Салаға көрсетілетін қолдау
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
41
"Бастау Бизнес" жобасын іске асыру және қалаларда микрокредит беру
мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
министрлігі және ауылдар мен шағын қалаларда 2018 жылдан бастап "Бастау
Бизнес" жобасын іске асыру және микрокредит беру мәселелері бойынша –
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Бағдарламаның
екінші бағытының операторлары болып табылады.
Бағдарламаның осы бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша Бағдарламаның қатысушыларын
кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
"Бастау Бизнес" жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік
дағдыларына
оқытуға,
оның
ішінде
ауыл
шаруашылығы
кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың
бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан
жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер
мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған
адамдар, 2018 жылдан бастап қала, оның ішінде кіші және шағын қала
тұрғындары "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне
оқытуға қатысушылар болып табылады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан
өтетін Бағдарламаға қатысушылар техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру
тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттер үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде стипендиямен
қамтамасыз етіледі.
2) Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.
Республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджеттер
қаражатынан кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде,
моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске
асыратын
немесе
іске
асыруды
жоспарлайтын
Бағдарламаға
қатысушыларға ұсынылады.
"Кредиттер/микрокредиттер алуға "Бастау Бизнес" жобасында
оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау
кезеңіне жіберілгендер үшін) Бағдарлама қатысушылары басым құқыққа
ие.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында
белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген, халықты жұмыспен қамту
орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі
жұмыспен
қамтыған адамдар, кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмысын жаңадан бастаған
кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың
мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар
болып табылады.