Іскерлік этика Кодексі


ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата24.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24891
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7

 

 

ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат 

Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

медицина университеті» ШЖҚ РМК 

 

Күні: 

24.02.2017 

 

Басылым: 

Үшінші 

Іскерлік этика Кодексі 

К БҚММУ 

01 

18-беттің 

12-беті 

 

85.  Күрделі  сауықтыру,  диагностикалық  ерекше  емдеу  және  басқа  іс-шараларды 



жүргізу  талап  етілетін  ауруларды  таңдаған  кезде  дәрігерлер  қатаң  медициналық 

көрсеткіштерді ескерулері және ұжым болып шешім қабылдаулары тиіс. 

86.  Емдеуші дәрігер  пациентті емдеу процесіне жауап береді. 

87.  Бөлімді 

басқаратын 

дәрігерлер, 

бөлімшелер 

басшылары 

өздерінің 

қарамағындағылардың кәсіби біліктіліктерін көтеру үшін қамқорлық жасаулары қажет.  

 

6.2.   Дәрігерлердің өзара қарым-қатынастары 

88.  Дәрігерлер  бір-біріне,  сондай-ақ  басқа  да  медициналық  және  көмекші  персоналға 

құрметпен  қарауға,    кәсіби  этиканы  сақтауға  және    пациенттің  емдеуші  дәрігерді  немесе 

медициналық ұйымды таңдауына құрметпен қарауға міндетті. 

89.  Студенттерді және жас мамандарды оқытатын дәрігерлер өзінің мінез-құлқымен, өз 

міндеттерін орындауға деген қарым-қатынастарымен  жас мамандар үшін үлгі болатындарын 

және осы Кодексті ұстанатындарын  көрсетуі қажет. 

90.  Дәрігерлер  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  салауатты  өмір  салтын 

насихаттап,  жас  мамандар  үшін  үлгі  болып,  қоғамдық  және  кәсіби  этика  нормаларын 

сақтауы қажет. 

91.  Әріптестерінің  атына  кәсіби  ескертулер  дәлелді,  намысқа  тимейтіндей  түрде 

айтылуы, мүмкіндігінше  жеке әңгімелесу түрінде  болуы  қажет. 

92.  Дәрігердің  өзге  бір  дәрігердің  кәсіби  біліктілігіне  жариялы  түрде  күмәндануға 

немесе басқаша түрде онын беделін түсіруге құқығы жоқ. 

93.  Дәрігерлер  қиын  клиникалық  жағдайларда  өзінен  тәжірибесі  аз  әріптестеріне  

әдепті түрде кеңестер беріп, көмек көрсете алады. 

94.  Емдеу  барысында  емдеуші  дәрігер  әріптестерінің  ұсынымдарын    қабылдай  алады 

немесе негіздей келе және дәлелдеуші медицинаның негізінде  аргументтер мен дәлелдерді  

ұсына отырып олардан бас тарта алады.  

 

6.3.   Дәрігердің орта медициналық персоналмен өзара қарым-қатынасы 

95.  Дәрігерлер орта медициналық персоналға құрметпен қарап, пациенттің  денсаулық 

жағдайы  мен    оған  тағайындалған  емдеу  бойынша  оның  пікірін  ескермеуге  жол  бермеуі 

қажет.  Орта  медициналық  персонал  тағайындалған  рәсімдерді  жүргізу  барысында 

пациенттен оңаша түрде қателіктерге жол берген жағдайда. 

96.  Орта  медициналық  персонал  сырқатнамадағы,    ем  тағайындау  парағындағы  және 

т.б.  түсініксіз  жазулар  бойынша  түсініктеме  алуға  және  қажет  болған    кезде    ақпараттың 

сәйкессіздігін  көрсетуге құқылы. 

97.  Орта  медициналық  персонал  пациенттің  құқықтарын,  санитарлық  ережелерді, 

техника  қауіпсіздігін,  медицина  техникасы  мен  дәрі-дәрмек  препараттарын  қолдану 

нұсқаулықтарын білуі және сақтауы тиіс.  

98.  Орта  медициналық  персонал  өзінің  діни  және  саяси  ой-пікірлерін  пациентке 

міндеттеуі қажет. 

99.  Орта  медициналық  персонал  диагностика  жасау  мен  емдеудің  барлық  қиын 

жағдайларында кеңес алу үшін дәрігерге жүгіне алады. 

100.  Орта  медициналық  персонал  дәрігерлер  туралы  жеңіл  пікірлер  білдірмеуі,  

«дәрігер  қателігі»  немесе  дұрыс  ем  тағайындамағаны  туралы  сөз  немесе  өсек  таратпауы 

керек. 

101.  Дәрігер  орта медициналық персоналға құрметпен қарауды қалыпқа келтіруі және  



нығайтуы және оған менсінбеушілік тұрғыдан қарамауы тиіс.  

102.  Дәрігер  орта  медициналық  персоналдың  кәсіби  білімі  мен  дағдысын  арттыруға 

жәрдемдесе алады. 



 

 

ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат 

Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

медицина университеті» ШЖҚ РМК 

 

Күні: 

24.02.2017 

 

Басылым: 

Үшінші 

Іскерлік этика Кодексі 

К БҚММУ 

01 

18-беттің 

13-беті 

 

103.  Орта медициналық персонал жаман әдетінен бас тартуы және алкоголь, наша, улы 



заттармен мас болу жағдайларында өз міндеттерін орындауға  жол бермеуі тиіс.   

 

6.4.    Орта медициналық персоналдың  пациентпен өзара қарым-қатынасы 

104.  Науқастың  көзінше  қойылған  диагнозды талқылауға,  жүргізіліп  жатқан  емдеудің 

дұрыстығына  күмән  келтіруге,  сондай-ақ  оның  палатадағы  көршілерінің  сырқаттарын 

талқылауға тыйым салынады.  

105.  Ауыр емдеу рәсімдерінің алдында орта медициналық персонал дұрыс ем қолдану 

үшін  оның  мәнін,  қажеттілігін  түсінікті  түрде  жеткізуі  және  психоэмоционалдық  кернеуді 

тұрақтандыруы қажет. 

106.  Орта  медициналық  персонал  емдеу  рәсімдерін  және  өзінің  функционалдық 

міндеттерін  орындау  кезінде  ұстамдылықты,  бір  қалыптылықты  және  әдептілікті  сақтауы 

тиіс.  

107.  Сырқаты  ауыр  пациенттерге  күтім  жасайтын  орта  медициналық  персонал  



рәсімдерді орындаудың дұрыстығын түсіндіруі қажет. 

108.  Орта  медициналық  персонал  тек  өз  құзыреті  шегінде  ғана    әңгімелесуі  керек 

(аурудың белгілері, болжамы туралы сөз қозғауға құқығы жоқ). 

109.  Орта  медициналық  персонал  дәрігер  тағайындаған  емді    уақытында  және  кәсіби 

деңгейде, қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша  орындауы тиіс. 

110.  Орта медициналық персонал науқастың жай-күйінде пайда болған күрт өзгерістер 

туралы  дәрігерді дереу хабардар етуі керек. 

111.  Орта  медициналық  персонал  дәрігерлік  тағайындауларды  орындау  барысында 

күмән  туындаған  жағдайда  барлық  нюанстарды  науқас  жоқ  кезде  әдепті  түрде  анықтауы 

қажет. 


112.  Орта  медициналық  персоналдың  барынша  тәжірибелі  қызметкерлері  өз 

тәжірибелерін орта медициналық персоналдың тәжірибесі аз қызметкерлерімен бөлісе алады. 

113.  Орта  медициналық  персонал  пациенттің  жасына  немесе  жынысына,  ауруының 

сипатына,  нәсіліне  немесе  ұлтына,  діни  немесе  саяси  сеніміне,  әлеуметтік  немесе 

материалдық жағдайына немесе басқа да айырмашылықтарына  қарамастан   оған құзыретті 

көмек  көрсетуі керек. 

114.  Орта медициналық персонал пациенттің  емдеуді жоспарлау мен жүргізуге қатысу 

құқығын  құрметтеуі тиіс. 

115.  Орта  медициналық  персонал  пациенттерге  тәкаппарлық,  менсінбеушілік  және 

кемсітушілік  әрекетін танытпауы тиіс. 

116.  Орта  медициналық  персонал  пациентке  өзінің  моральдық,  діни,  саяси  сенімін 

міндеттеуге құқығы жоқ. 

117.  Бірнеше пациентке медициналық көмек көрсету кезектілігін белгілеу кезінде орта 

медициналық  персонал  қандай  да  бір  кемсітушілікті  болдырмай,  тек  медицинлық 

көрсетілімдерді ғана басшылыққа  алуы керек. 

118.  Орта  медициналық  персонал  пациентке  залал  келтіруге  ұмтылатын  үшінші 

тұлғалардың іс-әрекетіне немқұрайлылық танытпауы керек. 

119.  Тәуекелді  сипаттағы  медициналық  көмек  көрсету  кезінде  орта  медициналық 

персонал  қауіпсіздік  шараларын,  пациенттің  өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  төндіретін  

асқынулардың пайда болу қатерлерін төмендету шараларын қарастыруға міндетті. 

120.  Орта  медициналық  персонал  пациенттің  және  оның  заңды  өкілінің  (кәмелетке 

толмағандарды  және-немесе  сот  қабілетсіз  деп  таныған  азаматтарды  емдеу  кезінде)  қандай 

да бір медициналық араласуға келісу  немесе одан бас тарту құқығын құрметтеуі қажет. 

121.  Орта  медициналық  персонал  өз  біліктілігі  шегінде  пациентке  медициналық 

рәсімдерден бас тартудың салдарларын  түсіндіруі тиіс.  



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау