Салаға көрсетілетін қолдау
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
38
р/с
№
Көрсеткіш атауы
Іске асырылу жылдары
2015
2016
2017
2018
2019
Бар-
лығы
төленген индустриалды-инновациялық қызмет
субъектiлерiнiң саны
5
Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM,
GMP, EN және т.б.) сәйкес өнімді сертификаттау
және сапа менеджменті жүйелеріне жұмсалған
шығындарды өтеген индустриалды-инновациялық
қызмет субъектілерінің саны
25
23
23
23
23
117
4) Іскерлік қатынастарды кеңейту
Іскерлік қатынастарды кеңейту үшін:
Шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату («Іскерлік
қатынастар» құралы) қажет. «Іскерлі қатынастар» аспабы халықаралық
және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетел серіктестерімен іскерлік
байланысты орнату есебінен Бағдарламаның аясындағы экономиканың
басым секторларындағы өз қызметін іске асыратын шағын және орта
кәсіпкерліктің субъектілерін қолдауға көмек көрсетуге бағытталған;
отандық өңделген тауарларды ілгерілету керек. Осы аспап қазақстандық
кәсіпкерлердің
белсенділігін
арттыруға,
шетел
елдердің
кәсіпорындарымен іскерлік қатынастарды орнатуға, қазақстандық
тауарлар мен қызметтерді жылжытуға бағытталған.
5-кесте Іскерлік қатынастарды кеңейтуге арналған нысаналы көрсеткіштер
р/с
№
Көрсеткіш атауы
Іске асырылу жылдары
2015
2016
2017
2018
2019
Барл
ығы
1
Шетелге жіберілген кәсіпкерлер саны, бірл.
37
30
30
30
30
157
Салаға көрсетілетін қолдау
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
39
2.3 НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖӘНЕ ЖАППАЙ
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 919 қаулысымен бекітілді.
Бағдарламаның мақсаты:
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды
кәсіпкерлікке тарту.
Бағдарламаның міндеттері:
Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және
кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау
Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша
жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.
Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды
жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау жолымен 2021 жылға қарай
мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:
жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады (2016 жылғы 3-
тоқсан – 4,9 %);
жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш
білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 % (2016 жылғы 3-тоқсан – 27
%);
өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен
қамтылған адамдардың үлесі – 10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-
тоқсан – 16 %);
белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды.
Қаржыландыру көздері және көлемі:
республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат:
o 2017 – 40 295 647 мың теңге;
o 2018 – 67 392 995 мың теңге;
o 2019 – 41 540 291 мың теңге;
жалпы сипаттағы трансферттердің есебінен бөлінетін қаража
т
:
o 2017 – 45 038 436 мың теңге;
o 2018 – 45 311 093 мың теңге;
o 2019 – 45 453 119 мың теңге.
16
Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін
жұмыс мынадай үш бағыт бойынша жүргізілетін болады:
16
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысы
Салаға көрсетілетін қолдау
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
40
Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және
қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының
ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
1-ші бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік
біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету
Бағдарламаның бірінші бағытының операторы Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:
1) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және
кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру
ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне және
оқытудың екідеңгейлі моделінің модульдік бағдарламаларына сәйкес
тегін беріледі.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен
отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу
орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ
азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша
Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
2) Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және
дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.
Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту
кадрларды даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен білім беру
ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы
жүргізіледі.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқу цифрлық сауаттылық дағдыларына,
ағылшын тіліне және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша да
өткізіледі.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар
29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту
орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен
қамтығандар және қысқартылатын жұмыскерлер болып табылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын
студенттер үшін заңнамамен белгіленген мөлшердегі стипендиямен
және жол жүруге материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Тұрғылықты жерінен тыс елді мекендерде оқитын Бағдарламаға
қатысушылар үшін тұруға (тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша
шығыстарды өтеуге) материалдық көмек көзделеді.
2- ші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |