Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының даму мәселелері мен келешегі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
46
ортада оңай ыдырайтын өнімге алмастыру арқылы кезеңмен шектеу бойынша
мәселе қарастырылып жатыр.
ҚТҚ бөлек жинауды сәтті ендірудегі маңызды рөлді халықтың
экологиялық санасы мен мәдениеті атқарады
. Контейнерлерді орнату бойынша
жүргізіліп жатқан іс-шараларға және түсіндіру және басқа ақпараттық
жұмыстарды өткізуге қарамастан, бүгінгі күні өндірістің және тұтынудың жоғары
деңгейі кезінде халықтың экологиялық мәдениеті, қоршаған ортаға ұқыпты қарау
мәдениеті жоғары емес деңгейде қалып отыр.
Қалдықтарды бөлек жинау ендіріліп жатқан аймақтарда хаылқты бөлек
жинауға үгіттеу, ақпараттық жұмыс белсенді атқарылып жатыр. Мысалы,
Қарағанды қаласындағы «ГорКомТранс города Караганды» ЖШС «құрғақ»
қалдықтарды бөлек жинау, халықпен 1,5 жыл белсенді жұмыс нәтижесінде 1 млн.
АҚШ доллардан астам сомаға қайталама шикізат сатты.
2017 жылдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында қалдықтарды
сұрыптайтын және қайта өңдейтін, өнімнің 20-дан астам түрін: пластик, металл,
ағаш, шыны, қағаз, резеңке қиқым бұйымдарын және резеңкетехникалық
бұйымдарды шығаратын 130 астам кәсіпорын қызмет етеді. Кәсіпорындар
санының артуы байқалады, мысалы 2016 жылы шиналарды қайта өңдейтін және
кәдеге жарататын кәсіпорындар саны 5-тен 13-ке, пайдаланылған майларды 2-ден
8-ге дейін артты. 2017 жылдан бастап ӨКМ орамаға және ЭЖ енгізілгенін ескере
отырып, оларды қайта өңдейтін кәсіпорындардың артуы күтіледі.
Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнаманы жетілдіру, ӨКМ енгізу,
Жол карталарын жүзеге асыру бөліміндегі іске асырылған шаралар қалдықтарды
бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді кезеңмен ендіруге және 2017
жылы ҚТҚ қайта өңдеу үлесін 2016 жылдағы 2,6%-дан 9%-ға дейін жеткізуге
мүмкіндік берді.
Тұжырымдама мақсаттарына жету, 2019 жылдан бастап полигондарда
қалдықтардың кейбір түрлерін, соның ішінде тамақ қалдықтарын көмуге тыйым
салуды қарастыратын экологиялық заңнама нормаларын жүзеге асыру бойынша
шараларды қабылдау, Жол карталарының шараларын жүзеге асыру мақсатында
аймақтарда келесідей жұмыстар атқарылып жатыр.
Ақмола облысында 2016 жылы 281,5 мың тонна ҚТҚ түзілді, 2017 жылы –
234,0 мың тонна. 2016 жылы ҚТҚ 1,02%- сұрыпталды,
2017 жылы– 2,11%.
Бөлек жинауды 2 кәсіпорын жүзеге асырады: «LS Kokshetau» және
«ЭкоСервисБурабай» ЖШС. Көкшетау қаласында «LS Kokshetau» ЖШС 35
металды жабық контейнер орнатылды, қайталама шикізаттың барлық түрін
қабылдайтын екі қабылдау бекеті құрылды. 2017 жылы сұрыпталған қайталама
шикізат көлемі 2,0 мың тоннаны құрады.
Шучье қаласында және Бурабай ауылында «ЭкоСервисБурабай» ЖШС ТҚҚ
бөлек жинау үшін 200 металды жабық және пластикалық және шыны ыдысты
жинау үшін 30 торлы контейнер орнатты. 2017 жылы сұрыпталған қайталама
шикізат көлемі 2,9 мың тоннаны құрады. Аршалы ауданында қалдықтарды
(қағаз,
шыны, пластик) бөлек жинау үшін 4, Целиноград ауданында – 21
(қағаз, шыны,
пластик, металл сынығы) контейнер орнатылды.– 21
(бумага, стекло, пластик,
металлолом).