Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының даму мәселелері мен келешегі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
56
«Вторпластполимер» ЖШС ПЭТ қалдықтардан синтетикалық талшық алу
бойынша жабдықты реттеу жұргізіліп жатыр.
Сондай-ақ облыс әкімдігі «KaukoInternational» финдық компаниясының
өкілдерімен электр энергиясын алу арқылы қалдықтарды қайта өңдеу бойынша
жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі туарлы келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 2016 жылы 220,0 мың тонна,
2017 жылы – 311,6 мың тонна ҚТҚ түзілді. ҚТҚ қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды
қоса алғанда) 2016 жылы 3,0%-ды, 2017 жылы – 3,48%-ды құрады.
Облыс аумағында ҚТҚ бөлек жинаумен, сұрыптаумен және өңдеумен
айналысатын 7 кәсіпорын қызмет етеді. ҚТҚ бөлек жинауды ендіру үшін арнайы
контейнерлер орнату мәселелері пысықталуда. Қазір пластик қалдықтарын бөлек
жинау үшін Шымкент қаласында 70 тор контейнерлер орнатылды. Құрамында
сынап шамдарды және құрылғыларды жинау үшін 2049 контейнер, пластик және
полиэтилен қалдықтарын жинау үшін – 100 контейнер орнатылды.
ҚТҚ бөлек жинауды ендіру облыс аудандарында жүргізіліп жатыр.
Түркістан және Мақтаарал ауданының Жетісау қалаларында контейнер
алаңдарында пластикті жинау үшін 16 торлы контейнер орнатылды.
2015 жылы Шымкент қаласында «Технологии 21» ЖШС қалдықтарды
өңдеу кешені (бұдан әрі - ҚӨК) іске қосылды. 2017 жылдың басынан бастап, 157
мың тонна ҚТҚ қабылданды, оның 9%-ы сұрыпталды.
Түркістан қаласында «Ахметов» ЖК полиэтилен, қағаз және картон
қалдықтарын жинаймен және сұрыптаумен айналысады.Қайталама шикізат өзге
ұйымдарға өткізеді.2016 жылғы маусым айында қала әкімдігі және
«VecoPolyEnergy» компаниясы арасында ҚТҚ сұрыптау және өңдеу бойынша
зауыт салу туралы меморандумға қол қойылды. Жобаны МЖӘ шеңберінде іске
асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта жоба ТЭН-і үшін алдын-ала есептеулер
жүргізіліп жатыр. Жобаны жүзеге асырудың жоспарлы мерзімі – 2020 жыл.
Кентау қаласында 2016 жылдан бері «Булегенов» ЖК ҚТҚ полигонында
пластик, пластмасса, полиэтилен, қағаз қалдықтарын сұрыптаумен айналысады.
Пластик қалдықтары тұйіршіктергі өңделеді. Қалған қайталама шикізат өзге
ұйымдарға өткізеді.
Мақтаарал ауданында ҚТҚ полигоны аумағында қалдықтарды пресстеу
жабдығы орнатылған. Пластик қалдықтары қолмен сұрыпталады. Престелген
қайталама шикізат өзге ұйымдарға өткізіледі.
Түлкібас қаласында ТҚҚ сұрыптауды «Омарбеов А.А.» ЖК жүзеге
асырады. Леңгір қаласында «Жанаев» ЖК ҚТҚ сұрыптаумен айналысады.
Сарыағаш ауданында ҚТҚ полигоны аумағында қоқыс қайта өңдеу жабдығын
орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Шымкент қаласында «Green Tehnology Industries» ЖШС штапель
талшықтарын өндіретін ПЭТ-қалдықтарды өңдеу зауытының құрылысын аяқтап
жатыр. Жоспарланған зауыт қуаттылығы – жылына 100 мың тонна ПЭТ-
қалдықтар.
2018 жылдың басында Шымкент қаласында «HillCorparation» ЖШС
пайдаланылған майларды регерациялау әдісімен мотор майларын және жағу
Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының даму мәселелері мен келешегі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
57
материалдарын алу арқылы қайта өңдеу бойынша зауытты іске қосу жоспарлап
отыр. Қуаты –жылына 28 мың тонна қалдық.
Бұдан басқа, Шымкент қаласының экологиялық жағдайын жақсарту
мақсатында облыс әкімдігі «Schneider and Danzey FZC» компаниясының
өкілдерімен қалдықтарды энергия алу арқылы қайта өңдеу бойынша зауыт
құрылысы бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
Астана қаласы аумағында 2016 жылы 394,9 мың тонна, 2017 жылы– 345,4
мың тонна ҚТҚ түзілді. ҚТҚ қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда) 2016
жылы 7,0%-ды, 2017 году– 8,33%-ды құрады.
2017 жылы пластик қалдықтарын бөлек жинау үшін 686 торлы контейнер,
пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды жинау үшін 670 контейнер 670
контейнер, жеке иеліктердегі үйлерден кұлқож қалдықтарды жинау үшін 300
контейнер орнатылды, электронды-тұрмыстық өнімге маманданған сауда
орталықтарында электронды қалдықтарды жинау ұйымдастырылды. 2018 жылы
халық арасында кең үгіттеуді жүргізу арқылы «дымқыл»
(тамақ қалдықтары)
және «құрғақ»
(қағаз, картон, пластик, шыны, металл) екі фаркция бойынша
қалдықтрды бөлек жинауды ендіру жоспарланып отыр. Ол үшін «CleanCityNC»
ЖШС инвесторымен қосымша 30 дана жаңа қоқыс шығару машинасын және ҚТҚ
бөлек жинау үшін 5000 конетйнер сатып алынатын болады.
Астана қаласында 2012 жылдан бастап «KazRecycleService» ЖШС қоқыс
қайта өңдейтін кешен қызмет етеді. Жобалық қуаты жылына 250 мың тонна
қалдықты құрайды. Кешенде органикалық қалдықтарды, қара металл сынықтарын
автоматты
бөлетін
және
қайталама
шикізатты
(ПЭТ-бөтелке,
(полиэтилентерефталат), ПЭ (полиэтилен), макулатура, түсті және қара металл
сынықтары
және
т.б.)
қолмен
сұрыптайтын
2
желі
орналасқан.
2017 жылғы тамызда ҚСК-де кәдеге жаратылмайтын фракцияларды қайта өңдеу
үшін пиролиздік қондырғының 6 реакторы іске қосылды. 2017 жылғы қыркүейте
ҚСК-де пластикті және қағазды қайта өңдейтін цехтар іске қосылды, олар
қалдықтарды қайта өңдеу тереңдігін 8%-дан 15%-ға дейін арттыруға мүмкіндік
береді.
Әкімдік қалдықтарды жинау, шығару, өңдеу және көму бойынша бірыңғай
оператор құруды, сондай-ақ тұрғындарының, мектепке дейінгі балаларда
экологиялық сана-сезімін қалыптастыруға бағытталған үгіт-насихат жүргізу
арқылы қалдықарды түзілу орындарында бөлек жинау жүйесін ендіруді көздейтін
Астана қаласында Қалдықтарды басқару бойынша бағдарлама жобасы әзірленді.
Бағдарламаны2 кезеңмен іске асыру жоспарлануда:
1 кезең 2017 жылдың соңына дейін қосымша технологияларды енгізіп, ҚТҚ
қайта өңдеу тереңдігін 15%-ға дейін жеткізу (ҚТҚ пиролизі технологиясы)
арқылы қолданыстағы қоқысты
қайта өңдеу кешенін жаңғырту;
2 кезең – органикалық қалдықтарды анаэробты ашыту және қоқыс газын
өңдеу арқылы 2019 жылға дейін қалдықтарды өңдеу тереңдігін 75% дейін жеткізу.
Қалған 25% (күл, құм, кәдеге жаратуға келмейтін фракция) полигонға көмуге
жіберіледі.