Іске асыру шеңберінде әзірленген



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет10/34
Дата25.12.2019
өлшемі2,14 Mb.
#24920
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34

 
 
28 
 
жұқпаларға тұрақтылығының азаюымен көрініс береді  (Шарман, 2004). 
Темір  тапшылығының  алдын  алу  мақсатында  балалар  мен 
жасөспірімдер  құрамында  темір  бар  өнімдерді  жеткілікті  тұтынуы  қажет 
(мысалы,  ет,  құс  еті,  жұмыртқаның  сарысы,  кепкен  жемістер,  кепкен  көк 
бұршақ және үрме бұршақ, жаңғақтар, көк жапырақты көкөністер, тұтас дәнді 
нан,  құнарландырылған  дақылдар),  сондай-ақ,  темірді  организмге  тиімді 
сіңіру  үшін  С  дәруменінің  мөлшері  жоғары  өнімдер  (мысалы,  цитрустылар, 
қызанақтар,  қауын,  бұрыш,  шөптесін,  қырыққабат,  брокколи,  құлпынай, 
картоп) қажет.  
 
Йод тапшылығы 
Йод 
– 
организмдегі 
өзекті 
микроэлементтердің 
бірі (Тәуліктік қажеттілік 100-
150  мкг).  Ол  қалқанша  без 
гормондарының  әрекет  етуші 
бастапқы 
заттегі. 
Организмдегі  барлық  үрдістер 
ұрықтанудан  бастап,  оның 
өмірінің  барлық  сатысында 
осы  гормондардың  тікелей 
немесе 
жанама 
әсерінде 
болады.   Осыдан,   адамның 
 
зерделік және дене денсаулығындағы йодтың аса жоғары мәнін көреміз. 
Йодтың  тапшылығы  құрсақ  ішіндегі  эмбрионның  миының  дамуын, 
иммундық  жүйесінің  қалыптасуы  мен  жұмысын  бұзады,  барлық  алмасу 
үрдістерін  бәсеңдетеді,  зоб  пайда  болуымен  қалқанша  бездің  ұлғаюына 
апарады, мектеп оқушылары үлгерімінің төмендеуіне белгілі үлесін қосады – 
бұл қатерлі салдарының кейбірі ғана. 
Қазақстанның  үштен  екі  бөлігіне  жуығы  топырағы  мен  суында  йод 
мөлшері  бойынша  жұтаң  аумақта  орналасқан.  Сәйкесінше,  жергілікті  тағам 
өнімдері  мен  суы  осы  заттектерге  жұтаң  келеді.  Ас  мәзіріне  теңіз  өнімдерін 
қосу  және  тек  йодталған  немесе  теңіз  тұзын  қолдану  –  біз  үшін  йод 
тапшылығының алдын алу бойынша аса маңызды шара. 
 
  
 
 
 
 
 
 


 
 
29 
 
Балалар мен жасөспірімдердің тағамдық мінез-құлығына әсер ететін 
факторлар  
 
Балалар  мен  жасөспірімдердің 
тағамдық  мінез-құлығына  көптеген 
факторлар  әсер  етеді,  оның  ішінде, 
демографиялық, 
тұлғалық, 
экологиялық  факторлар  бар.  Мысалы, 
табыс  деңгейі  төмен  отбасыларда 
тұтас 
дәнді 
өнімдерді 
аз 
тұтынатындығы  анықталған    (Harnack 
et al, 2003). 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  
 
дәмдік  талғамдары  организмнің  нутриенттермен  қамтамасыз  етілуіне  және 
жалпы тамақтану сапасына үлкен әсер етеді
 
(Neumark-Sztainer D et al, 2003).  
Ұлдар  мен  қыздардың  арасындағы  сүтті  таңдау  организмдегі  кальцийдің 
тапшылығымен  байланысты  (Larson  et  al,  2006).  Көкөністер  мен  жемістерді 
таңдау  ұлдар  мен  қыздардың  арасындағы  осы  өнімдерді  тұтынудың  ең  мол 
қатынасын анықтайды (Neumark-Sztainer D et al, 2003). 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  өздерінің  ынтасымен  дағдыларын 
өзгертуге  бағытталатын  стратегиялар  (көкөністер  мен  жемістерді  көбірек 
тұтынуға  мақсат  қою  немесе  ол  үшін  өздерін  ынталандыру),  сондай-ақ, 
көкөністер мен жемістерді тұтынудағы оң сезімдер осы салауатты өнімдерді 
тұтыну деңгейіне оң әсер етеді  (Zabinski et al, 2006).  
Үйдегі қоршаған жағдай, ата-ананың қатынасы мен жастардың тағамды 
таңдауының  арасында  зор  байланыс  бар.  Үйде  салауатты  тағам  өнімдерінің 
болуы жемістерді, кальций мен сүт өнімдерін тұтынуды реттейді (Larson et al, 
2006;  Neumark-Sztainer  D  et  al,  2003).  Отбасының  тағамдық  үлгілері, 
отбасындағы  салауатты  тамақтану  ережелері,  ата-анасының  салауатты  өмір 
салты жасөспірімдер  арасында  көкөністер  мен  жемістерді,    кальций  мен  сүт 
өнімдерін, емдәмдік майларды тұтынуға әсер етеді (Neumark-Sztainer D et al, 
2003; Zabinski et al, 2006; Larson et al, 2007; Van der Horst K et al, 2007). 
Мектептерде  салауатты  өнімдерді  ұсынатын  буфеттер,  қоғамда  азық-
түлік дүкендер болатын тағамдық орта халықтың салауатты мінез-құлығының 
мүмкіндігін арттырады. Үйдің қасында азық-түлік дүкенінің болмауы балғын 
көкөністер мен жемістерге қол жетімділікті шектейді (Baker et al, 2006; Zenk 
et al, 2005) және тамақтану рационының салауатты болуын азайтады (Larson 
et al, 2009). 
Тағам жарнамасы мен маркетинг балалар мен жасөспірімдердің белгілі 
бір тағам өнімдері мен сусындарға сұранысы мен таңдауына әсер етеді (бала 
ата-анасынан  нақты  өнімді  сатып  әперуін  сұрайды),  сондай-ақ,  олардың 


 
 
30 
 
тамақтану рационына да әсер етеді  (Institute of Medicine et al, 2006). Балалар 
мен жасөспірімдер маркетингтің көптеген әрекетіне ұшырайды, оның ішінде, 
тележарнама,  ғаламтордағы  жарнама  және  компьютерлік  ойындар 
(интерактивті,  электорндық  ойындар),  жарыстар  мен  сыйлықтар,  теледидар 
немесе кино көргенде өнімнің пайда болуы, мектептегі маркетинг  (мысалы, 
метеп  таблосы,  кітап  сыртында)  бар,  сондай-ақ,  тағам  өнімдерін  немесе 
мейрамханаларды  ілгерілету  үшін  лицензияланған  бейнелерді  қолдану. 
Осыған байланысты, мектептерде тұздың, қанттың, майдың мөлшері жоғары, 
салауатты  емес  өнімдердің  жарнамасына  тыйым  салынуы  қажет.  Салауатты 
өнімдердің  маркетингінің  заманауи  тәсілдерін  мектептерде  қолдану 
балалардың салауатты тағамдық мінез-құлығын ынталандырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау