ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
24.02.2017
Басылым:
Үшінші
Іскерлік этика Кодексі
К БҚММУ
01
18-беттің
2-беті
МАЗМҰНЫ
1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ
3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ
4-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
5-ТАРАУ. КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ
6-ТАРАУ.
ҰЙЫМ
ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ,
ОРТА
ЖӘНЕ
КІШІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ
ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ
7-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМША
ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
24.02.2017
Басылым:
Үшінші
Іскерлік этика Кодексі
К БҚММУ
01
18-беттің
3-беті
1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті (бұдан әрі -
Университет) іскерлік этика Кодексі (бұдан әрі-Кодекс) Қазақстан Республикасының
заңнамасына, Жарғыға және университеттің өзге де ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді және
ережелер мен қағидалар жиынтығын болып табылады.
2. Кодекс университеттің барлық мүдделі тұлғалармен өзара қарым-қатынасының
этикалық жағын, корпоративтік қатынастардың этикалық нормаларын, сондай-ақ этикалық
нормалардың университет мен оның қызметкерлерінің күнделікті қызметіне әсерін
реттемелейтін құжат болып табылады.
3. Кодекстің ережелері атқарып отырған лауазымына қарамастан университеттің
лауазымды тұлғалары мен барлық қызметкерлеріне қолданылады.
4. Университет басшысы университет қызметкерлері білдіре бермейтін ашықтық пен
жауапкершілік шарттарын жасауға жауап береді және заңсыз іс-әрекеттерге жедел ден
қояды.
5. Университет қызметкерлерінің ең басты міндеттері университетте белгіленген
этикалық нормаларды ұстану және моральдық нормаларды сақтау болып табылады.
6. Этикалық нормаларды тиісті деңгейде қолдау үшін Қызметкерлер олардың
университетте сақталуы және өзі жоғары стандарттар белгілеу үшін өзіне жауапкершілік
алады.
7. Кодекстің мақсаты:
1) университеттің барлық Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері стратегиялық
маңызды шешімдер қабылдаған кездегі сияқты күнделікті жағдайларда да басшылыққа
алатын негіз қалаушы құндылықтарды, қағидалар мен ережелерді бекіту;
2) ұжымда сенім, өзара құрмет және парасаттылық ахуал жасау үшін университетке
жоғары этикалық мінез-құлық стандарттарына негізделген бірыңғай Корпоративтік
мәдениетті дамыту;
3) атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық Қызметкерлердің Кодекс
нормаларын біркелкі түсінулері және орындаулары;
4) университеттің корпоративтік басқару тетіктерінің тиімділігін көтеруге және
Мүдделі тұлғалармен жемісті өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесу;
5) іскерлік мінез-құлықтың озат тәжірибелерін қолдану арқылы мемлекет пен іскерлік
қоғамдастық тарапынан университетке деген сенімді арттыру және сақтау болып табылады.
8. Кодекс университеттің өзге де ішкі құжаттарымен бірге қолданылады және
университеттің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлерінің іскерлік этика және іскерлік
мінез-құлық нормалары мен қағидаларын сақтаудағы қызметтерін көрсетеді.
9. Кодексте көрсетілген нормалар мен қағидалар тізбесі түпкілікті болып табылмайды
және белгілі бір алғышарттар немесе жағдайлар туындаған жағдайда Қадағалау Кеңесі оны
нақтылауы, өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін.
10. Университеттің барлық лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері нәсіліне, тіліне,
саяси және діни сенімділіктеріне, жынысына, ұлтына мәдениетіне қарамастан адал және әділ
қарым-қатынас жасауға құқылы. Қандай да болмасын кемсітушілік немесе ығыстырушылық
осы Кодекске қайшы келеді және қолайсыз мінез-құлықты білдіреді. Егер қандай да бір
Лауазымды тұлға немесе Қызметкер әріптесін немесе басқа бір Қызметкерді ығыстырса
немесе ерекше мінез танытса онда оған қатысты тәртіптік іс-әрекет шаралары қолданылатын
болады.
11. Университет өз қызметкерлерінің бойындағы және жұмысындағы;
1) Университеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағдарлануын;
2) кәсіби шеберлігі мен өзінің кәсіби деңгейін көтеруге деген ұмтылысын;