Саланың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
13
1.2 ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕМЕСІ
Қалдықтар – бұл адамның өндірістік және өндірістік емес қызметінің
нәтижесінде пайда болған және кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге немесе көмуге
жататын үстеме, пайдасыз немесе қажет емес өнімдер.
Қалдықтардың принципиалды (ірілендірілген) және нақты бірнеше
жіктемесі бар.
1. Қалдықтардың жіктемесі
өндірістік қалдықтар – нақты бір мақсатта жасамайтын, соңғы өнімді
жасау кезінде үстеме ретінде пайда болатын өнімдер. Әр өндіріс үшін
өзіндік технологиялық қалдық түрі болады.
тұтынушылық қалдықтар – тұрмыста өз қызмет ету мерзімінен
шыққан тауарлар және бұйымдар, сонымен қатар адамға керек емес
қалалық шаруашылық жүйесінде түзілген өнімдер немесе олардың
қалдықтары.
2. Агрегаттық және физикалық күйі бойынша жіктеме:
сұйық;
қатты;
газ тәріздес.
3. Шығу тегі бойынша жіктеме
органикалық табиғи қалдықтар (жануарлар және өсімдік);
минералды қалдықтар;
химиялық қалдықтар;
коммуналдық қалдықтар.
4. Қоршаған ортаға әсер ету қауіптілігі бойынша жіктеме
1-ші класс – аса қауіпті. Осы кластағы қалдықтардың қоршаған ортаға
зиянды әсер ету дәрежесі «аса қауіпті» деп сипатталады. Бірінші класс
қалдықтарының жинақталуы нәтижесінде экологиялық жүйеде
қалпына келтірілмейтін бұзушылықтар орын алады, ал олардың
қалпына келу уақыты жоқ.
2-ші класс – жоғары қауіптілікті. Зиянды әсер ету дәрежесі «жоғары»
деп сипатталады. Жүйенің экологиялық тепе-теңдігі қатты бұзылады,
ал жүйенің және оның құраушыларының қалпына келу уақыты әсер
ету көзін толық жойғаннан кейін кем дегенде 30 жылды құрайды.
3-ші класс – қалыпты қауіпті. Әсер етудің орташа дәрежесі өздігімен
қалпына келу кезеңі әсер етуді азайтқаннан кейін 10 жылдан бастап
саналады.
4-ші класс – аз қауіпті. Табиғи ортаға зиянды әсердің төмен дәрежесі
белгіленді, қалпына келу уақыты 3 жылдан бастап.
5-ші класс – айтарлықтай қауіпті емес. Әсер ету дәрежесі – өте төмен,
экологиялық жүйе және оның құраушылары бұзылмайды.
5. Қалдықтардың шығу тегі және қауіптілік дәрежесі бойынша жіктемесі.
1, 2 және 3 класс қалдықтары өндірістік үрдістердің және түрлі
кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі нәтижесінде пайда болатын
Саланың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
14
өнеркәсіптік қалдықтарға жатады. Олардың қатарына жұмыс істеп
біткен майлар, қышқылдар және сілтілер, жұмыс істеп біткен
аккумуляторлар және қақпақтар жатады.
3 және 4 класс қалдықтары құрылыс қалдықтары ретінде жіктеледі.
Мұндай
қалдықтар
құрылыстың
немесе
ғимараттар
мен
құрылыстарды бұзу нәтижесінде пайда болады. Әдетте, осы кластағы
қалдықтар деп қыш тақталарды және кірпіштерді, ағаш қалдықтарын,
шағылдар, қатқан ерітінді және шыны қалдықтары, металл сынықтары
және бояғыш материалдардың ыдыстары жатады.
Тұрғын үй секторларында және әкімшілік ғимараттарда, оқу
мекемелерінде және сауда орталықтарында, әуежайларда және
автовокзалдарда 4 және 5 класс қалдықтары түзіледі – бұл қатты
тұрмыстық қалдықтар.
6. Түрі/құрамы бойынша ҚТҚ жіктемесі
қағаз (картон);
ірі габаритті материалдар;
тағамдық (органикалық) қалдықтар;
пластик;
металл;
резеңке;
тері;
тоқыма;
шыны;
ағаш;
басқасы.
Саланың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
15
1.3 ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА
ӨҢДЕУ
Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ): өз тұтынушылық қасиеттерін
жоғалтқан ары қарай пайдалануға келмейтін тағамдық өнімдер, тұрмыстық заттар
немесе тауарлар – тұтынушылық қалдықтардың көп бөлігі.
Қатты тұрмыстық қалдықтарға тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда,
сауда, көрме, спорттық және басқа кәсіпорындарда (оның ішінде пәтерлердің
ағымдағы жөңдеу жұмыстары) түзілетін қалдықтар, жылу желілерінің
қалдықтары, аула аумақтарында жиналатын жапырақтар және ірі габаритті
қалдықтар жатады. Мұндай анықтама «қатты муниципалдық қалдықтар»
(Municipal Solid Waste) шетел терминіне сәйкес келеді.
Әлемде ҚТҚ аралық тазалаудың бірнеше технологиясы бар: жағу, жылуды
қайта өндіру арқылы жағу (оның ішінде элекр энергиясын өндіру), күл шанын
балқыту арқылы жағу, қатты материалдарды балқыту арқылы газдандыру,
жанармай қалдықтарын регенерациялау, компосттау, ұсақтату және сұраптау.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үрдісінің ең басты
артықшылығы – ҚТҚ сұрыптау жұмысының болмауы және шаруашылық
қалдықтарды қалада көму полигондарынан бас тарту.
Әлемнің елдерін аймақтық, климаттық, геологиялық, экономикалық және
саяси шарттарға негізделген ҚТҚ басқару саясатына байланысты бірнеше топқа
бөлуге болады.
Осылай, мысалы, Жапонияда 70% астам қоқыстар қалалық билік
мекемелерімен жағылады. Швейцария, Дания, Люксембург сияқты елдерде
халықтың жоғарғы тығыздылығына, ІЖӨ жоғары деңгейіне және аймақтық үлкен
болмауына байланысты қоқыстарды жағу (жалпы көлемнен 70% шамамен) іске
асырылып келеді.
Сол уақытта АҚШ, Канада, Испания, Норвегия, Ұлы Британия, Германия,
Италия, Португалия және Финляндия елдерінде ҚТҚ полигондарына 60-90%
қалдықтарды тастайды.
Испания, Португалия және Финляндия елдерінде шамамен 10-20% қалалық
ҚТҚ-ды компосттық өңдеу зауыттарына жібереді. АҚШ, Канада және Германия
елдерінде ҚТҚ 10% астам көлемі қалдықтардан құнды материалдарды өндіріп алу
мақсатында аралық станцияларында сұрыпталады.
Франция, Бельгия және Голландия елдерінде қалалық қалдықтардың
жартысынан көбісі полигондарға жіберіледі, қалған ҚТҚ-ң 25-40 % жағылады,
қалғаны компосттау немесе құнды материалдарды өндіріп алу үшін тазартылады.
Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды негізгі массасы бөлінбеген
(сұрыпталмаған) түрінде шығарылады және ашық қоқыс үйінділерінде, қалалық
полигондарда жиналады, олардың 97% ҚР табиғатты қорғау және санитарлық
заңдылықтың талаптарына сәйкес келмейді. Көптеген қалаларда қоршаған ортаға
әсерін бағаламай және жобаға келтірілмей жайғастыру іске асырылады.
Коммуналдық қалдықтар жөніндегі жағдай қалалық және ауыл
мекендерінде ерекшеленетінін атап өту керек. Қалалық мекендерде коммуналдық
қалдықтардың басты генераторы үй шарушалығы мен кәсіпорындар және
Достарыңызбен бөлісу: |