Қызметтердің сипаттамасы
Қолдау қызметтері
Page 26
Қызметтер көрсету жөніндегі менеджер: Global қызмет көрсету жөніндегі менеджер белгіленген
немесе арнаулы ресурс болады және 5.3.2 тарауында көрсетілгендей Кеңейтілген қызмет көрсету
деңгейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл ресурс бірнеше елге көрсетілетін қызметтерді
үйлестіру және есептерді басқару мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Қызметтерге тән алғы шарттар мен шектеулер:
Тариф айырмашылықтары: Проактивтік және проблеманы шешу бойынша қолдау
қызметтерінің тарифтері елге байланысты өзгеруі мүмкін. Microsoft компаниясы кез
келген тариф айырмашылықтары үшін есеп-шот беру немесе сағат бойынша қызмет
көрсету кезінде елдер арасындағы кез келген тариф айырмашылықтарына қатысты
мәселені шешу үшін сағаттарды өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Қажет болған жағдайда, Office 365 және Microsoft Azure жазылымдары қамтамасыз еткен
ПШҚ барлық белгіленген қолдау орындары үшін қолжетімді болады.
Есепшотты біріктіру: басқа жағдайлар көрсетілмесе, сізге жұмыс тапсырмаңызда
көрсетілген барлық қолдау орындарының төлемдері бойынша тек бір есеп-шот
жіберіледі. Есеп-шот сіз белгілеген қолдау орнына жеткізіледі. Егер болса, салықтар
жеткізілетін қолдау орнына байланысты орнатылады және тиісті түрде есеп-шотыңызға
қосылады. Кез келген қосымша салыққа тек сіз жауаптысыз.
Қолдау орнындағы қолжетімді қызметтерге шектеулер немесе өзгертулер қолданылуы
мүмкін.
Есеп-шотты біріктірудің ерекше жағдайлары: Үндістан республикасына, Жапония,
Қытай халық республикасына, Қытай республикасына (Тайван) және Корея
республикасына көрсетілетін қызметтердің Кәсіпорын қызметтерінің бөлек жұмыс
тапсырмасы болуы және көрсетілген қолдау орнына жеткізілген қызметтердің тізімі
тапсырмада берілуі тиіс. Қызметтер бойынша есеп-шот беріледі және сол елдегі қолдау
орнына жеткізіледі және кез келген жергілікті салық қолданылатын есеп-шотқа
енгізіледі.
5.8 Қосымша ережелер мен шарттар
Premier қызметтерінің барлығы мынадай алғы шарттар мен болжамдар негізінде көрсетіледі:
Сізден біз сұраған проблеманы анықтау және шешу әрекеттерін орындау талап етілуі
мүмкін. Бұларға желіні тіркеу әрекетін орындау, қате туралы хабарларды түсіру, теңшелім
ақпаратын жинау, өнім теңшелімдерін өзгерту, бағдарламалық жасақтаманың жаңа
нұсқаларын немесе жаңа құрамдас бөліктерді орнату немесе процестерді өзгерту
әрекеттері кіруі мүмкін.
Деректеріңіздің сақтық көшірмесін жасауға және апаттық қателер нәтижесінде жоғалған
немесе өзгерген файлдарды қалпына келтіруге сіз жауаптысыз. Сондай-ақ, сіз
бағдарламалық жасақтамаңыз бен деректеріңіздің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғауға
қажетті іс рәсімдерін қолдануға да жауаптысыз.
Жазбаша түрде басқаша көрсетілмесе, барлық қызметтер Жұмысқа тапсырысыңыздағы
тізімде берілген еліңіздегі орындарға қашықтан көрсетіледі. Егер орындар бірнеше елде
анықталса, сіз қызметтерді тағайындалған Жаһандық қызметтер көрсету жөніндегі
менеджерден аласыз және бұған әр жаһандық қызмет көрсету орнындағы Қызметтер
ресурсы кіруі мүмкін. Жұмысқа тапсырыста тағайындалған жаһандық қолдау
орындарыңыздың әрқайсысында көрсетілетін қызметтер сипатталады.
Қызметтердің сипаттамасы
Қолдау қызметтері
Page 27
Жұмыс орындарына бару өзара келісілген және алдын ала төленбеген жағдайда, біз сізге
себепті жолсапар мен қонақ үй шығындарына есепшот жібереміз немесе сіздің
сұрауыңыз бойынша шығындарды жабу үшін Проблеманы шешу бойынша қолдау
сағаттарынан балама санды шегереміз.
Барлық қызметтер жазбаша түрде басқаша келісілмеген жағдайда Microsoft қызметтері
көрсетілетін жерде қолданылатын тілде немесе ағылшын тілінде көрсетіледі.
Жұмысқа тапсырыста, осы Қызметтердің сипаттамасына Қосымшада басқаша көрсетілген
болмаса немесе
http://premier.microsoft.com
мекенжайындағы Microsoft Premier Online
веб-торабында әдейі алынып тасталған болмаса, біз
http://microsoft.com/licensing/contracts
торабында (немесе Microsoft анықтайтын оның
құқығын жалғастыратын торапта) Microsoft ара-тұра жариялап тұратын Өнімдер тізімінде
анықталатын сатуға шығарылған, жалпыға қолжетімді Microsoft өнімдерінің барлық
нұсқаларына қолдау көрсетеміз. Осы Қызметтердің сипаттамасында Ұзартылған жылдам
түзету қолдауы ретінде немесе Жұмысқа тапсырысыңызға тіркелген Қосымшада
сипатталған мұндай қолдауды сатып алмасаңыз, қауіпсіздікпен байланысты емес жылдам
түзету қолдауы
http://support.microsoft.com/lifecycle
торабында анықталған Ұзартылған
қолдау сатысына енген Microsoft өнімдеріне көрсетілмейді.
Тіркелген Қосымшада басқаша ескерілмеген болса, алдын ала шығарылған және бета
нұсқалы өнімдерге қолдау көрсетілмейді.
Барлық қызметтер, соның ішінде Қолдау жұмыс тапсырысыңыздың бір бөлігі ретінде
немесе мерзімінде сатып алынған қандай да бір қосымша қызметтер қолданыстағы
Жұмыс тапсырысыңыздың мерзімі ішінде пайдаланылмаған жағдайда күшінен
айырылады.
Егер сіз қызметтің бір түріне тапсырыс беріп, оны басқа біріне ауыстырғыңыз келсе,
оның балама құнын пайдалануға болатын және Қызметтерді көрсету жөніндегі
менеджеріңізбен келісілген басқа бір қызметке қолдануыңызға болады.
Қызметтер ресурстардың қолжетімділігіне байланысты жоспарланады және ең төменгі
тіркелу деңгейлеріне қол жеткізілмеген жағдайда семинарлар өткізілмеуі мүмкін.
Сіздің сұрауыңыз бойынша, біз проблемаларды талдау үшін сіздің жүйеңізге қашықтан
қосылу арқылы кіреміз. Біздің қызметкерлеріміз тек сіз рұқсат берген жүйелерге кіреді.
Қашықтағы байланыс арқылы көмекті пайдалану үшін, бізге тиісті қол жеткізу мүмкіндігі
мен қажетті жабдықты беруіңіз керек.
Кейбір қызметтерді көрсету үшін реттелетін деректеріңізді сақтауымызды, өңдеуімізді
және кіруімізді талап етуі мүмкін. Бұл әрекетті орындаған кезде деректерді қорғау
саясаттар мен процестерімізге сәйкес Microsoft компаниясы мақұлдаған
технологияларды пайдаланамыз. Егер Microsoft компаниясы мақұлдамаған
технологияларды пайдалануымызды сұрасаңыз, реттелетін деректеріңіздің тұтастығы
мен қауіпсіздігі үшін тек сіз жауапты болатыныңызды және Microsoft мақұлдамаған
технологияларды пайдаланған үшін Microsoft компаниясы жауапты болмайтынын
түсінесіз және келісесіз.
Егер сіз бұрын жоспарланған қызметтен бас тартуды сұрасаңыз, бас тарту немесе қайта
жоспарлау жеткізудің бірінші күнінен кемінде 14 күн бұрын орындалмаса, Microsoft
корпорациясы өз ұйғаруы бойынша бас тарту ақысын қызмет бағасының 100 %-на дейін
шегеруі мүмкін.