Информатика I – нұсқа Компьютер – бұл



жүктеу 240,46 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі240,46 Kb.
#2932

Информатика

Iнұсқа

1. Компьютер – бұл...

a)       сандық ақпаратты өз бетімен өңдеуге арналған құрылғы

b)       ақпаратты сақтауға арналған құрылғы

c)       ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, түрлендіруге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы

d)       ақпараттық қор көздерін басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалық жасақтамалар жиынтығы

2. Ақпаратты енгізу құрылғыларына ... жатады.

a) дисплей, пернетақта, тінтуір

b) басып шығарғыш, дисплей, модем

c) мәтіналғы, пернетақта, тінтуір

d) басып шығарғыш, мәтіналғы, тінтуір



3. Мәтіналғы – бұл ...

a)       қатты тасымалдаушыға, әдетте қағазға, басып шығару құрылғысы

b)       мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге арналған құрылғы

c)       мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы

d)       үздіксіз қоректендіруді қамтамасыз етуге арналған құрылғы

4. Байт – бұл …

a)       1024 бит 

b)       ақпараттың ең үлкен бірлігі 

c)       8 бит 

d)       10 бит

5. Alt, Ctrl, Shift пернелері ... пернелер деп аталады.

a)       түзетуші

b)       жетелік

c)       басқарушы

d)       әмірлік

6. Windows – бұл … 

a)      амалдық жүйе

b)       қосалқы бағдарлама

c)       ортақ міндеттер атқаратын қолданбалы десте

d)       кеңселік бағдарламасы

7. Windows-тың қалыпталған бағдарламалары болып ... саналады.  



a) Paint сызбалық өңдегіші, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint бағдарламалары

b) Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint бағдарламалары

c) Paint сызбалық өңдегіші, Есептегіш, Блокнот, Word Pad, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint бағдарламалары

d) Paint сызбалық өңдегіші,  Есептегіш, Блокнот, Word Pad бағдарламалары

8. “Интерфейс” термині ... деп түсінідіріледі.

a)пайдаланушымен сұхбатты қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі

b) мәтіндік өңдегіштің баспа құрылғысымен байланыс

c) бір қаталогтағы файлдар жиынтығы



d) сызбалық ақпаратты сақтау құрылғысы

9. Файл – бұл ....

a)  амалдық жүйе қотарылатын дискідегі жүйелік аймақ

b) дискідегі немесе басқа ақпарат тасымалдаушыдағы атау берілген аймақ

c) пайдаланушы пайдаланбайтын дискінің немесе басқа машиналық тасымалдаушы бөлігі

d) ақпараттың кез келген типі сақталатын дискінің немесе басқа машиналық тасымалдаушы бөлігі

10. Windows АЖ-сінде файлға қандай атау беруге рұқсат етілген?

a)       нышандар саны шектеусіз кез келген

b)       тек латын әріптерімен ғана берілген кез келген

c)       255 нышаннан аспайтын кез келген

d)       255 нышаннан асатын кез келген

11. Жетектегіш ... үшін қызмет етеді.

a) тек қана дискілермен жұмыс істеу және файлдарды жою

b) тек қана файлдар мен қалталардың атауын өзгерту

c) тек қана файлдар мен қалталарды іздеу

d) файлдар мен қалталарды көшіру, жылжыту, қайта атау және іздеу

12. Әр жерде орналасқан бірнеше файлды ... ерекшелеуге болады.

а) бірінші файлды және Shift пернесін басып тұрып соңғы файлды шертіп

b) Shift пернесін басып тұрып әрбір файлды шертіп

c) бірінші файлды және Ctrl пернесін  басып тұрып соңғы файлды шертіп

d) Ctrl пернесін басып тұрып әрбір файлды шертіп



13. Microsoft Office дестесінің Microsoft Word бағдарламасы қандай қызмет атқарады?

a)                  мәтіндік құжаттарды әзірлеу, қарап шығу, өңдеу және басып шығару 

b)                  электрондық кестелерді әзірлеу

c)                   көрмелерді, яғни сөйлеуге арналған суреттемелерді әзірлеу

d)                  жан бітірімдер, мультимедиалық нысандарды әзірлеу

14. Word  құжатын қандай әмірлер көмегімен ашуға болады?

a)                   Кірістіру – Нысан

b)                  Құралдар – Параметрлер

c)                   Өңдеу – Бәрін бөлектеу

d)                  Файл – Ашу 



15. Word  бағдарламасында емле қателері қандай түспен айрықша көрсетіледі?

a)                   көк

b)                  жасыл

c)                   күлгін

d)                  қызыл

16. Microsoft Excel – бұл …

a)                  кесте түріндегі мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама

b)                  кодтық кестені өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама

c)                   кесте түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде компьютердің қор көздерін басқаратын оның құрылғысы

d)                  компьютердің қор көздерін басқаратын жүйелік бағдарлама

17. Excel бағдарламасындағы өңдеу нысаны қалай аталады?

a)        кітап

b)       парақ

c)        кесте

d)       мәтін

18. Excel бағдарламасы кестесіндегі белсенді ұяшық – бұл ... ұяшық.

a)                   әмірді жазуға арналған ұяшық

b)                  енгізу әмірі орындалатын ұяшықтың атауын қамтитын өрнегі бар ұяшық

c)                   тәуелді ұяшық  мәліметтеріне сілтеме  бар  өрнек

d)                  бөлектелген ұяшық 
19. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында жолдар атауы ... белгіленеді.

a) еркін түрде пайдаланушы тарапынан

b) орыс әліпбиі әріптерімен 

c) латын әліпбиі әріптерімен  

d) сандармен нөмірленіп
20. Бір немесе бірнеше мемлекет аумағында орналасқан желілер қалай аталады?

a)                  формалды

b)                  ғаламдық

c)                  жергілікті

d)                  жаңашыл

21. Үйшік дегеніміз бұл ...

a)                  ақпараттың өлшем бірлігі

b)                  желідегі пайдаланушы компьютерінің мекен-жайын анықтайтын мекен-жай бөлігі

c)                  компьютерлер арасындағы байланысты жүзеге асыратын бағдарлама атауы



22. Internet желісінің форумдарында ... болады.

a)                  электронды хаттарды әзірлеуге және жөнелтуге

b)                  ән тыңдауға

c)                  телефонға СМС хабарламаларын жөнелтуге

d)                  сұрақтар қойып, оларға жауап алуға

23. Internet E-mail  қызметінің міндеті – ...

a)                               компьютерді қашықтан (терминалдық) басқару

b)                               электронды пошта (пошталық сервер)

c)                               тестілеу

d)                               таныстыру

24. Электронды пошта мекен жайындағы @ таңбасына дейін не жазылады?

a)                  пайдаланушының аты

b)                  үйшік атауы

c)                  провайдер атауы

d)                  сервер атауы

25. Internet желісіндегі электронды поштаның usupova@nursat.kz. мекен жайы берілген.  Электронды мекен жай иесінің есімін көрсетіңіз.   

a)                  nursat

b)                  usupova

c)                  nursat.kz

d)                  .kz


II – нұсқа
1. Компьютердің жұмыс істеуі үшін қажет ең аз құрылғылар жинағына ... жатады.

a)       басып шығарғыш, жүйелік қорап, пернетақта



b)      жүйелік қорап, монитор, пернетақта

c)       процессор, тінтуір, монитор

d)      пернетақта, монитор, тінтуір

2. Ақпаратты бейне бетке шығаруға арналған құрылғы – бұл ...

a)       мәтіналғы

b)       басып шығарғыш

c)       монитор

d)       пернетақта



3.  Компьютердің пернетақтасы – бұл …

a)      әріптік-сандық ақпаратты енгізу құрылғысы

b)       сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

c)       әріптік-сандық және сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

d)       еркін қатынас құратын мәліметтерді сақтау құрылғысы

4. Бит - бұл...

a)       логикалық элемент

b)       0 немесе 1 мәнін қабылдайтын ақпараттың ең кіші бірлігі

c)       0 мәнін қабылдайтын ақпараттың ең кіші бірлігі

d)       1 мәнін қабылдайтын ақпараттың ең кіші бірлігі
5. Жүгіргінің  сол жағында тұрған символды ... пернесі жояды.

a)      BackSpace

b)       Delete

c)       ESC

d)       Insert

6. Амалдық жүйе  ...  міндеттерін атқарады.

a)       файлдарды сақтау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету

b)       ақпаратты енгізу/шығару құрылғыларын қосу 

c)       компьютерлер арасында мәліметтер алмасуды ұйымдастыру 

d)      пайдаланушылармен сұхбат ұйымдастыру, компьютердің құрылғылары мен қор көздерін басқару 

7. Блокнот бағдарламасы ... арналған.

a) мөлшері үлкен мәтіндерді теру, .doc кеңейтімі бар құжаттарды қарап шығуға және өңдеуге



b) мөлшері үлкен мәтіндерді теру, .txt кеңейтімі бар құжаттарды қарап шығуға және өңдеуге

c) .bmp типті сызбалық файлдарды қарап шығуға және өңдеуге



d) кеңейтімі .ppt әлдеқашан бар құжаттарды өңдеуге

8. Қалта  – бұл ….

a) пайдаланушының сызбалық тілдесуіндегі бағдарламалар мен файлдарға арналған сауыт

b) каталогтар тармағы

c) жойылған файлдар мен қалталарды орналастыруға арналған сауыт

d) файлдар реттегіші

9. Windows-тың көрсетілген қалыпталған бағдарламаларының қайсысы сызбалық кескіндерді әзірлеуге мүмкіндік береді?                      

a)       Мекен жай кітабы

b)       Блокнот

c)       Word Pad

d)      Paint  

10. Файлдар атауының ұзындығы ... бола алады.

а) бос орынды қамти отырып, 1-ден 255 нышанға дейін

b) 2-ден 187 нышанға дейін

d) 3-тен кем емес нышан

д) нышандар саны шектелмеген

11. Жетектегіш  бағдарламасының сол жақ үстеліндегі қалтаның жанындағы «плюс» таңбасы ... дегенді білдіреді.

a)       қалтада қазіргі сәтте бейне бетте бейнеленбеген ішкі каталогтар бар

b)       қалтада ішкі каталогтор жоқ

c)       қалтада тек қана файлдар бар

d)       қалтада бары Жетектегіш терезесінің оң жақ бөлігінде бейнеленген


12. Windows амалдық жүйесінде файлдың белгіленуі қандай бөліктерден тұрады?

a)      екі бөліктен: атауы және кеңейтімі

b)       екі бөліктен: атауы және үйшік атауы

c)       бір бөліктен: атауы

d)       үш бөліктен: атауы, кеңейтімі және үйшік атауы
13. Word бағдарламасында жасалған құжаттың кеңейтімі қандай болады?

a)       .doc

b)       .ppt

c)       .bmp

d)       .txt

14. Сақтау әмірін Word бағдарламасы мәзірінің қай қосымшасынан табуға болады?

a)                  Файл

b)                  Құралдар

c)                  Өңдеу

d)                  Пішім

15. Word  бағдарламасында емле қателері қандай түспен айрықша көрсетіледі?

a)                   көк

b)                  жасыл

c)                   күлгін

d)                  қызыл

16. Excel бағдарламасын қандай әмірлер көмегімен іске қосуға болады?

a) Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Office Excel

b) Бастау – Бағдарламалар – Windows  каталогы

c) Бастау – Бағдарламалар – Стандартты

d) Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft  Excel

17. Excel бағдарламасы файлының кеңйтімі қандай  болады?

a)      .xls

b)       .doc

c)        .txt

d)       .ppt

18. Excel бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды қалай бөлектеуге болады?

a) бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды шерту арқылы

b) бірінші ұяшықты шертіп, <Shift> пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды шерту арқылы

c)  бірінші ұяшықты шертіп, <Alt> пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды шерту арқылы

d) Өңдеу Өту Бөлектеу әрекеттерін орындау арқылы

19. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында бағандар атауы ... белгіленеді.

a) еркін түрде пайдаланушы тарапынан

b) орыс әліпбиі әріптерімен 

c) латын әліпбиі әріптерімен  

d) сандармен нөмірленіп

20. Браузер (мысалы, Microsoft Internet Explorer) ... болып табылады.

a)                  Internet серверлері

b)                  вирусқа қарсы бағдарламалар

c)                  бағдарлама тілінің трансляторы

d)                  web-беттерді қарап шығу құралы

21. Internet-тегі Қазақстанға тиесілі жоғарғы деңгейлі үйшік атауын көрсетіңіз.

a)                 .kz

b)                .org

c)                 .kaz

d)                .ru


22. Skype бағдарламасының көмегімен болады.

a)                  электронды поштаны қарап шығуға

b)                  электронды беттерді қарап шығуға

c)                  достармен сөйлесіп, хабарлама алмасуға

d)                  қажетті ақпаратты іздеуге

23. Электронды пошта (e-mail) ... жеткізуге мүмкіндік береді.

a)                  тек хабарламаларды ғана

b)                  тек файлдарды ғана

c)                  хабарламалар мен тіркелген файлдарды

d)                  бейнекескінді

24. Электронды пошта мекен жайындағы @ таңбасынан кейін не жазылады?

a)                  үйшік атауы

b)                  пайдаланушының аты

c)                  провайдер атауы

d)                  сервер атауы

25. bks@mail.kz мекен жайының үйшіктік бөлігі қай елді көрсетеді?

a)                   АҚШ

b)                   Ресей

c)                   Қазақстан

d)                   Германия

III - нұсқа
1. Монитор (дисплей)  ... үшін арналған.

a)       компьютерде жұмыс істеу кезінде жиі пайдаланылатын ақпаратты ұдайы сақтау

b)       шеткері құрылғыларды кеңарнаға қосу

c)       берілген бағдарлама бойынша компьютердің жұмысын басқару

d)      мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеу

2. Сызбалық ақпаратты шығару құрылғыларына ... жатады.

a)       мәтіналғы

b)      басып шығарғыш

c)       пернетақта

d)       модем

3. Тінтуір типті манипулятор – бұл…

a)       еркін қатынас құратын мәліметтерді сақтау құрылғысы

b)       сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

c)       әріптік-сандық және сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

d)       басқару құрылғысы

4. Бір килобайт ... тең.

a)       8 байтқа

b)       1 024 байтқа 

c)       1 000 байтқа 

d)       256 байтқа


5. F1 – F12 пернелері ... пернелер деп аталады.

a)       басқарушы

b)       түзетуші

c)       әмірлік

d)      жетелік
6. Жұмыс үстелінде стандартты түрде қандай қосымшаларының белгішелері орналасады?

a)       Менің компьютерім, Себет, Тапсырмалар үстелі, Желілік орта, Internet Explorer, Бастау батырмасы

b)       Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft Power Paint, Желілік орта

c)       Microsoft Word, Microsoft Excel, Желілік орта,  Шығу батырмасы

d)       Менің компьютерім, Себет, Құралдар үстелі 

7. . Word Pad бағдарламасы ... арналған.



a) мөлшері онша үлкен емес құжатты әзірлеу және қарап шығу, кеңейтімі .rtf мәтіндік құжаттарды пішімдеуге және өңдеуге

b) .bmp типті сызбалық файлдарды қарап шығуға және өңдеуге

c) көлемі шектелмеген құжатты әзірлеу және қарап шығу, кеңейтімі .doc мәтіндік құжаттарды, сондай-ақ  кеңейтімі .txt Блокнот бағдарламасының құжаттарын пішімдеуге және өңдеуге

d) кеңейтімі .doc әлдеқашан бар құжаттарды өңдеуге

8. . Іске қосылған Windows бағдарламалары туралы ақпарат жұмыс үстелінің қай жерінде бейнеленеді?

a)       Менің компьютерім терезесінде

b)       Тапсырмалар үстелінде

c)       Бағдарламалар реттегіші терезесінде

d)       Жетектегіш бағдарламасының күй жолында

9. Лақап – бұл …

a) файлдардың иерархиялық құрылымын бейнелейтін бағдарлама

b) компьютерде немесе желіде қатынауға болатын кез келген элементке сілтеме

c) Жетектегіш терезесіндегі файлдардың ұсынылу пішімін басқаратын мәзір әмірі

d) бірден бірнеше файлды немесе қалтаны көшіруге мүмкіндік беретін бағдарлама

10. Қазіргі мезетте пайдаланушы жұмыс істеп отырған каталог ... деп аталады.

a) түпкі


b) ағымдағы

c) негізгі

d) жойылған

11. Қалталар ... арналған. 



a)      файлға оңай қатынауды және өзара байланысты файлдарды орналастыруды ұйымдастыруға

b)       көлемді құжаттарды пішімдеуге және сақтауға

c)       файлдарды жалғастыра жоюға

d)               онша үлкен емес құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, өңдеуге

12. Файлдың (.txt, .doc, .ipg және б.) кеңейтімі нені көрсетеді?

a)       құжат жасалған қосымша типін

b)       файлдың тұрған орнын

c)       файлдың ақпараттық көлемін

d)       файлдың құрылымын

13. Word бағдарламасы терезесінде Файл, Өңдеу, Көрініс және т.б. әмірлер тобы қайда тұрады?

a)       Мәзір жолағында

b)       Стандартты құралдар үстелде

c)       Пішімдеу құралдар үстелінде

d)       Тапсырмалар аймағында
14. Word бағдарламасында мәтінді туралау түрлерінің бәрін атап көрсетіңдер:

a)                   ұзындығы бойынша, сол жақ шеті бойынша, диагоналі бойынша

b)                  сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, ені бойынша

c)                   тігінен, ортасы бойынша, көлденеңінен

d)                  ені бойынша, көлденеңінен

15. Емле және грамматика әмірі Word бағдарламасы мәзір жолағының қай тармағында орналасқан?

a)                   Файл

b)                  Өңдеу

c)                   Көрініс

d)                  Рецензирование

16. Электрондық кесте ... болып табылады.

a)                  нөмірленген жолдар мен латын әліпбиі әріптерімен аталған бағандар жиынтығы

b)                  латын әліпбиі әріптерімен аталған жолдар мен нөмірленген бағандар жиынтығы

c)                   нөмірленген жолдар мен бағандар жиынтығы

d)                  пайдаланушы өз еркімен атау берген жолдар мен бағандар жиынтығы

17. Excel бағдарламасындағы кестенің ең кіші элементі ... болып табылады. 

a)       ұяшық

b)       өрнек

c)        кітап             

18. Excel бағдарламасы кестесіндегі ұяшықтар ауқымын қалай бөлектеуге болады?

a)              бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды шерту арқылы

b)                  бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды шерту арқылы

c)              бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды шерту арқылы

d)             Өңдеу – Өту – Бөлектеу әрекеттерін орындау арқылы
19. «Браузер» түсінігінің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:

a)       Internet қор көздеріне шолу жасау бағдарламасы

b)       электронды пошта

c)       Internet қызметтерін ұсынушы

d)       іздеу сервері

20. Провайдер –  бұл ...

a)                Internet қызметін ұсынушы компания

b)               Компьютерлерді орнату және баптау қызметін орындайтын компания

c)                Internet дүкендері қызметін ұсынушы компания

d)               компьютерлер үшін шеткері құрылғыларды өндіруші компания

21. Skype бағдарламасында сөйлесу үшін ... қажет.

a)                  басып шығарғыш пен мәтіналғы

b)                  CD-ROM

c)                  джойстик

d)                  микрофон мен құлақ қаптар

22. . Internet желісінің көмегімен  ... ұшақ билетіне тапсырыс беруге болады.   

a)                  авиакомпания сайтында

b)                  форумдарда

c)                  чаттарда

d)                  іздеу жүйелерінде


23. Дұрыс жауабын көрсетіңіз. Электронды пошта ...

a)                  жеткізу қызметін ұйымдастырады, пошта жәшіктері, мекенжайы мен хаттары бар

b)                  пайдаланушының пошта мекен жайларының көмегімен хабарламаларды жеткізу қызметін ұйымдастырады

c)                  электронды поштаны жеткізіп беруді ұйымдастырады

d)                  пошта жәшіктерін қолдау және файлдарды жөнелтуді қамтамасыз етеді

24. Internet желісіндегі электронды поштаның usupova@nursat.kz. мекен жайы берілген.  Электронды мекен жай иесінің есімін көрсетіңіз.   

a)                  nursat

b)                  usupova

c)                  nursat.kz

d)                  .kz

25. Электронды хатқа файлды біріктіруге бола ма?

a)                  иә

b)                  жоқ

c)                  егер файл мәтіндік болса, онда болады



d)                  егер файл сызбалық болса, онда болады
жүктеу 240,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау