Іскерлік этика Кодексі


ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата24.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24891
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7

 

 

ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат 

Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

медицина университеті» ШЖҚ РМК 

 

Күні: 

24.02.2017 

 

Басылым: 

Үшінші 

Іскерлік этика Кодексі 

К БҚММУ 

01 

18-беттің 

10-беті 

 

53.  Университеттің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері оған әсер етуді барынша 



азайтулары тиіс, мысалы, энергияны үнемдеу, қағаз тасығыштарды пайдалануды азайту. 

54.  Университет қоршаған ортаны қорғау қағидаларын ұстанулары  керек және энергия 

үнемдейтін  технологиялардың,  қалдықсыз  өндірісті,  қалдықтарды  қайталама  пайдалануды 

енгізеді.  Осы  мақсатта  университет  инвестициялық  шешімдер  қабылдаған  немесе  өнім 

берушілермен келісімдер жасасқан кезде осы факторларды ескере алады.  

 

5.3.  Жұртшылықпен байланыс 

55.  Университет  жұртшылықпен  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  қарым-

қатынаста  жоғары  этикалық  стандарттардың  сақталуын  қадағалайды.  Университет  өзінің 

ақпараттық-жарнамалық материалдарында немесе жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқа 

да  іс-шараларда  жалған  ақпараттың  таратылуына,  Лауазымды  тұлғалардың  жариялы 

сөздерінде фактілердің  жасырылуына және/немесе бұзылуына жол бермейді. 

56.  Жариялы  түрде  сөз  сөйлеу,  университетте  болған  оқиғаларға  түсініктеме  жасау 

немесе  университеттің  атынан  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  кез  келген  өтініштер 

жасауға,  Интернетті  қоса  алғанда,    университеттің  осыған  уәкілеттік  берілген  Лауазымды 

тұлғасы мен Қызметкері құқылы. 

57.  Университеттің  атынан  қатысқан  кезде  университеттің  Лауазымды  тұлғалары  мен 

Қызметкерлері кәсіби мінез-құлық және іскерлік этиканың  жалпы қабылданған нормаларын 

сақтауға,  тек  дұрыс  ақпаратты  ғана  таратуға,  сондай-пқ  құпия  ақпараттың  жария  болуына 

жол бермеуге  міндетті. 

58.  Университеттің  Лауазымды  тұлғалары  мен  Қызметкерлері  қызметі  және  жалпы 

университет қызметі мәселелері бойынша өз пікірін жариялы білдірмеуі керек, егер ол: 

1)  университет қызметінің негізгі бағыттрына сәйкес келмесе; 

2)  құпия ақпаратты жария етсе; 

3)  университеттің Лауазымды тұлғаларының атына этикалық емес пікірлерді қамтыса.  

 

6-ТАРАУ. ҰЙЫМ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ОРТА ЖӘНЕ КІШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ 



ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ 

 

59.  Дәрігер  пациенттің  құқығын  құрметтеуі  тиіс.  Кәсіби  шешімдер  қабылдай  отырып,  

дәрігер пациент үшін игілікті ескеруі қажет.  

60.  Дәрігер  оған  пациентті  жібергені  үшін  сыйақы  алуы  немесе    пациентті  белгілі  бір 

емдеу мекемесіне, дәріханаға, нақты маманға  жібергені немесе  белгілі тір қарап-тексеру не 

болмаса  емдеу  түрін    тағайындағаны  үшін    ақы  немесе  өзге  де  сыйақы  түрлерін  алмауы 

қажет. 

61.  Дәрігер  пациенттің  физикалық  немесе  психологиялық  жағдайының  нашарлауына 



әсер ететін іс-әрекеттер жасамауы қажет. 

62.  Пациенттің  денсаулығының  жағдайы  туралы  дәрігердің  кәсіби  қорытындысы    тек 

қана  медициналық  қарап-тексерудің  және  (немесе)  жүргізілген  емдеудің  нәтижелеріне 

негізделуі қажет.  

63.  Пациентке диагноз қою және емдеу тәсілі пациент денсаулығының жағдайн ескере 

отырып,  кәсіби  мамандардан  тұратын  мультидисциплинарлық  команданың  қатысуымен 

жүргізілуі қажет. 

64.  Дәрігер азаматтың медициналық көмекке жүгінуі, оның  денсаулығының жағдайы, 

сырқатының  диагнозы  және  оны  қарап-тексеру  және  (немесе)  емдеу  кезінде  алынған, 

дәрігерлік  құпияны  құрайтын  өзге  де  мәліметтер  туралы  ақпараттың  құпиялылығын 

қамтамасыз етуі қажет. 

65.  Тек  емдеуші  дәрігер  ғана  пациент  денсаулығының  жағдайы  туралы  оның  туған-

туысқандарын хабардар етуге құқылы. 



 

 

ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат 

Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

медицина университеті» ШЖҚ РМК 

 

Күні: 

24.02.2017 

 

Басылым: 

Үшінші 

Іскерлік этика Кодексі 

К БҚММУ 

01 

18-беттің 

11-беті 

 

66.  Жұмыс  уақытында  және  жұмыстан  тыс  уақытта  ургенттік  көмек  көрсету  -  әрбір 



дәрігердің парызы. 

67.  Дәрігер  пациентті  ақталмайтын  тәуекелге  апармауы,  сондай-ақ  өз  білімін 

адамгершілікке жатпайтын мақсаттарда қолданбауы тиіс. 

68.  Дәрігер, егер пациентпен екеуінің арасында өзара түсіністік болмаса немесе емдеу 

үшін қажетті мүмкіндіктері мен тәжірибесі болмаса,  дәрігер оның жағдайын қиындатпайтын 

шараларды  қолдануға  міндетті  болатын  жедел  көмек  жағдайларды  қоспағанда,  аууруды 

емдеуден бас тарта алады.  

69.  Дәрігер  пациенттің  дәрігерді  таңдау  және  емдеу-сауықтыру  шараларын  жүргізу 

туралы шешімдер қабылдауға қатысты құқығын  құрметтеуі тиіс. 

70.  Пациенттің  келісімінсіз  емдеу-сауықтыру  іс-шараларын  өткізу  дене  немесе 

психологиялық  жағдайы  бойынша  пациент  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  жай-күйді  бара-бар 

бағалауға  дәрменсіз  болған  жағдайда  шешімді  консилиум,  ал    консилиумды  жинау  мүмкін 

болмаған кезде - тікелей емдеуші дәрігер қабылдауы тиіс. 

71.  Баланы емдеу кезінде дәрігер оның ата-анасы мен асырап алшысына толық ақпарат 

беруге, олардың  қандай да бір емдеу әдістеріне  немесе дәрі-дәрмек құралдарын қолдануға  

олардың келісімдерін алуға міндетті. 

72.  Дәрігер  пациенттің  және  оның  отбасының  абыройы  мен  іскерлік  беделін 

құрметтеуі,  оған және оның отбасына  кеңпейілдікпен қарауы қажет. 

73.  Дәрігер  окульттік-мистикалық  және  діни  емдеу  әдістерін  насихаттамауы  және  

қолданбауы тиіс. 

74.  Емдеудің  баламалы  әдістерін  таңдаған  кезде  дәрігер  дәлелдеу  базасы  бар  емдеу 

әдістерін таңдауы қажет. Дәлелдеу базасы бар екі баламалы  емдеу әдісі болған кезде дәрігер 

әрбір  емдеу  әдісінің  тиімділігі  мен  шығындылығы  теңгерімінің  негізінде  таңдау  жасауы 

керек (cost-effectiveness analysis).  

75.  Егер  пациент  өзінің    келісімін  білдіруге  қабілетті  болмаса  оны  заңды  өкілі  және 

ата-анасын ауыстырушы тұлға білдіруі тиіс. 

76.  Пациент  өз  денсаулығының  жай-күйі  туралы  ақпаратты  алуға  құқылы,  бірақ  ол 

одан бас тартуға немесе денсаулығының жай-күйі турлы хабардар етілетін тұлғаны көрсетуге 

құқылы.  Егер  оның  денсаулыққа    маңызды  зиянын  тигізеді  деп  болжам  жасауға  қомақты 

негіз болған жағдайларда ақпаратты пациенттен жасыруға болады. Алайда, пациенттің талап 

етуі бойынша дәрігер оған толық ақпарат беруге міндетті. 

77.  Дәрігер  пациентке  оның  ауруы  (диагнозы)  туралы  басқа  мамандардан  алған 

баламалы кәсіби пікірді түсінуі және мойындауы қажет. 

78.  Дәрігер  пациенттің  басқа  маманнан  консультация  алу  туралы    шешіміне  кедергі 

жасамауы керек.  

79.  Емдеу  процесінде  күтпеген  ушуғылар  пайда  болған  кезде  дәрігер  бұл  туралы 

пациентті,  қажет  болған  жағдайда  басшылықты,  аға  әріптесін  хабардар  етуі  және  дереу 

нұсқауды күтпей оның салдарларын түзетуге бағытталған іс-қимылға  кірісуі  тиіс.  

80.  Дәрігер  жеке  басын  байыту  немесе  материалдық  пайдасы  үшін  кәсіби  шешім 

қабылдамауы керек. 

81.  Дайындаушы 

фирмалар  мен  таратушылардан  олар  ұсынған  дәрілерді 

тағайындағаны үшін олардан  көтермелеулер қабылдамауы керек. 

82.  Дәрігер  дәрілерді  тағайындаған кезде медициналық көрсеткіштерді және тек қана 

пациенттің мүддесін басшылыққа алуы керек. 

83.  Дәрігер  пациентке  жасына,  моральдық  жағдайына,  жынысына,  нәсіліне,  ұлтына, 

ұстанатын  дініне,  әлеуметтік  жағдайына,  саяси  көзқарасына,  азаматтығына  және  басқа  да 

медициналық емес факторларға  қарамастан  медициналық көмек көрсетуі тиіс. 

84.  Дәрігер  тек  қана  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына,  нормативтік-

әдістемелік және ішкі құжаттарға сәйкес дәрігерлік анықтама береді. 




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау