Диагностикасы. Науқастан анамнез жинап, жарақаттың болғанын дәлелдеп, көрсетілген белгілерді анықтап, диагноз Қояды.
Емі. Фельдшер алғашқы медициналық жәрдем ретінде жарақатқа асептикалық таңғыш салып, жансыздандыратын дәрілерді бұлшықетке егеді. Науқасты жедел түрде ауруханаға жеткізу керек, жолда реанимациялық шараларды тоқгатпай. Көк тамырға сұйықтық жібереді - полиглюкин, реополиглюкин, неокомпенсан, Рингер-Лоққ ерітіндісін және қан ағуды тоқтататын 10% аминокапронның қыпіқылын, 10% хлорлы кальциңді.
Бұлшықетке викасол, дицинон дәрілерді егеді. Жұректің Қьізметін жақсартатын дәрілерді егеді. Хирургия бөлімшеде жалпы жансыздандырумен іштің құысын ашып, жарақат болған ошақты тауып, қантоқтатады, жыргылған немесе зақымдалған ағзалардың бөлшектерін тіліп алып тастап, тігіс салады. Іштің құысын антисептик немесе антибиотик ерітінділермен жуып, тазалайды, міндетті тұрде бір немесе екі-үш микроирригатор қалтырады. Микроирригаторларды іштің ең төменгі жеріне бөлектесіктен өткізеді, екі жақтан, ал тілінген отажараны тұйінді тігіспен тігеді. Келешекте бір микроирригатор арқылы антисептик ерітіндісін жібергенде, екінші микроирригатордан жіберілген ерітінді ағып шығып, ірін және сарысуды бірге ала шығады. Отадан кейін науқасқа тамақ ішкізбейді, тік ішекке зонд кіргізіп қояды - ішекгің ішіндегі ауаны сыртқа шығару үшін, мұрынға екінші зонд кіргізеді - асқазандағы сұйықтықты сорып алып тұру үпіін. Науқасқа жалпы антибиотиктерді, қабынуға қарсы дәрілерді, А, С, В-тобының дәрумендерін тағайындайды. Отадан 3-5 күн өткеннен кейін микроирригаторларды алып тастайды, тесіктерін тігеді. Іштің қабырғасының жарақаттары болғанда міндетгі түрде сіреспеге қарсы анатоксинды егу керек!
Болжамы. Жағымды.
Іштің қабыргасын тесіп откен
жарақаттардың срекшелікгері
Этиологиясы. Айтылған жарақаттар соғыс болған кезде немесе апат болғанда кездеседі. Абақтыда өткір, біз тәрізді қарумен жаралаған жиі кездеседі. Осындай жіңініке, өткір қарумен жасалған жарақат өте қауыпты, себебі фельдшер тек сыртындағы тесікті қана көреді, көбінесе қан ақпайды, сондықтан іштің қандай ағзалары жарақатганып қалғанын білмей қалу мүмкін. Ал, осындай өтіп кететін жарақаттар іштің ішіндегі бауырды, көкбауырды, ұйқыбезді, ішектерді тесіпөтіп, қан ағызып, қауыпты асқынуларға әкеледі. Ал, егерде, ііптің аортасын тесіп кетсе - онда науқастың қайтыс болуына күмән болмайды.
Клиникасы. Қандай ішкі ағза жараланса, сол жарақаттын клиникалы көрінісі болады. Егерде, гемоперитонеум және перитониттың белгілері анықталса, онда ірі қан тамыры жарақатталғаны болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |