Испандиярова А. Т., Мукашева Р. А



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/38
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14746
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38

 
31 
сау,  салауатты  өмір  салтын  ұстанатын  жас  ұрпақ  тәрбиелеу  өз 
қолымызда. 
            Салауатты  өмір  салты  мен  өмір  сүру  үшін  төмендегі  талапты 
орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың 
маңызы зор. 
 
1. айқын жасалған күн тәртібінің болуы 
2. дұрыс тамақтану 
3. дұрыс тынығу 
4. дене еңбегімен шұғылдану 
5. таза ауада болып, күн көзінде серуендеу 
6. табиғат аясында болу 
7. дұрыс қозғалыста болуы 
8. зиянды әрекеттерден сақтану 
 Мысалы,  «Өмір  қозғалысты  талап  етеді»  деп  Аристотель  айтқандай, 
адамда  қозғалыссыз  өмір  жоқ.  Мұны  әркім  білуі  тиіс,  ұзақ  өмір  сүргің 
келсе  қимыл  қозғалыста  болу  керек.  Адамдарда  аз  қозғалудың 
нәтижесінде  аурушандық  пайда  болады.  Салауаттылық  –  саулық  кепілі, 
ал саулық – байлық негізі. 
      Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен 
шығармайық! 
      Өміріміз  –  өз  қолымызда.  Біздің  бақытымыздың  оннан  тоғызы 
денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте 
оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! 
      Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!  
 
Сөйлесеміз 
Мәтін бойынша ой алмасу 
Оқылым бойынша тапсырмалар: 
1. Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында 
денсаулыққа байланысты қалай айтқан? 
2.Не себепті қай  халықтың болса да болашағы жастардың денсаулығына 
тікелей байланысты дейміз? 
3.Салауатты өмір салты мен өмір сүру  үшін  қандай талаптарды орындау 
керек? 
4.Азаматты жұтатын аждаһа деп нелерді айтамыз? 
 
 
Мәтінді оқыңыздар 
Оқылым №2 
Түсініп оқу.  
Тақырыпты анықтау/іздеп оқу. 


 
32 
Мәтінге сұрақтар қою. 
 
Адамның  денсаулығы  –  қоғам  байлығы.  Әрбір  адам  өз  денсаулығының 
мықты  болу  жолдарын  қарастыру  керек.  Дені  сау  адамның  көңіл-күйі 
көтеріңкі  болып,  еңбекке  әрқашан  құлшына  кіріседі.  Халқымыз  «Дені 
саудың  –  жаны  сау»  деп  орынды  айтқан.  Отанымыздың  келешегі, 
көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.  
          Қараңғы  үйге  кіріп  келіп  шам  жақсаңыз,  шам  үйді  жарық  қылады. 
Көп қызыл гүлдің  ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де 
өмірімізді  жарық  қылатын,  жан-жағымызға  тамаша  сәулесін  шашатын, 
өмірдегі  басты  байлық  –  денсаулық.  Денсаулық  –  бұл  адамның  еңбекке 
белсенді  болуы,  әрі  ұзақ  өмір  сүруі,  тәннің  саулығын  және  рухани 
саулығын сезіну. Жеке бас тазалығының ережелері: 
- Күнделікті бір  уақытта тұр, бөлмеңді  желдетіп ал да, дене шынықтыру 
жаттығуын жаса; 
-  Ерте  тісіңді  тазалап,  беті-қолыңды,  мойның  мен  құлағыңды  жу;  
-  Ұйықтар  алдында  жуынып,  бөлмеңді  желдетіп  алуды  ұмытпа;  
- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін міндетті түрде қолыңды жу; 
-  Бет  орамал  пайдалан,  мұрныңның  әрқашан  таза  болуына  көңіл  бөл;  
-    Түшкірген,  жөтелген  кезде  мұрның  мен  аузыңды  бет  орамалмен 
жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел; 
-  Шашыңды  дұрыстап  күт:  уақытылы  тара,  буып  немесе  өріп  қой;  
- Төсегіңді  жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді 
қадап,  бәтеңкеңді  тазалау  –  бұл  әркімнің-ақ  қолынан  келетін  іс; 
Ал 
қонаққа 
барарда 
жарасымды 
да 
сәнді 
киінген 
жөн;  
-  Үйден  шығарда  сырт  бейнеңді  айнаға  қарап  түзеуге  әдеттен;  

Аяқ 
киіміңді 
күтіп 
киіп 
үйрен, 
тазалауға 
уақыт 
бөл;  
-  Өзің  отыратын  орынның  тазалығын  қадағалап,  шаңын  сүрт;  
-  Кітап  –  дәптеріңді  пайдаланып  болған  соң,  орнына  қой;  
-  Ине-жіп,  қайшы,  тарақ,  кітапша  сияқты  заттардың  өз  орнынан 
табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой. 
Тері  тазалығы  –  адам денсаулығының  кепілінің  бірі.  Ыстық сумен 
және  сабынмен  жуынған  жағдайда  ғана  теріні  түрлі  микробтар  мен  лас 
нәрселерден  айықтырып,  тазартуға  болады.  Адам  терісінің  ең  өсімтал 
бөлігі  –  шаш  пен  тырнақ.  Ол  адамның  миын  күн  сәулесі  мен  суықтан 
сақтайды.  Әр  шаштың  өзінің  өмір сүру  мерзімі  бар.  Шаш  сырт  көзге  өз 
қалпын  сақтап  тұрғанға  ұқсағанмен,  шын  мәнінде  күніне  100  тал  шаш 
түсіп,  100  тал  шығып  отырады.  Шашты  аптасына  1  рет  жуған  жөн.  Өте 
суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. 
 
2-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз. 
-  Мұқа, сізді сексеннің сеңгіріне келді деп ешкім айтпайды, әлі жап- 
жассыз. Мұның сыры неде? Бізге де айтыңызшы. 


 
33 
- Оның сыры көп. Ең алдымен, салауатты өмір салтын ұстану керек. 



 
Жазылым. 
 
3-тапсырма. Мақалдың мағынасын түсіндіріп жазыңыз. 
 
Бірінші байлық – денсаулық;  Екінші байлық – ақ жаулық; Үшінші 
байлық – он саулық. 
 
4-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрыстырыңыз. 
 
Аурудың алдын алу, темекі шекпеу, зиянды әдеттерден аулақ болу, 
таза  ауада  серуендеу,  спортпен  шұғылдану,  салқын  сумен  жуыну, 
тамақты уақытында ішу, хауызда жүзу, денсаулықты жақсарту. 
 
5-тапсырма. Cөзжұмбақты шешіңіз. 
 
 
 
 
 
 
С   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Л   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
У   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Т   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Т   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ы   
 
 
 
 
 
 
1. Денсаулық кепілі. 
2. Спортпен шұғылданатын орын. 
3. Спорт құралы. 
4. Бірінші байлық. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау