Саланың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
17
қалдықтарды жайғастыратын көптеген объектілерде синтетикалық
немесе қыш сүзгілеуге
қарсы экранның болмауы;
өнеркәсіптік, медициналық және басқа да қауіпті, әрі улы заттармен
коммуналдық қалдықтарды жайғастырудың кең таралуы;
жайғастырылған қалдықтарды оқшаулаушы топырақ қабатымен
(қышпен) жүйесіз тығыздау немесе ондай тәсілдік болмауы;
сүзгішті және үйінді газдарды (оның ішінде метан) жинау үшін
жүйенің болмауы;
жобалық қуатынан асып кеткен көптеген полигондар мен үйінділерді
тым
аса пайдалану;
үйінділерді қадағалау жүйесінің болмауы;
санитарлық ережелердің мен санитарлық-қорғаушы аймақтардың
талаптарын сақтамау.
Қазақстан Республикасында ҚТҚ басқару саласындағы негізгі құжат ҚР
Экологиялық кодексі болып табылады. Қалдықтармен жұмыс жасауға қойылатын
Кодекстің талаптарын үш тарауға бөлуге болады:
заңды және жеке тұлғалардың қызмет етуі нәтижесінде пайда болатын
және пайда болғанға дейін орындауға жататын қалдықтарға қойылатын
экологиялық
талаптар;
заңды және жеке тұлғалардың қызмет етуі нәтижесінде пайда болатын
және пайда болғаннан кейін орындауға жататын қалдықтарға
қойылатын экологиялық талаптар және қалдықтардың жинақталуына,
сонымен қатар оларды жинауға, қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға және сақтауға (қоймалауға)
қойылатын экологиялық талаптар;
заңды және жеке тұлғалардың қызмет етуі нәтижесінде пайда болатын
және пайда болғаннан кейін көмуге жататын қалдықтарға қойылатын
экологиялық
талаптар
және
қалдықтарды
жайғастыратын
полигондарға, оның ішінде қауіпті қалдықтарды жайғастыратын
полигондарға, сонымен қатар радиоактивтік қалдықтарды көму
пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар.
Саланың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
18
1.4 ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ/ӨҢДЕУ
ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Қазіргі әлемде, халық санының тұрақты өсуіне байланысты ресурстарды
пайдалану көлемі де тоқтаусыз артып келеді. Қалпына келтірілетін және қалпына
келтірілмейтін ресурстарды тұтынуға қалдықтар көлемінің артуы да қосылады.
Қоқыс үйінділері, су қоймаларының ластануы – осының барлығына адам тіршілігі
алып келеді.
Қоқыстарды инновациялық қайта
өңдеу тәсілдерін қолданбасақ, планетаның
үлкен қоқыс үйіндісіне айналу ықтималдығы бар. Сондықтан ғалымдар ҚТҚ
қайта өңдеу үшін жаңа және тиімді тәсілдерді жасаумен және ендірумен тұрақты
айналасып келеді.
Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде келесідей ҚТҚ кәдеге жарату мен қайта
өңдеу тәсілдері бар:
1. Полигондарда қалдықтарды көму.
Қоқыстарды сұрыптау
Жер үйіндісі
2. ҚТҚ табиғи ыдырау тәсілдері.
Компосттау
3. ҚТҚ термиялық қайта өңдеу.
Жағу
Төмен температуралық пиролиз,
Жоғары температуралық пиролиз (плазмалық қайта өңдеу)
Полигондарда көму
Осы тәсіл қазіргі уақытта қалдықтарды кәдеге жарату бойынша әлемдегі ең
таралған әдіс болып табылады. Осы тәсіл жанбайтын қалдықтарға және жану
кезінде улы заттарды бөлетін қалдықтарға қатысты қолданылады.
ҚТҚ полигоны кәдімгі үйінді болып табылмайды. Кәдеге жарататын қазіргі
полигондар — бұл жерасты суларын және атмосфералық ауаны ластанумен
күресетін жүйелермен жабдықталған күрделі инженерлік құрылыстар. Жеке
полигондар шіру барысындағы қалдықтарды газға, электр энергиясына және
жылуға айналдыратындай етіп ұйымдастырылған.
Өкінішке орай, бүгінде мұндай жағдай еуропалық елдерге тән, Қазақстанда
полигондардың аз саны ғана осындай сипаттамаларға ие.
Дәстүрлі көмудің басты кемшілігі – көптеген тазарту және сүзгілеу
жүйелері пайдаланылса да, осы кәдеге жарату түрі шіріген ферментация сияқты
су мен ауаны ластайтын қалдықтардың негативті ыдырау әсерінен толығымен
арылуға жол бермейді. Басқа кәдеге жарату тәсілдеріне қарағанда, ҚТҚ көму
айтарлықтай арзан, бірақ эколог мамандар экологиялық тәуекелдерді азайта
отырып, қалдықтарды қайта өңдеуді ұсынады.
Қоқысты компосттау
Компосттау табиғи биоыдырауға негізделген қалдықтарды қайта өңдеу
технологиясын білдіреді. Осы себептен, компосттау органикалық шығу тегі бар
қалдықтарды қайта өңдеу үшін қолданылады. Бүгінде тағамдық қалдықтарды,
ҚТҚ ажыратылмаған ағынын да компосттау технологиясы баршылық.