  төмен  емес 
(бұлақ көздерінің шығу телімдерінен басқа) 
  шаршыға ұқсас телімнің болуы 
  қатты  тұрмыстық  қалдықтарды  қоймалау  үшін  20  м  асатын  биіктікке 
рұқсат алу 
  қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау орталығынан 15 км қашықтықта 
жайғастыру. 


жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау