Испандиярова А. Т., Мукашева Р. А



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/38
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14746
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38

 
25 
Қымызмұрындық - қымыз ашыту 
маусымының 
басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары 
бірін-бірі 
шақырысып,  қымыз  ішер  алдында  арнайы дастарқаннан тамақ  жеседі. 
Қымызмұрындыққа  шақырған  үй  иелеріне  ауыл  ақсақалдары ақ 
батасын береді.  Қазақтарда жылу  жинау әдет-ғұрпы  да  бар  болатын. 
Оның  мәні  кездейсоқ жағдайда үйі  өртеніп  кеткен  немесе  дұшпанның 
шабуылынан,  қатал  қыстың  ауыртпалығынан,  су  тасқынынан,  аштықтан 
зардап  шеккен отбасыларына ауылдас  немесе  туысқан  адамдардың 
көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алдына 
қолдарынан 
келгенінше мал салып 
береді, 
киім-кешек, 
көрпе-
төсек, ыдыс-аяқ жағынан  көмек  көрсетеді,  бастарына шаңырақ көтеруіне 
жәрдемдеседі.  Мұның  өзі  зардап  шегіп,  қиналған  ағайынға  жаны 
ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. 
Дала  тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының  бірі  — асар.  Онда 
ауыл  тұрғындары  ешқандай  ақы  алмастан  бірлесе  жұмылып,  біреудің 
белгілі 
бір жұмысын бітіріп 
береді. 
Мәселен, 
олар 
біреудің 
қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын 
қазып  беруге  жұмыла  көмектеседі.  Асар  ауылдас  отырған  рулас 
адамдардың туысқандығы мен ынтымақ бірлігінің жарқын көрінісі болып 
табылады.  
Екі 
қазақ 
кездесе 
қалғанда 
жасы 
кішісі 
жасы 
үлкеніне 
«Ассаламағалейқұм!»  деп  бірінші  болып сәлем береді.  Жасы  үлкен  кісі 
оған  «Уағалайқұмассалам!»  деп  жауап  қатады.  Тек  содан  кейін  ғана 
егжей-тегжейлі  аман-саулық  сұрасады.  Бұлай сәлемдесу бірін-бірі  тіпті 
танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады. 
Жас  келіндер  ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі  ретінде  күйеуінің 
жақын  туысының  атын  атамаған.  Күйеуінің әкесі мен шешесін ата,  ене 
деп  атаған.  Күйеуінің  іні-қарындастарын шырақ,  жарқын,  айнаш,  гүлім, 
бауырым деп  еркелете  ат  қоятын.  Өзге  туысқандарына  да  жаңа  әрі 
жарасымды ат ойлап табатын. 
Отағасы 
үйде 
жоқ 
кезде 
ересек 
ер 
адамның 
үйге 
түсуіне рұқсат етілмеген.  Қазақ  даласының  мызғымас  заңы,  міне, 
осындай  еді.  Қазақтар  үйге бас сұғар  алдында  қару-жарағын  әрқашан 
тыста қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап кіруге де болмайтын. 
 Ауыл 
ақсақалдары тамақ үстінде 
үлкен 
табақтан 
жасы 
кішілерге асату жасайтын.  Егер  кімде-кім  әлдебір  жаңа киім кие  қалса, 
бағалы 
затқа 
ие 
болса, 
оған 
жақын 
туыстарының, 
дос-
жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы болған. 
        Дала 
тұрғындары 
бір-біріне 
қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын әдет-ғұрыпта 
болған. 
Қуанышты  хабар  жеткізген  адамға  жақсы  сыйлық  жасалатын. Саят 


 
26 
құру кезінде  жас аңшы бағалы  олжасын  өзімен  бірге  аңға  шыққан 
адамдардың 
жасы 
үлкен 
ақсақалына 
байлайтын. 
Ол 
мұны дәстүр бойынша өз еркімен жасаған. 
 
Жазамыз. Оқимыз. 
1.  Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз. 
    Көптеген 
ғасырлардың 
барысында қазақтардың өзіндік 
бірегей .............. 
   Ал  би  қонақжайлылық  әдет-ғұрыпты  бұзған  үй  иесіне................ 
Қазақтардың 
және 
бір 
жақсы 
............ 
ерулік беру. 
Ауыл 
ақсақалдары тамақ үстінде 
үлкен 
табақтан 
жасы 
кішілерге .................
 
Күйеуінің  .............ата,  ене  деп  атаған.  Күйеуінің  іні-
қарындастарын ..............деп  еркелете  ат  қоятын.  Өзге  ............  жаңа  әрі 
жарасымды  ат  ойлап  табатын.  .................- қымыз ашыту  маусымының 
басталуына байланысты әдет-ғұрып.  
2.  Мәтіндегі етістіктердің орыс тіліндегі баламасын тауып, сөйлем 
құрыңыз
      Қонақасы 
беру,сүйінші 
сұрау,қамқорлық 
жасау, 
рұқсат 
етпеу,шаңырақ  көтеру,  зардап  шегу,байғазы  беру,бата  беру,  ерекше 
құрметтеу,ниет  білдіру,ат  ойлап  табу,жұмыла  көмектесу,өз  еркімен 
жасау,сирек ұшырасады,айып салу. 
3.  Сұрақтарға мәтін бойынша  жауап беріңіз. 
    Жаңа  туған  нәрестенің  құрметіне  жасалатын  ойын  -  сауық,  той  атауы  
қалай  аталады?    Сәбидің  алтын  ұясы  болып  есептелетін  салт  қалай 
аталады?    Сәбидің  жан  -  жүйесінің  қалыптасып  дені  сау  болып  өсуіне 
деген  ақ  тілектен  шыққан  салт  қалай  аталады?      Сонымен  бірге  бала 
есімін  беделді  кісілерге  қойғызып  батасын  алған  ғұрып  қалай  аталады?  
Балалардың  төбе  шашын  ұзартып  өсіріп  қою  қалай  аталады?    Жанды 
нәрсеге  берілетін  сый?  Жансыз  нәрсеге  берілетін  сый?  Қиын  жағдайға 
тап  болған  адамға  ақысыз  берілетін  мал-мүлік  қалай  аталады?  Ауылға 
жаңадан  көшіп  келген  отбасыға  көрсетілетін  құрмет?  Алыс  сапардан 
келген  жолаушының  әкелетін  сыйы?  Той-мерекеге  келе  алмай  қалған 
адамға  беріліп  жіберілетін  кәде  қалай  аталады?  Үйге  бас  сұққан  адамға 
берілетін  дәм?  Қуанышты  хабар  айтқан  адамға  берілетін  сый?  Қонаққа 
берілетін ас? 
 
4.  «Маған  ұнайтын  қазақтың  салт  –  дәстүрі»  тақырыбына  эссе 
жазыңыз. 


 
27 
 
Жазамыз. 
5. Мәтіннен тәуелдік, септік, жіктік, көптік жалғаулары бар сөздерді 
теріп жазыңыз. 
Грамматика 
6.Берілген сөйлемнен құрмалас сөйлемді тауып, синтаксистік талдау 
жасаңыз. 
 
Шілдехана  думанды,  қызықты  өтеді  және  де  ұлттық ойындар  ойналады. 
Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Мерекелік дастарқан жайылады 
және бесікке салған адамға кәде беріледі. Әрбір халықтың салт - дәстүрі 
ұлттық рухани құндылығы болып саналады 
Сөйлейміз. 
 Салт - дәстүрлер бойынша жағдаят  құрастырып, екеуара сөйлесіңіз. 
 Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1.Бата  аяқ,  қарғыбау  немесе  үкіқағар,  кит  кигізу,  ұрын  бару,  қыз  қашар, 
желі тарту, есік ашар, т.б. ырымдар қай кезде жасалады? 
2. Ат тергеу дегенді қалай түсінесіз? 
3.Жылу, немеурін, үме, асар деген не? 
4.  Қоштасу,  кешірім  сұрау.  Естірту,  жұбату,  көңіл  айту,  жоқтау,  ас  беру 
т.б. қай кезде өткізіледі? 
 
Ойбөліс.  
 
Салт – дәстүрлер бүгінгі қоғамға керек пе? Неге? 
«Салт  -  дәстүрді  дәріптеудегі  кейбір  мәселелер  жастар  көзімен» 
«Қыз  ұзатып,  келін  түсіру  салттарындағы  кейбір  мәселелер» 
«Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрдің маңызы»  
Глоссарий 
     Сүйінші-    Қуанышты  хабар  жеткізуші  адам  Сүйінші!  Сүйінші!  деп 
келеді.  Мұндайда  қуанған  үй  иесі  қалағаныңды  ал,-  дейді.  Немесе  оған 
риза  болатындай  сыйлық  ұсынады.  Бұл  шын  қуанудың,  ризашылықтың 
белгісі.
 
    Шашу-  Қуаныш  айғағы  ретінде  жасалатын  салтанаты  дәстүр.  Бала 
дүниеге  келгенде,  келін  түскенде,  құда  келгенде,  осындай  қуанышты 
күндерде тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау