Ішперденің қабынуы - перитонит
Этиологиясы. Бул ауру өзінен-өзі болмайды, тек басқа бір қабынған-іріндеген аурудың асқынғаны болып табылады. Перитонит шектеулі және жайылған болып, екі тұрлі болады. Жайылған перитонит болғанда қабыну процессі және инфекция бұткіл іштің құысына тарайды, ал шектеулі перитонит бір аймақга шектеліп қалады. Мысалы, жіті аппендицит асқынып, жарылып кетсе, ірінді инфекция ішітің құысына шыққанда, айналысындағы ішек және шарбы жақындап, жылжып, ірінді ошақты шектейді. Шектеулі ірінді перитонит көбінесе ііпектің арасында немесе бауырдың астында орналасады. Перитониттың дамуын үш кезеңге белуге болады:
Бірінші кезеңде жалпы уланған белгілері шыга бастайды, наукас іштің ауырғанынашағымданады, тілі құрғақгана бастайды, дененің қызуы жоғарылайды, қанда лейкоциттердің саны көбейеді. Жұректің соққысы жиіленеді. Іштің алдынғы қабырғасының тарылып-қатайғаны біліне бастайды, қабынғанның белгілері Щеткин-Блюмбергтың, Воскресенскийдың, Ситковскийдың белгілері оң болады.
Екінші кезецде жалпы уланғанның белгілері дамвды, жалпы жағдайы нашарланады, тілі өте құрғақ және ақ өңез жабысқан болады, жұректің соққысы өте жиі - 120-130 соққыға дейін жетеді. Құсу пайда болады, құсыктың иісі ішектің иісіндей болады. Ішек сал ауруға ұшырап, сол себептен ішектің ішінде жел жиналады, ішектің қимылы жоғалады. Іш ұлғайып, көпірІліп кетеді, іштің алдынғы қабырғасының бүлшықеттердің тарылғаны және қатайғаны жоғалады. Саусақпен сипап зерттегенде бұткіл іштің бәрі жайылып ауырады. Шығатын зәрдің көлемі азаяды, зәрда негізуыз, эритроциттар, цилиндрлар анықталады.
Үшінші кезеңде (шеткі кезең, 3-4 күн ауырғанда басталады) «жалған жақсылаған» мерзім болады. Науқас эйфория ретінде өзінің жағдайын жақсыланды деп санайды, іштің ауырған сезімі төмендейді, тіпті жоғалып кетуі мүмкін. Бірақта, жалпы жағдайы төмендей береді: бетінде «маска Гиппократа» деген белгі, толассыз қүсу пайда болады. Тілі қүрғақтанып, қоңыр өңез басады. Іші улкен болып, саусақпен басып зертгегенде ауырган сезім болмайды. Пульс жиі, әлсіз, артериальді қысым күрт төмендейді. Ішті саусақпен соғып перкуссия жасағанда, дыбыс шықпайды, іштің қүысы сүйықтық-экссудатқа толып кеткені анықталады. Науқас есінен талып, қозып, сандырақтайды. Перитониттың дамуы, инфекцияның түрімен тығыз байланысты. Мысалы, стафилококк™ инфекция болса, дамығаны баяу біртіндеп болады, ал ішек таяқша инфекциясы болса (аппендицит жарылғанда) перитонит тез дамып, науқас қайтыс болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |