Емі. Тек ота арқылы. Жалпы жансыздандырумен ішті ашып, тоқішектіңулкейген жерін кесіп алып тастап, үштерін бір-біріне қосып анастомоз салып тігеді.
Болжамы. Жағымды.
Тікішектің туа біткси хирургиялы ауруы.
Тік ішектін сыртқа іпыгатып тесігіпіц жоғы.
(атрезия заднего прохода)
Этиологиясы. Туа біткен ақаудың себебі белгісіз, өте сирек кездеседі.
Нәрестенің бірінші күні нәжіс шықпағаны көзге түседі, себебі - тік ішектің нәжіс шығатын тесігі жоқ болғаннан.
Клиникасы. Нәресте жылай береді, емшектен бас тартады, күнделік шығатын нәжіс шықпай қояды. Қарағандатік ішектін тесігі жокекені дәлелденеді.
Диагностикасы. Қиындық тұғызбайды, себебі диагноз перзентханада қойылады жоғары білімі бар дәрігермен.
Емі. Тек ота арқылы.
Болжамы. Жағымды.
Іштің қабырғасыныц жәие іштіц
агзаларыныц жарақаттары
Жарақаттар ашық және жабық жарақаттарға бөлінеді.
Жабық жарақаттар
Этиологиясы. Әдетте, жабық жарақаттар іштің қабырғасына тік соққыдан болады. Соққы іштің алдынғы қабырғасынын соғылуына және бұлшықеттің жыртылуына әкелу мүмкін. Жабык жарақагтарда іштің ағзаларының соғылуы болады - бауырдын, бұйректің, көкбауырдың, ішектер. Ішектердің соғылуы ашық және жабық болады, мысалы апат болғанда. Сол кезде ішек өзінің шажырқайынан (брыжейка) үзіліп кетеді, соның себебінен қан тамырлар үзіліп ішке қан ағып «гемоперитонеум» болады. Бұл жабық соғылу. Ал, соққыдан ішектің қабырғасы жыртылып, ішектің ішкі саңылауы ашылса, онда нәжісті перитонит болып, бұл жағдай ашық соғылуға жатады.
Клиникасы. Жарақат болған жерде ауырсынған сезім болады, қарағанда және саусақпен сипап зерттегенде гематома анықгалады. Соққы қатгы болса ішперденің зақымдалған, қозып кеткен белгілері шығады: Щеткин -Блюмбергтың белгісі - іштің терісін саусақтармен сипап келе жатып, кенет саусақтарды теріден алып жібергенде, іш қатты ауырады. Воскресенскийдың белгісі - іштің сыртынан көйлекті тартып, тартылып тұрған матаның үстінен саусақтармен тез және кенет сипап жіберсе, іште өте қатгы ауырған сезім болады. Бүл белгіні «симптом рубашки - көйлектің белгісі» дейді. Науқастың жалпы жағдайы өзгермейді, төмендемейді. Егерде, соққыдан бұлшықеттер ажырап кетсе, оны саусақпен сипағанда оңай табуға болады, өйткені жыртылған бұлшықеттерден қан көп ағып, улкен гематома тұзіледі. Ал, қан бұліпықеттердің астынғы жағына Қүйылып кетсе, онда гематома аса білінбейді, бірақта ішперденің зақымдалған, қозып кеткеннің белгілері шығады: Щеткин-Блюмберг және Воскресенский белгілері. Жарақаттан кейін іш қатты ауырады, ішектерде сал ауру пайда болғандықган газ жиналып, сыртқа шықпайды. Науқас жатпай қайта-қайта тұрғысы келеді, өйткені тұрса іштің ауырғаны басылған сияқты болып көрінеді. Бүл белгіні «ванька-встанька» деп атайды. Соғылу болған күннен бастап, көп уақыт өткеннен кейін гематомадағы сұйықтық тарап, қанның фибриндары үйылып, біртіндеп кальций түздары сіңіп, қатаяды. Қосымша ішкі ағзаның біреуі зақымдалса, сол ағзаның зақымдалған белгілері аньіқталады. Ал, жалпы жарақаттың белгілері - ол қан ағып, науқастың терісі бозарып, артериальді қысым төмендеп, пульс жиіленіп, перкуссия ретінде саусақгармен соққанда жарақалтың үстінде перкуторлы дыбыс күрт темен болады. Щеткин- Блюмбергтың белгісі он, болады. Ішкі агзаның біреуі зақымдалса, онда ішперденің қабынуының (перитонит) белгілері анықталады: іштің ішінде қаггы ауырған сезім шыдатпайды, пульс өте жиі болып, тілі құрғақталады, шөл басады, іштің алдынғы қабырғасы тартылып тұрады. Ал, ішек жыртылса, онда іште газ болған белгісі қосылады: іш кеуіп кетеді, көтеріліп. Перкуссия жасағанда, ашық ауаның дыбысы шығады. Қанда амилаза анықталады. Жарақаттан көкет жыртылса, онда іштің ағзалары кеуденің құысына ауысып кеткеннің белгілері пайда болады. Жарақаттан бұйрек зақымдалса, онда бел ауырып, ауырғансезім шапқа дейін созылады. Зәрдіңанализдарында қан болады, микрогематурия анықгалады. Бірақта, зәрағарлық түтігі немесе қан тамырлары жыртылып кетсе, онда анализде гематурия болмайды. Бұйрек зақымдалған жақта іштің алдынғы қабырғасы демалу қимылдан қалып тұрады, дененің қызуы жоғарылайды - гематомаға инфекция қонғандықтан.
Достарыңызбен бөлісу: |