Іске асыру шеңберінде әзірленген



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет9/34
Дата25.12.2019
өлшемі2,14 Mb.
#24920
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

 
 
25 
 
Мұндай рацион барлық биологиялық мәнді заттектер мөлшері бойынша 
үйлесімді.  Оның  құрамында  дәрумендер,  минералдар,  антиоксиданттар  мен 
талшықтар мол.  
 
Микронутриенттік тапшылықтар  
Организмдегі  дәрумендер  мен 
минералдық 
заттектердің 
(микронутриенттердің) 
«жасырын 
аштық» аталатын жеткіліксіздігі – кең 
таралған  құбылыс.  Оның  қауіптілігі  – 
көбінесе,  байқалмай  өтуінде.  Алайда, 
кез  келген  микронутриенттің  аздаған 
созылмалы тапшылығының өзі түбінде 
денсаулықтың ақауына апарады. 
Дәрумендер мен минералдардың 
микронутриенттер       деп        аталуы 
 
тәуліктік  қажеттілігі  грамның  жүзден  немесе  оннан  бір  көлемінде,  аз 
мөлшерде  болуына  байланысты  (кейбір  минералдар  –  бірнеше  граммға 
дейін). 
Әрбір 
грамы 
ағзаның 
өмір 
сүру 
қабілетін 
арттырып, 
алмастырылмайтын  роль  атқарады.  Дәрумендер,  мен  минералдардың  айқын 
жеткіліксіздігі 
күрделі 
сырқатты 
жағдайларды  туындатады,  яғни, 
дәруменсіздік  және  элементсіздік  туындайды.  Мысалы,  С  дәруменсіздігі 
өлім-жітімге  душар  ететін  –  цингаға,  В1  –  бери-бери,  РР  –  пеллагра,  D  – 
рахитке  апарады.  Бұл  күндері  балалар  мен  ересектердің  көпшілігінде 
микронутриенттердің 
орташа 
немесе 
аздаған 
тапшылықтары 
– 
гиподәрумендік  және  гипоэлементтік  байқалады.  Олар  көбінесе,  айқын 
көрініс  бермейді,  бірақ,  оларға  да  назар  аудару  қажет.  Әр  дәрумен  мен 
минералдың ағзада атқаратын бірнеше қызметтері бар, сондықтан, солардың 
біреуі жеткіліксіз болса, міндетті түрде күрделі ауруға апаруы мүмкін. 
 
Іске қосатын кілттер  
Организм тіршілігінің барлық дерлік үрдістері  – жасушалардың бөлінуі 
және  өсуі,  ас  қорыту,  сезімдік  қабылдау  (көру,  есту,  т.б.)  –  ферменттердің 
қатысуына сай өтеді.  
Бұл  ақуыздық  ірі  молекулалар  физиологиялық  және  биохимиялық 
реакцияларды  белсендіруші  ролін  орындайды.  Ферменттер  өз  кезегінде 
көліктің  моторы  от  алғандай,  іске  қосылуы  қажет.  Дәрумендер  мен 
минералдар осындай «іске қосу кілті» (ко-ферменттер) ретінде қызмет етеді. 
 
 
 


 
 
26 
 
Қорғаушылар   
Организмде  әрдайым  заттек  алмасуы  (метаболизм)  үрдісінде  бос 
радикалдар  секілді  тотығу  өнімдері  түзіледі.  Бұл  биомолекулалардың  аса 
жойқын  «сынықтары»,  олар  көрші  молекулаларды  «бос  радикалдарға» 
айналдыра  отырып,  бұзуға  қабілетті.  Кейбір  дәрумендердің  және 
минералдардың (Е,С дәрумені, селен, т.б.) оларды зиянсыз ететін әлеуеті бар, 
яғни,  антиоксиданттық  (тотығуға  қарсы)  қорғайтын  қасиеті  бар.  Осылайша, 
табиғат  нутриент-антиоксиданттарды  жасап,  радикал-түзілу  үрдістерін 
қадағалайды. 
 
Генді меңгеру тетіктері   
Кейбір  дәрумендер  (А,Д)  –  про-гормондар  (ізашарлары),  яғни, 
организмде  гормондық  белсенділікті  көрсететін  заттектерге  айналады.  Бұл 
дегеніміз,  олар  көптеген  гендердің  қызметін  меңгереді:  «іске  қосу»  тетігі 
секілді  гендерді  қажетті  сәтінде  белсендіреді.  Ғалымдар  анықтағандай,  Д 
дәрумені  мысалы,  2000  артық  генді  бақылайды,  біздің  организмімізде 
олардың саны 30000 жуық. Кез келген тіршілік иесінің өмірі гендері арқылы 
реттеледі. Созылмалы гиподәрумендік біздің организміміздің нәзік реттелген 
және  үйлесімді  физиологиясы  мен  биохимиясына  ақау  келтіре  алады,  бұл 
көптеген қауіпті аурулардың, ҚЖА (қан айналымы жүйесінің аурулары) және 
қатерлі ісікті қоса, даму қаупімен қатерлі. 
 
Бірыңғай  команданың ойыншылары 
Қандай да бір микронутриент өзінің өмірлік маңызды қызметін көрсетуі 
үшін  қосарлы  әсерлі  серіктестерімен  қатар  әрекет  етуі  тиіс.  Оларсыз 
сіңірілмейді  немесе  жәрдемі  болмайды,  немесе  жалғыз  әрекет  ете  отырып, 
организмге  зиянын  тигізуі  мүмкін.  Д3  және  К2  дәрумендерінсіз  кальций 
сүйек  тініне  ене  алмайды.  Фолий  қышқылының  (В9  дәрумені)  толыққанды 
қызметі үшін С және В12 дәрумендері қажет. Е дәрумені организмге міндетті 
түрде С дәруменімен түсуі қажет, олай болмаған жағдайда антиоксиданттық 
қызметі  төмендеуі  мүмкін  және  оның  жалғыз  әсерімен  бос  радикалдардың 
түзілуі күшеюі мүмкін.  
 
Қоректілікті жоятын өңдеу   
Организмде  микронутриенттердің  жетіспеуінің  негізгі  себебі  –  дұрыс 
тамақтанбау,  өңделген,  тазартылған  тағам  өнімдерін  көп  тұтыну,  себебі, 
технологиялық өңдеу кезінде олар дәрумендер мен минералдық  заттектердің 
орасан бөлігін жоғалтады. 
Жоғары және бірінші сұрыпты ұнды өніруде астықты алдын ала өңдеп, 
қабығын  және  ұрығын  алып,  аршиды.  Дәнді  дақылдардың  нақты  осы 
бөліктерінде дәрумендер мен минералдық заттектері шоғырланады.  Осыдан: 


 
 
27 
 
кебегімен қоса тартылған ұнға қарағанда ақ ұнда темірдің мөлшері 4 есе, мыс 
– 3 есе, мырыш – 35 есе, магний -  3,7,  марганец –  3,8, В2 дәрумені – 2 есе, 
РР  дәрумені  –  6,8  есе  азайған  немесе  бірінші  және  жоғары  сұрыпты  ұнда 
дәрумендер  мен  минералдық  заттектер  сәйкесінше,  75%  және  90%  дейін 
жоғалтылған. Аршылып, өңделген күріштің де тағамдық құндылығы осылай 
азайған.  Бери-бери  эпидемиясы  (В1  дәруменсіздігі)  кезінде  1953  жылы 
Филиппинда  100 000  астам  адам  көз  жұмған.  Бұл  жергілікті  халық  үшін 
негізгі  тағам  болатын  күрішті  өңдеуді  қолданысқа  енгізуге  байланысты 
болған. Тазартылған майлар оны Е  дәруменіне және фитостеролдарға жұтаң 
етеді.  
 Қазақстандық өндірушілер бидай ұнын Қазақ тағамтану академиясының 
ғалымдары  әзірлеген,  6  микронутриенттен  тұратын  (ішінде  мырыш  та  бар) 
дәрумендік-минералдық  қоспамен  құнарландырады.  Әрине,  ірі  тартылған 
ұннан  жасалған,  кебекті  нанды  тұтыну  оңтайлы,  ал  ұсақ  тартылған  ұнды 
сатып 
аларда 
құнарландырылған 
(қаптамасында 
құнарландырылуы 
көрсетілген) түрін таңдаған жөн. 
 
Сенімді көздері  
Балғын  көкөністер  мен  жемістерде  және  басқа  табиғи  өнімдерде 
дәрумендер  мен  минералдар  қызметін  сәйкес  түрде  орындауға  және  сіңуіне 
көмектесетін  заттектердің  қоршауында  болады.  Мысалы,  С  дәрумені  өзінің 
табиғи  тасымалдағыштарында  (итмұрында,  қарақатта,  лимонда,  т.б.) 
флавоноидтар  аталатын,  оның  биологиялық  жетімділігін  арттыратын  және 
түрлі  қызметінде  көмектесетін  заттектерге  енген.  Осы  себепті,  тамақтану 
рационы  балғын  көкөністер  мен  жемістерге  бай  болуы  шарт,  оңтайлысы, 
органикалық  жолмен  өсірілген  (химиялық  тыңайтқыштар,  пестицидтер  мен 
гербицидтер  қосылмаған).  Шөптесіндерде  (аскөк,  ақжелек,  рукола,  базилик, 
т.б.)  микронутриенттердің  мөлшері  көп.  Әр  тағам  өнімі  кейбір 
нутриенттерінің  ғана  жоғары  мөлшерімен  ерекшеленетіндіктен,  рационды 
мүмкіндігінше, алуан түрлі ету қажет. 
 
Темір тапшылығы 
Қазақстанда темір тапшылығы аса өзекті 
мәселе.  Темір  тапшылығы  –  организмде 
темірдің  мөлшері  төмен  болатын  жағдай. 
Темір тапшылығында организмнің оттегіні қан 
жүйесінде  тасуға  қажетті  гемоглобинді  өндіру 
қабілеті  қиындайды.    Бұл  шаршаңқылықпен, 
назар 
қоюдың 
төмендеуімен, 
жұмысқа 
қабілеттің 
төмендеуімен, 
психомоторлық 
дамудың         бұзылуымен,          организмнің  
 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау