Испандиярова А. Т., Мукашева Р. А



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет21/38
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14746
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38

 
68 
9. Жіктелмейтін сөзді көрсетіңіз: 
А) делдал; 
В) есепші; 
С) дағдарыс; 
Д) көрермен; 
Е) тыңдарман. 
10. Жіктік жалғаулы сөзді көрсетіңіз: 
А) абайсыз; 
В) қолайсыз; 
С) қалайсыз; 
Д) күнәсыз; 
Е) опасыз. 
Глоссарий 
          Мінез-әр адамға тән, лайық психикалық қасиеттер жиынтығы.  
Мінез-құлық  –  адамның  іс-әрекетінен,  жүріс-тұрысынан  байқалатын 
өзіндік қасиет. 
Мінезді – мінезі нашар. 
Мінезсіз – өзіндік жағымды мінезі бар. 
Келбет – түр-тұрпат, кейіп, кескін. 
Келбетті – көрікті, ажарлы. 
Келбетсіз – көріксіз, ұсқынсыз. 
Мәдениет-  адамзаттың  өндірістік,  қоғамдық  және  ақыл-ой  жетістігінің 
жиынтығы. 
Мәдениетті – мәдениеті  жоғары, мәдени дәрежесі дамыған. 
Талғам – бір нәрсеге деген ұнамды көзқарас. 
Әдеп –  халықтың әдет-ғұрпында қалыптасқан этикалық тәртіп. 
Дос – сырлас, жора-жолдас, жақын адам. 
 Оқылым  
 
Ұлттық заманауи киім үлгілері 
 
Тыңдаймыз. Оқимыз 
 
Сөздік  қор 
Сырт  киім,  тон,  ішік,  былғары,  киім,  бешпент,  шапан,  бас 
киім, тымақ, бөрік, аяқ киім, етік, сәнді киім, етек, жең, білезік, шашбар, 
моншақ,  белдік,  әшекей,  зергерлік  бұйымдар,  сән,  өлшем,  тәсіл,  іс  – 
қимыл  бейнесі,  әлеуметтік  құбылыс,  талғам,  классикалық,  спорттық, 


 
69 
ұлттық,  заманауи,  жұмысқа  арналған,  тік  тар  белдемше,  тұрақты, 
жұмысқа  ыңғайлы,  көненің  құндылықтары,  күнделікті  және  әлеуметтік 
тіршілігіне,  мақта,  жүн,  синтетика,  жібек,  барқыт  маталары,  етек-жеңі, 
бағалы тастар, ыңғайлы әдемі киім, ресми жиналыстар
 
 
Ой түрткі  
  -Сіз  қандай киім үлгілерін ұнатасыз? 
 - Қазіргі заманның киім үлгілері қандай? 
 -Сіз соңғы  сәнмен киінуге тырысасыз ба? 
- Сіздің ойыңызша, студент жастар көбінесе қандай киімді таңдайды?  
 
1.Сурет бойынша әңгімелесіңіздер. 
 
                                                                     
                                                               Тыңдаймыз. Оқимыз.
 
Мәтінді таспадан тыңдап, түсінгеніңізді әңгімелеңіз. 
                                    Ұлттық заманауи киім үлгілері 
    Сән ( modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – 
белгілі бір талғамның уақытша басым болуы.  Сән – әлеуметтік құбылыс. 
Стиль  (styios  деген  грек  сөзі)  –  мәнер,  сипат,  ерекшелік.    Киімнің 
классикалық,  спорттық,  ұлттық,  заманауи,  жұмысқа  арналған  және  тағы 
басқа  түрлері  көп.  Киім  адамның жас  ерекшелігіне  қарай  бірнеше  түрге 
бөлінеді:  бала  киімі,  жасөспірімдер  киімі,  ересектер  киімі,  ресми  және 
ұлттық киімдер. 
 
    Классикалық  (қатаң,  іскерлік,  элегантты)  стиль  –  келісті,  іскерлі, 
элегантты,  өзгермейтін  стиль.  Классикалық  стильдегі  заттар  –  ағылшын 
жакеті,  тік  тар  белдемше,  шалбарлар  және  т.б.  оған  ғасырлар  бойы  ең 


 
70 
тұрақты,  «таңдамалы»,  «сәннен  тыс»  өзгермейтін  сән  үлгілері 
жатады.Романтикалық  стиль  –  бұл  «қиял»,  «еске  алу»,  «ізденістер» 
саласы,  тарихи  костюмге  меңзейді  және  оның  пішімін,  сәндік  әрлеуін 
алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, 
жиектерді  пайдаланады.Спорттық  стиль  –(спорт  үшін  міндетті  емес) 
қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат 
үшін ыңғайлы киімдер). 
 
 
 
 
 
   Қазақстанның 
қазіргі 
сәнгерлері 
(модельлер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін 
сақтап,  дамытуда,  көненің  құндылықтарын 
біздің 
замандастарымызға 
жеткізуге 
тырысады.    Киім  –  адамның   күнделікті және  әлеуметтік  тіршілігіне  аса 
қажетті  бұйым.  Киім  адамға  эстетикалық  сән  береді.  Жапырақ  ағашқа 
көрік  берсе,  киім  адамға  көрік  береді  және  оның  ыстық,  суықтан, 
жауыннан  қорғайды.  Киім  мақта,  жүн,  синтетика,  жібек,  барқыт 
маталарынан тігіледі. Киім-белгілі бір ұлттың, мідениеттің бет- бейнесін 
көрсетіп  тұратын  ғажайып  дүние.  Қазақ  халқының  ұлттық  киімдері- 
оның  тарихы  мен  мәдениеті,  салт-дәстүрінің  белгісі.  Ұлттық  киімдердің 
етек-жеңіне ою-өрнек салынады. Киімге бағалы тастар тағылады. 
 
     XIX  ғасырдың  аяғы  мен    XX  ғасырдың  басында  мәдениет,  өндіріс, 
экономика  дамыды.  Осыған  байланысты  саудагерлер  шетелдің  сәнді 
киімдерінің  үлгілерін  әкеле  бастады.  Қазіргі  кезде  адамдар  жұмыс 
орындары мен мекемелерде костюм-шалбар, жағасы бар жейде, галстук, 
көйлектер  сияқты  киімдерді  киеді.  Бүгінде  сәнгер-  дизайнерлер  жаңа 
заманға  сай  ыңғайлы  әдемі  киім  үлгілерін  ұсынуда.  Қызметкерлер 
салтанатты  кештерге,  ресми  жиналыстар  мен  кездесулерге  сәнді  әрі 
талғаммен киінеді. 
                                                                                                              
Жазамыз
 
1. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз.  
    Киімнің ......  тағы басқа түрлері көп.   Қазақстанның қазіргі сәнгерлері 
(модельлер)  ...........  көненің  құндылықтарын  біздің  замандастарымызға 
жеткізуге  тырысады.  .......      эстетикалық  сән  береді.    .........  етек-жеңіне 
ою-өрнек  салынады.  Киім  ........      маталарынан  тігіледі.  XIX  ғасырдың 
аяғы  мен    XX  ғасырдың  басында  ......  .  Қазіргі  кезде  адамдар  жұмыс 
орындары  мен  мекемелерде  ......  .  Бүгінде  сәнгер-  дизайнерлер  жаңа 
заманға  сай  ......  .  Киім  адамның  жас  ерекшелігіне  қарай  бірнеше  түрге 
бөлінеді:  ..........  .  Романтикалық  стиль  –  бұл  .........    сәндік  әрлеуін  алып 
пайдаланады.  Классикалық  стильдегі  заттар  –  ағылшын  жакеті,  тік  тар 
белдемше, шалбарлар және  ....... . 
 
2.Етістіктерді  мәтіннен  тауып,  қай  шақта  тұрғанын  анықтаңыз. 
Қарапайым сөйлем құрыңыз.  
  
Жапырақ  ағашқа  көрік 
берсе,  киім  адамға  көрік 
береді 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау