Іскерлік этика Кодексі


ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата24.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24891
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7

 

 

ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат 

Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

медицина университеті» ШЖҚ РМК 

 

Күні: 

24.02.2017 

 

Басылым: 

Үшінші 

Іскерлік этика Кодексі 

К БҚММУ 

01 

18-беттің 

4-беті 

 

3)  лауазымдық міндеттерін орындау кезіндегі бастамашылығы мен белсенділігін; 



4)  тәртіптілігі мен жауапкершілігін; 

5)  қызметкерлер арасында бір-бірлерін өзара қолдауларын; 

6)  университеттің жас мамандарына  көмектесулерін бағалайды. 

12.  Университеттің 

қызметі  Іскерлік  этика  мен  мінез-құлық  ережелерінің 

талаптарының  сақталуы  негізінде  құрылған  Кәсіпорын  мен  барлық  Мүдделі  тұлғалардың  

қарым-қатынастарына негізделген. 

13.  Кодексте мынадай түсініктер мен терминдер қолданылады: 



Уәкілетті  орган  –  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік 

даму министрлігі; 



Іскерлік  этика  –  Университет,  оның    Лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  өз 

қызметінде  басшылыққа  алатын  іскерлік  мінез-құлықтың  этикалық  қағидалары  мен 

нормаларының жиынтығы; 

Лауазымды тұлға – Қадағалау кеңесінің мүшесі және/немесе Кәсіпорын басшылығы; 

Мүдделі тұлға – бұл университет онымен шарттық қатынастарға түскен немесе түсуге 

ниетті    жеке  және    заңды  тұлғалар,    сондай-ақ    университеттке  байланысты  мәмілелерге 

қатысы бар  тұлғалар. 

Заңнама  –  белгіленген  тәртіпте  қабылданған  Қазақстан  Республикасы  нормативтік 

құқықтық актілерінің жиынтығы; 



Мүдделер  қақтығысы  –  Университет  қызметкерінің  жеке  басы  мүдделерінің  оның 

ШЖҚ РМК қатысты міндеттерімен келіспеушілігі кезіндегі және университет Қызметкерінің 

жеке  басының  мүдделілігі  оның  өз  лауазымдық  міндеттерін  қалтқысыз  орындауына  әсер 

ететін немесе әсер етуі мүмкін  жағдайлар; 



Корпоративтік  мәдениет  -  Университет  үшін  ерекше  құндылықтар  мен  қағидалар, 

іскерлік өзара қарым-қатынастың этикалық нормалары, мінез-құлық нормалары; 



Корпоративтік  қақтығыс  –  Жалғыз  қатысушы  мен  Кәсіпорын  органдарының 

арасында  туындаған  келіспеушіліктер  немесе  даулар  немесе  мынадай  салдарлардың  біріне 

алып  келетін  немесе  алып  келуі  мүмкін  Кәсіпорын  органдарының  арасындағы  

келіспеушіліктер немесе даулар: 

-  Қолданыстағы  заңнаманың,  университет  Жарғысының  немесе  ішкі  құжаттары 

нормаларының,  Жалғыз қатысушы құқықтарының бұзылуы; 

-  Кәсіпорынға қойылатын талаптар. 

Әлеуметтік  жауапкершілік  -  Университеттің,  мемлекет  пен  қоғамның  өзара 

мүдделеріне жауап беретін жеке өзі қабылдаған міндеттемелердің орындалуы; 



Қызметкер – Университетпен еңбек қарым-қатынастарында тұрған және еңбек шарты 

бойынша жұмысты тікелей орындаушы  жеке тұлға; 



Корпоративтік 

қақтығыстарды 

реттеу 

– 

корпоративтік 



қақтығыстардан 

сақтандыруға немесе оны шешуге бағытталған рәсімдер кешенін жүзге асыру. 

 

2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 

 

14.  Университет  уәкілетті  органмен,  мемлекеттік  органдармен,  Университеттің 

Лауазымды  тұлғаларымен  және  Қызметкерлерімен,  әріптестерімен,  басқа  да  мүдделі 

тұлғалармен,  тұтастай  алғанда  университетпен  өзара  қарым-қатынаста  стратегиялық 

маңызды  корпоративтік  шешімдер  қабылдаудағы  сияқты  университеттің  Лауазымды 

тұлғалары  мен  Қызметкерлері  күнделікті  жұмыста  кез  болатын  жағдайларда  да  осы 

Кодекстің талаптарын  қабылдайды және ұстанады.  

15.  Университеттің  қызметі  қалыптасатын  негіз  қалаушы  корпоративтік  құндылықтар 

оның қызметкерлерінің парасаттылығы, сенімділігі және кәсіби шеберліктері, қызметтерінің 



 

 

ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат 

Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

медицина университеті» ШЖҚ РМК 

 

Күні: 

24.02.2017 

 

Басылым: 

Үшінші 

Іскерлік этика Кодексі 

К БҚММУ 

01 

18-беттің 

5-беті 

 

тиімділігі,  өзара  көмегі,  бір-біріне,  мүдделі  тұлғаларға  және  тұтастай  университетке  деген 



құрметі болып табылады. 

16.  Университеттің негіз қалаушы корпоративтік  қағидалары: 

1)  Құзыреттілік  және  кәсіби  шеберлік  –  Университет  қызметкерінің  тиісті  білімі, 

жұмыс тәжірибесі, салмақты және жауапты шешімдер қабылдай білуі қажет. Университет өз 

қызметкерлерінің кәсіби білімі мен дағдыларының деңгейін көтеру, кәсіби, шығармашылық 

қабілеттерін іске асыру, мансаптық өсу әлеуеті мен мүмкіндіктерін дамыту үшін  жағдайдар 

жасайды; 

2)  Патриотизм – Университетке мемлекет тарапынан жүктелген  жоғары сенім және 

оның    әлеуіметтік    жауапкершілігі  патриотизм  және  денсаулық  сақтау  жүйесін  дамытуға 

ықпал ету сезімін тудырады; 

3)  Ашықтық  –  Университет  өзі  туралы  ақпараттың,  оның  жетістіктері  мен  қызметі 

нәтижелерінің  барынша  жоғары  ашықтығына,  нақтылығына  және  сенімділігіне  ұмтылады. 

Университет  уәкілетті  орган  мен  әріптестерін  істің  жай-күйі  туралы  уақытында  хабардар 

етуге,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  есептілік  пен  есепке  алу  сапасын 

жақсартудың  негізінде  ақпараттың  ашықтығы  мен  қолжетімдігін  арттыруға  ұмтылады. 

Сонымен  қатар,  Кәсіпорын  коммерциялық  және  қызметтік  құпиядан  тұратын  ақпараттың 

және мәліметтердің жария етілмеуін қадағалайды; 

4)  Жауапкершілік  және  адалдық  –  Университет  Қазақстан  Республикасының 

талаптарымен,  шарттық  қарым-қатынастармен  белгіленген  өзіне  алған  міндеттемелерге,  

іскерлік айналым  салттарына және моральдық-адамгершілік қағидаларға жауапкершілікпен 

және  адал  қарайды.  Университет  мемлекет  алдында  өзінің  Әлеуметтік  жауапкершілігін 

құрады; 

5)  Әділдік және парасаттылық – Университет қызметі мен оның іскерлік беделінің 

негізі  Университеттің  жеке  мүддесі  мен  кәсіби  қызметі  арасындағы  қақтығысқа  жол 

бермейді.  Алдау,  үндемеу  және  өтірік  айту  Университеттің  Лауазымды  тұлғасының, 

Қызметкерінің  мәртебесімен сәйкес келмейді; 

6)  Тұлғаны  құрметтеу  –  Университеттің  Лауазымды  тұлғасының,  Қызметкерінің 

өзінің  лауазымына,  жұмыс  орнына,  атқаратын  қызметтік  және  жұмыс  міндеттеріне 

қарамастан  басшылыққа  алатын  негізгі  қағидасы.  Тұлғаны  құрметтеу  қағидаларын  өзара 

сақтау  Қызметкерге  қатысты  Лауазымды  тұлға  үшін  де,  Лауазымды  тұлғаға  қатысты 

Қызметкер үшін де  тең дәрежеде міндетті.  

 

3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ 

НОРМАЛАРЫ 

 

3.1.  Университеттің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері  

17.  Университеттің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері: 

1)  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  рәмізіне  және  университеттің 

корпоративтік нышандарына құрметпен қарауға; 

2)  Жалпы қолданыстағы моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге 

және басқа тілдерге, барлық ұлттардың дәстүрлері мен салттарына  құрметпен қарауға; 

3)  Жоғары 

білікті  жұмыс  істеу  үшін  барлық  күш-жігерлерін  жұмсауға, 

Университеттің мүлкіне сақтықпен қарауға, оны өнімді және тиімді пайдалануға; 

4)  өзінің жұмысқа деген қарым-қатынасымен және мінез-құлқымен жұмыста тұрақты 

және оң жағдайлар жасауға ықпал етуге; 

5)  сыпайы және  әдепті болуға; 

6)  немқұрайлылық пен дөрекілікке төзбеуге; 

7)  әріптестеріне қолдау және көмек көрсетуге; 

8)  өзгенің пікіріне назар аударуға; 




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау