Қызметтердің сипаттамасы
Қолдау қызметтері
Page 14
Басқарылатын қызметтер: Бұлт бұлттағы АТ ортасын Office 365 және Azure жүйесіндегі
бағдарлама және виртуалды басқару сияқты орталарға арналған қашықтан бақылауды,
өнімділікті оңтайландыруды, деректер басқаруды хостинг жүйесін қамтитын
тапсырмалармен басқаратын қызметтер. Басқарылатын қызметтер қосымша ақы алынатын
және Жұмыс тапсырысыңызда сілтеме жасалған Қосымшада анықталатын қолдау көрсету
қызметтерінің реттелген бағдарламасының бір элементі болуы мүмкін.
Түзету қызметтері: Бағалау қызметі кезінде анықталған тұстарды жөндеу үшін сізбен
бірге жұмыс істейтін Microsoft инженерімен тікелей қарым-қатынас жасау. Оны жалдаудың
ұзақтығы сіздің Жұмысқа тапсырысыңызда күндермен көрсетіледі және сіздің инженерлер
тобымен серіктесе отырып атқарылады.
Білім беру қызметтері
Лекциялар: Дәріс және демонстрациялық пішімде көрсетілетін өнім мен қолдау көрсету
тақырыптарын қамтитын және Microsoft инженері өзі немесе желіде өткізетін қысқа
интерактивті қызметтер, әдеттегі бір күндік сеанстар.
Талап бойынша берілетін білім: Microsoft инженерлері әзірлеген семинарлар
кітапханасынан алынған желіде оқыту материалдарының жинағын алуға берілетін жазылым
қызметі. Жазылымдар әр орынға сатылады.
Веб-трансляциялар: Microsoft компаниясының интернет арқылы қашықтан берілетін
білім беру дәрістері. Веб-трансляцияларды Жұмысқа тапсырыста көрсетілгендей, әр
қатысушыға біреуден немесе компанияңыз үшін арнаулы жеткізілім ретінде сатып алуға
болады.
Семинарлар: Озық деңгейдегі техникалық оқыту дәрістері, Microsoft инженері өзі немесе
желіде өткізетін, қолдау мен Microsoft технологиялары бойынша тақырыптардың кең
ауқымы бар. Семинарларды Жұмысқа тапсырыста көрсетілгендей, әр қатысушыға біреуден
немесе компанияңыз үшін арнаулы жеткізілім ретінде сатып алуға болады. Семинарларды
Microsoft компаниясынан жазбаша рұқсат алмай тұрып жазып алуға болмайды.
Реттемелі белсенді қызметтер: Сіздің шешіміңіз бойынша біздің қызметкерлермен бірге өзі келіп
немесе интернет арқылы осы құжатта басқаша сипатталмаған жұмысты істеу. Бұл жұмыстар
күндермен өлшенеді және бағасы күнмен белгіленеді. Арнайы алдын ала көрсетілетін қызметтердің
басты бағыттары мынадай:
Техникалық қолдау көрсету қызметтері
Оңтайландыру қызметтері
Білім беру қызметтері
Қолдау көмегі: Тиісті жағдайларда алдын ала көрсетілетін қызметтер Қолдау көмегі
сағаттарының саны ретінде сатылуы мүмкін. Бұл сағаттарды жоғарыда аталған бір немесе бірнеше
алдын ала көрсетілетін қызметке, Microsoft қызметтері жөніндегі өкіліңіз ұсынатын ағымдағы баға
бойынша айырбастауға болады. Алдын ала көрсетілетін қызметті жоспарлағаннан кейін біз Қолдау
көмегі сағаттарының қызметтің күнделікті бағасын немесе бекітілген ақысын өтеу үшін ең жақын
сағатқа дөңгелектелген тиісті санын шегереміз. Егер сіз Қолдау көмегінің бір түріне тапсырыс
берсеңіз және оны басқасына ауыстырғыңыз келсе, сіз сатып алынған сағаттарды тиісті жағдайда
және Қызмет көрсету жөніндегі менеджеріңізбен келісілген балама қызметке қолдана аласыз.
Қызметтердің сипаттамасы
Қолдау қызметтері
Page 15
5.3.2 Қызметтердің көрсетілуін басқару
Қызметтердің көрсетілуін басқару
Барлық Premier санатты қолдау бумаларын Қызмет көрсету жөніндегі менеджер (SDM) үйлестіреді
және іске қосады. Кейбір аймақтарда бұл лауазым Техникалық тіркелгі менеджері (TAM) немесе
Қолдау тіркелгісі менеджері (SAM) деп те аталады. Әзірлеушіге арналған Premier санатты қолдау
және әзірлеушіге негізделген бумалар үшін қызметтің көрсетілуін бағдарламаны әзірлеу жөніндегі
менеджер (ADM) басқарады. Оның қызмет көрсетілімін басқару әзірлеу бойынша өндірістік
тәжірибесі мол және әзірлеуші технологияларын жетік түсінеді. Жеткізілімді жоспары, қызмет
көрсету деңгейі және география негізінде анықтауға болады. Жұмысқа тапсырысыңызда басқаша
көрсетілмесе, жеткізу үлгісі тағайындалған, қызмет көрсету деңгейі негізгі болады.
Жеткізу үлгісі
Тауар
Анықтамасы
Жиынтықталған
Қашықта орналасқан тұлғалар тобы орындайды
Тағайындалған
Басқа Microsoft Premier санатты қолдау тұтынушыларына да қызмет
көрсететін аталған тұлға жұмыс орнында немесе қашықтан жартылай уақыт
негізінде қамтамасыз етеді
Арнаулы
Тек бір Microsoft Premier санатты қолдау тұтынушысына назар аударатын
аталған тұлға жұмыс орнында немесе қашықтан қамтамасыз етеді
Қызмет көрсету деңгейі
Тауар
Анықтамасы
Негізгі
Негізгі үйлестіру, оған қоса қызметпен таныстыру, қызметтің көрсетілуін
жоспарлау, қызметке шолулар жасау, қауіпсіздік бойынша аса маңызды
кеңес, оқиғаларды басқару, дағдарысты басқару, ақпараттық қызметтер
және қызмет көрсету жазылымын басқару қамтылған
Стандартты
Барлық Негізгі қызметтер, оған қоса Бастапқы бағалау және түзетуді
жоспарлау қамтылған
Кеңейтілген
Барлық Стандартты қызметтер, оған қоса Microsoft өнімі/Интернеттегі
қызметтердің қолдану мерзімдері туралы хабардарлық, оқиға трендін
талдау мен кеңес беру және процесс бойынша нұсқаулар беру қамтылған
Ауқым мәліметтері
Келесі қызметтерді қызметтердің көрсетілуін басқарудың Негізгі деңгейін сатып алған
тұтынушылар қолдана алады:
Қызметпен таныстыру: Premier қолдау қызметтеріне шолу, оған қоса алдын ала
көрсетілетін қызметтерді таңдау мен жоспарлау жолын түсіндіру және көмек берілген