Діннің алғашқы формалары
Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін.Дегенмен, діннің тұтастай дәл неден құралатыны туралы ғылыми келісім жоқ, әр діннің өз ерекшелігі бар, бәрін бір түсінікпен түсіну мүмкін емес.Әртүрлі дін әдетте Политеизм, пантеизм, монотеизм, теизм, деизм және агностицизм секілді әртүрлі құдайтану жүйелеріне тән болады, және бір-бірін терістеген, айырым жағдайда жауласқан күйде болады.
Әртүрлі діндерде түрлі мазмұндағы құдырет киелі зат, сенім, табиғаттан тысқары болмыс/болмыстар, сондай-ақ "өмірді ережелермен және күшпен қамтамасыз ететін мәңгілік және трансцендент" қатарлылар болуы мүмкін. Діни практикалар әдетте әртүрлі дінде әртүрлі деңгейде ритуалдарды, уағызды, еске алуды, немесе табынуды (құдайларға, немесе әулиелерге), құрбандықты, мерекелерді, мейрамдарды, транстарды, бастамаларды, жерлеу рәсімдерін, үйлену тойларын, медитацияны, дұғаны, музыканы, өнерді, биді, қоғамдық сервистерді және адамзат мәдениетінің тағы басқа аспектілерін қамтиды. Діндердің қасиеттендірілген тарихы және ертегі-әңгімелері болады, олар өмірге мәлім түрдегі мән беруді, өмірді мәлім түрде түсіндіруді мақсат еткен қасиетті жазбаларда, рәміздер мен қасиетті орындарда сақталуы мүмкін. Діндерде сенушілері қашанда "дұрыс" деп есептейтін символды ертегі-әңгімелері болады, ол өмірдің, ғаламның және заттардың пайда болуын, немесе қалыптасуын түсіндіруге бағытталады. Дәстүр бойынша, сенім, ақылды айтпағанда, діни нанымның қайнар көзі болып саналды.[9] Дегенмен, дін бір нәрсені өзінше түсіндірумен шектелмейді, ол дәстүрге айналып, наным қалыптастырып, табыну және құлшылық секілді нақты жосындар арқылы ұлт және жеке адам болмысы мен тұрмысына ықпал етіп отырады.Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді. олар: Христиан, Ислам, Индуизм, Буддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер Діннің әсеріне ұшырамаған және ешқандай дінге тән емес адамдардың сенімі бәлкім атеизм - яғни Құдайға сенбейді, сондықтан дінге сенбейді; немесе бәлкім агностицизм - Құдайды бар деп есептейді, бірақ ол тегі қандай, қалай екені туралы пікірлерге күдікпен қарайтын, сондықтан дін атаулыға да сеніп кетпейтін, сыни ойлайтын адам, және бәлкім скептик - Құдайға және дінге сенуге де, сенбеуге де келіспейтін, бәлкім рас, бәлкім өтірік, мұны адамзат анықтай алмайды деп есептейтін адам. Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде. Әсіресе дамыған елдерде агностикатер мен атеистердің саны артып барады. Ал даму үстіндегі және дамымаған елдерде дінге сенушілер негізінен тұрақты сандық шамада сақталуда.Дінді практикалық және теориялық тұрғыдан зерттейтін пән салалары: теология, ғылыми дінтану, салыстырмалы дінтану, әлеуметтану, философия қатарлылар. Теология мәлім бір дінге сенген күйде оны түсіндіру және ақтау үшін дінді зерттесе, дінтану діндердің сыртында тұрып, әртүрлі діндердің ерекшеліктері мен жағдайын, қоғамға ықпалын зерттейді, ал әлеуметтану дінді әлеуметтік құбылыс ретінде зерттесе, философия діннің жаплы ерекшелігін, немесе дінге қатысты жалпы фундаменталды проблемаларды зерттейді. Бұдан басқа әртүрлі діни теориялар бар, олар діннің шығу тегі мен діннің жұмыс істеу формасына, сондай-ақ діни құбылыс пен сенімнің онтологиялық негіздеріне әртүрлі түсіндіру жасайды.
Дін және мәдениет
Адамзаттың тұтас тарихына және ұлттардың жеке тарихына зер салсақ, діннің адамзат тарихында түрлі деңгейде сақталып келгенін көреміз. Ұлттардың өз жеке діни сенімінен тартып, кейінгі бірлікке клеген мәлім халықаралық дінге сенуіне дейін дін мен мәдениет қатар жүреді. Орта ғасырда діннің мәдениетке ықпалы тіке болды, тек кейінгі ғасырларда ғана дін біртіндеп әлеуметтік үстем орыннан түсіп, қатардағы құндылықтардың бірі бола бастады. Демократия мен адам құқықтарының, сенім бостандығының қорғалуы діннді бәрін белгілеу мүмкіндігінен айырды. Дегенмен діннің халықтар өміріндегі рөлі әлі де айтарлықтай екені белгілі. Дін арқылы кей халықтар біріккені мәлім, дін себебінен кей халықтар ыдарағаны да шындық.Әр халықтың ішінде белгілі бір дінге сенетіндердің басым болуына орай сол діннің ерекшеліктері сол халықтың мәдениетінде көбірек көрініс табады. Әрине, мәдениет дінмен шектелмейді, мәдениетке әсер ететін факторлар әртүрлі, сан алуан, ал ұқсас діндегі халықтардың мәдениеті де әртүрлі. Медениет - ортақ бірлікке келген құндылықтар жүйесі. Құндылықтар этика мен эстетикадан тартып заң мен тәртіпке дейін сол халықтың ұлттық болмысын паш етеді. Ал, сол халық сенетін дін осы құндылықтардың бір мазмұны.
Достарыңызбен бөлісу: |