Болжамы. Жағымды.
Қіші жамбас құысының перитониты
Этиологиясы. Дугласс шелмайы, анабез қосалқысы қабынғаннан, жатырда қабынған процесс болғаннан және криминальді аборт жасалғаннан кіші жамбас құысында шектеулі перитонит болу мүмкін. Еркектерде кіші жамбастың қабынуы өте сирек кездеседі.
Клиникасы. Алдымен ішперденің қабынған белгілері анықталады: Щеткин-Блюмберг, Ситковский, Воскресенский сияқты және бұлшықеттің тартылып қатайғаны дәлелденеді, ішектің қимылының төмендегені байқалады. Қанда лейкоцитгардың саны көбейеді және СОЭ жоғарылайды, науқаста құсу сезім, әлсіздік болады. Іштің төменгі аймағында ауырған сезім болып, улкен дәретке отырғанда, ауырған сезім кұшейеді. Диагностикасы. Фельдшер тек клиникалы белгілерін талқылап, анамнезді сұрастырып, резенке қолғап киген саусақпен тік ішек арқылы «Дугласс құысындағы» шелмай қабатгы зерттеп, алдын ала «Жіті іш» деген диагнозды қойып, науқасты тез ауруханаға жеткізу керек. Анамнез жинағанда криминальді аборт болдыма, әйелдерде жатырдың, анабездің қосалқысының аурулары болғанын анықтау керек. Ауруханада ультрадыбысты аспаптар, компьютерлі томография арқылы диагнозды анықтайды. Аспаптар жоқ болса, әдетте, «Дугласстың құысына» пункция жасайды, шприцтан ірін шықса - онда кіші жамбаста шектеулі перитонит бар екені дәлелденеді.
Емі. Фельдшер алғашқы медициналық жәрдем ретінде тек тез ауруханаға жеткізу керек. Ауруханада жалпы жансыздандырумен, бұтаралықты тіліп, ірінді құысты ашып, ірінді, некроздалған тіндерді алып тастап, құысты антисептик немесе антибиотиктердің ерітінділермен жуып, тазалайды.
Бөлек тесіктен микроирригаторды өткізіп, бүрын ірін болған қүыста қалтырады. Оталы тілікке әр қабатқа белек тігіс салады. Микроирригатор арқылы антисептик немесе антибиотик ерітінділерді жіберіп тұрады, бірнеше күн өткеннен кейін іріннің шьіққаны тоқтағанда, микроирригаторды алып тастайды, тесікгі тігеді. Қабынғандағы қолданатын шараларды орындайды:
бұлшықетке антибиотиктерді, В-тобының дәрумендерін тағайындайды.
Көк тамырға, улы заттарды шығару үшін, көп мөлшерлі сұйықгықгарды жібереді: полиглюкин, реополиглюкин, ацесоль, Дисоль, 4% сода ерітіндісін, плазма, қаналмастырушыларды, және басқа сұйықтықгарды. Аяғында зәрді айдап шығаратын Фуросемид немесе лазикс капельницаға қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |