Изучение социального самочувствия граждан и его влияние на политические настроения



жүктеу 2,02 Mb.
Pdf просмотр
бет2/42
Дата30.12.2019
өлшемі2,02 Mb.
#25561
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Зерттеу әдістемесі 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ 
DESK RESEARCH 
Ақпарат көздері ретінде аналитикалық жарияланымдар және басқа да ашық 
ақпарат  көздері  пайдаланылды.  «DAMU  RG  Зерттеу  тобы»  ЖШС-ң  арнайы 
сауалы бойынша ведомстволық органдардан Қазақстан Республикасындағы қатты 
тұрмыстық  қалдықтар  нарығының  дамуы  бойынша  негізгі  деректер,  сонымен 
қатар осы саланы ары қарай талдау және бағалау үшін қосымша ақпарат алынды.  
Ақпарат көздері: 
  ҚР  Ұлттық  экономика  министрлігінің  Статистика  жөніндегі  комитеттің 
жарияланымдары; 
  ҚР  Қаржы  министрлігінің  Кедендік  бақылау  комитетінің  статистикалық 
деректері; 
  арнайы сауалдар бойынша алынған статистикалық деректер
  арнайы  басылымдарда,  БАҚ-да  және  Интернетте  жайғастырылған 
ақпараттық, аналитикалық және сараптамалық материалдар
  салалық  қауымдастықтардың  ресми  пресс-релиздері  және  аналитикалық 
материалдары  және т.б.; 
  басқа да дереккөздер. 
 


Саланың қысқаша сипаттамасы 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      

1  САЛАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ 
Кезекті  экологиялық  дағдарысқа  алып  келген  табиғаттың  қазіргі  басты 
ластану  факторларының  бірі  қалалардың  шаруашылық-тұрмыстық  қызметінің 
артуы  болып  табылады.  Өнеркәсіптің  және  халық  санының  ұлғаюы  тұрмыстық 
қалдықтар көлемінің шартсыз өсуіне алып келеді. Осыдан оларды ұқыпты кәдеге 
жарату  мәселесі  туындайды.  Тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  полигондарда 
қалдықтарды оқшаулау топырақтың екінші рет ластануына, пайдалы айналымнан 
едәуір алаңдардың шығарылуына алып келеді. 
Үлкен алаңдарды ала отырып, қалдықтар ауаның, су объектілерінің ластану 
көздері  болып  табылады,  және  де  қалдықтарды  көму  үшін  ұйымдастырылған 
жерлер ағымдағы ережелерге сәйкес келмейді. Шаңның желмен таратылуы 10 км 
астам  жерге  дейін  жетеді  де,  топырақ  жамылғысына  тікелей  әсер  етеді.  Кейбір 
үйінділер өздігімен жанады және түтіндей түседі, атмосфераны ластайды. Жауын-
шашын  кезінде  жаңбыр  және  еріген  сулар  үйінділер  арқылы  өтіп,  аса  улы 
қосылыстармен  ластанады.  Үйінділердің  айналасында  қауіпті  зарарлы  аймақтар 
түзіледі.  Бұл  негативті  құбылыстар  барлық  елді-мекендер  үшін  тән  десе  де 
болады.  
Қатты  тұрмыстық  қалдықтарды  жою  және  толығымен  залалсыздандыру  – 
қла санының ұлғаю шарттарында күрделене түсетін ерекше гигиеналық мәселе.  
Мәселенің күрделілігі келесі сәттермен шартталған: 
  қалдықтар массасының тұрақты ұлғаюы 
  ондағы құрамдас бөлшектердің кең сұрыптамасының болуы. 
Қалдықтарды  елді-мекендерде  жайғастыруға  және  залалсыздандыруға 
тыйым  салынады.  Дегенмен,  көптеген  жерлерде  тұрмыстық  және  дала 
қоқыстарын  жоюдың  ең  қарапайым  тәсілдері  әлі  де  қолданыс  табуда:  қандай  да 
бір  техникалық  орналастыруыз  көшелерде  және  далада  жағу,  бұл  тұрғын  үй 
массивтеріндегі атмосфераның қауіпті ластануына алып келеді. 
Топырақтың  минералдану  қабілетіне  сеніп,  қалдықтарды  жерге  көму 
тәжірибесі әлі де бар. Мәселені мұндай жолмен шешу мүмкін емес. 
Қалаларда  қатты  тұрмыстық  қалдықтар  көлемінің  ұлғаюы  нәтижесінде 
қалалық  аумақтардың  және  өңірдің  топырақ  жамылғысы  өсіп  келе  жатқан 
негативті жүктемеге ие. Қалдықтардың артуы экологиялық тепе-теңдік жағдайына 
қауіп  төндіруде:  аздыратын  органиканың,  темірдің,  қорғасынның,  цинктің, 
бояғыштардың,  жуғыш  заттардың,  дәрі-дәрмектердің  және  т.б.  қалдықтарымен 
«байытылатын» үйінділердің есебінен жер асты сулары кері қайтып барады.  
Соңғы  жылдары  экологиялық  теңгерімді  қамтамасыз  ету  негіздерін 
зерттеуге  бағытталған  зерттеулер  көбейе  түсті,  атап  айтқанда,  селитебті 
аймақтардың  табиғи  жүйелерінің  бұзылуына  алып  келуі  мүмкін  қатты 
қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары талдануда.  
Баяу  ыдырау  салдарынан  қатты  қалдықтар  планетада  қарқынды  түрде 
көбейіп  келеді.  Қалдықтардың  айналасындағы  жағдай  дағдарыс  сипатына  ие 
болып келуде. Және де экологиялық талаптарға максималды түрде жауап беретін 
қалдықтарды  залалсыздандыру  және  көму  тәсілдері  мен  әдістерін  іздеу  мәселесі 
ерекше  өзектілікке  ие  болуы  заңдылық.  Қалдықтарды  кәдеге  жарату  мен  жою 


Саланың қысқаша сипаттамасы 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      

міндетін  кешенді  шешу  талап  етілуде.  Қалдықтар  және  оларды  қайта  өңдеу 
тәсілдері  бойынша  деректер  банкін  құру  керек,  қалдықтарды  сала  бойынша 
есепке  алу,  экономикалық  ынталандыру  қағидаларын,  сәйкес  заңдылық  базасын 
ендіру қажет. 
Тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  қалдықтар  туралы  заңдары  бар  елдерде 
оларды  кәдеге  жарату  мәселесі  шешіліп  келуде.  Соңғы  жылдары  қоқыс 
үйінділерін  жоюға  бағытталған  түрлі  іс-шаралар  сыналып  келеді:  тұрмыстық 
қалдықтар сұрыпталуда, оларды ауыл шаруашылығы үшін тыңайтқыштар немесе 
сұйық  жанармай  түріне  қайта  өңдеуде;  қалдықтардың  бір  шамасы  карьерлерді, 
сайларды және т.б. толтыру үшін қолданылуда.  
Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың үш негізгі нұсқасы бар: 
  үйінділерді және полигондарды ұйымдастыру; 
  қалдықтарды жағу 
  қалдықтарды екінші рет пайдалану. 
Осы нұсқалардың әрқайсысының өз минустары мен плюстары бар. Мысалы, 
қоқыс  жағатын  зауыттарда  тұрмыстық  қоқыстарды  қайта  өңдеуді  алайық.  Бір 
жағынан,  бұл  экологиялық  тұрғыдан  қауіпті,  себебі  осындай  зауыттардағы  газ 
тәріздес  қалдықтар  атмосфераны  ластайды.  Және  де  қоқыстарды  жағу  қымбатқа 
түсетін  үрдіс.  Басқа  жағынан,  бұның  пайдасы  да  бар:  тұрмыстық  қоқысты  жағу 
нәтижесінде  күлдің  көп  мөлшері  жиналады.  Қордаландырудан  кейінгі 
органикалық  қалдықтар  жануарлар,  әсіресе  балықтар  үшін  жем  және 
тыңайтқыштар ретінде шикізат бола алады.  
Тұрмыстық  қалдықтарды  жоюдың  немесе  кәдеге  жаратудың  күрделі 
мәселесі  пластик  болып  табылады,  одан  қораптарды,  тұрмыстық  техника, 
автомобильдің  бөлшектерін,  бөлме  дизайны  үшін  бөлшектерді  жасайды.  Қазір 
шығарылатын  пластиктердің  едәуір  бөлігі  микроағзалармен  ыдыратылмайды, 
сондықтан олар қоршаған ортаға ондаған жылдар бойы зиян тигізе алады. 
Шыныны қайта кәдеге жарату мәселесі жеңілірек болады, себебі оны қайта 
балқыту  экономикалық  тұрғыдан  пайдалы.  Мысалы,  Германияда  пайдаланылған 
шынының көп бөлігін жинайды - шамамен 1,17 млн тонна. Қиратылған шынының 
100  мыңнан  астам  тоннасы  басқа  елдерден  импортталады  және  өзіндік  шыны 
ыдысымен қайта балқытылады. Тұрмыстық қалдықтың көлемі шыны ыдыстарды 
көп рет пайдаланған кезде азая түседі, дегенмен көп жағдайда көлік шығындары 
қосымша төленеді. Халықты бөтелкелерді тапсыруға ынталандыру үшін көптеген 
еуропалық  елдерде  олардың  кепілдік  құны  арттырылады,  қосымша  қабылдау 
пункттері құрылады. 
Қазақстандық қоқыс үйінділерінің мәселесі, көптеген жағдайларда, олардың 
жағумен  байланысты.  Пластик  пен  тағамдық  қалдықтарды  бір  уақытта 
жандырғанда,  аса  улы  зат    -  диоксин  түзіледі.  Ол  ағзада  жиналып,  аздаған 
концентрацияда  орталық  жүйке  жүйесіне  зиян  тигізеді  және  еш  затпен 
шығарылмайды.  Сонымен  қатар,  қоқыстың  құрамына  сынап  немесе  басқа  ауыр 
металдар, химиялық қосылыстар сияқты улы заттар кіруі мүмкін, олар жаңбырда 
және еріген суда ериді де, су қоймаларына және жер асты суларына өтіп кетеді. 
Егер  қазіргі  таңдағы  қалдықтарды  кәдеге  жарату  тәсілдерін  талдайтын 
болсақ, келесідей көрініс аламыз. 


жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау