Саланың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
11
1.1 НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
2007 жылдың 9 қаңтарындағы №212-ІІІ «Қазақстан Республикасының
Экологиялық кодексінде» (05.10.2018ж. өзгертулермен және толықтырулармен)
2
осы зерттеудің тақырыбына тікелей қатысы бар келесі түсініктемелерге анықтама
беріледі:
Коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның
тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен
түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары.
Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау – кейіннен кәдеге жаратуды,
қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін қалдықтардың типіне және
құрамына қарай коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс.
Қайталама шикізат – тұтыну қалдықтарын бөлек жинау, сұрыптау,
ұнтақтау, сығымдау немесе оларға басқа да әсер ету тәсілдері процесінде алынған
материалдар және (немесе) өнім алу үшін кәдеге жаратуға және (немесе) қайта
өңдеуге дайындалған тұтыну қалдықтары.
Қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық
сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау
және беру жүйесi.
Қалдықтарды
жинауды,
тасымалдауды,
қайта
өңдеуді,
залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды
ұйымдастырғаны үшін төлемақы – өндірушілердің (импорттаушылардың)
кеңейтілген міндеттемелері операторына өндірушілердің (импорттаушылардың)
кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық
қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың)
орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды,
пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілер
(импорттаушылар) жүзеге асыратын төлемақы.
Қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар.
Қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық
немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту
немесе жою.
Қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық
немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану.
Қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы
белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою.
Қалдықтардың түрi - шығу көзiне, қасиеттерiне және жұмыс iстеу
технологиясына сәйкес ортақ белгiлерi бар, қалдықтар сыныптауышы негiзiнде
айқындалатын қалдықтар жиынтығы.
Қалдықтарды орналастыру - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау
немесе көму.
Қалдықтарды өңдеу - сұрыптауды қоса алғанда, қалдықтардан кейіннен
тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын
шикізат және (немесе) өзге де материалдар алуға, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс
2
Құжатқа сілтеме - https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30085593#pos=541;-35
Саланың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
12
iстеудi жеңiлдету, олардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту мақсатында
қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған физикалық, химиялық немесе
биологиялық процестер.
Қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу
және (немесе) жою үшін арнайы белгіленген орындарда жинап қою.
Қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам
денсаулығына қауiптiлiгiне сәйкес оларды деңгейге жатқызу тәртiбi.
Қалдықтарды уақытша сақтау – өз қызметі нәтижесінде түзілетін өндіріс
және тұтыну қалдықтарын тұлғалардың оларды кейiннен кәдеге жарату, қайта
өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды
жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға беру үшін жобалау
құжаттамасында айқындалған уақытша сақтау орындарында және мерзімдерге
(бірақ алты айдан асырмай) жинап қоюы.
Қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және
оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың
жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеудi, кәдеге
жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және
жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi.
Қауiптi емес қалдықтар - қауiптi қасиеті жоқ қалдықтар.
Қауiптi қалдықтар – құрамына бір немесе бірнеше қауiптi қасиеттерi
(уыттылығы, жарылу қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық
қабiлетi) бар зиянды заттар кіретін және дербес немесе басқа заттармен қосылған
кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе
ықтимал қауiп
төндiруi мүмкін қалдықтар.