Болжамы. Жағымды.
Ішектін буыну өтпеушілігі
Этиологиясы. Ішекті қамтамасыз ететің шажырқайдын артериялары қысылып қалғаннан буыну өтпеуіпілік тұзіледі. Оған себеп болатын келесі жағдайлар: ішектің ілмектері буралып, буындалып қалғаннан (заворот кишок), іштің ішкі тесіктерінде тұзілетін жарықтар (внутренние грыжи), басқа қабыну аурудан болған бір-біріне жабысып қалған ішектін ілмектері (спаечный процесс) шажырқайдың артерияларын қысып қалу мүмкін. Тағы да бір қосымша себептер - кенет іштің құысының ішінде қысымның жоғарылауы (мысалы, ауыр жұкті көтеріп қалғанда), созылмалы аштық сақтағаннан, уақытында тамақ ішпегеннен.
Клиникасы. Ең алдымен өте қатты, удайы, шыдатпайтын ауыру пайда болады. Ауырған сезім толғақ тәрзді, бүріп күшейеді. Қайта-қайта қүсық келеді, бірақга қүсқаннан кейін науқастың жағдайы жақсырмайды. Улкен дәрет - нәжіс шықпайды, тік ішектен газ-ауа шықпайды. Іш кеуіп, ұлғайып кетеді. Рентгенге түсіргенде, буыну өтпеушілік басталғалы екі- үш сағатган кейін «Клойбер тостағаны» пайда болады.
Диагностикасы. Фельдшер тек клиникалы белгілері бойыніпа алдын-ала «Жіті іш» деген диагнозды қойып, жедел түрде ауруханаға жеткізу керек. Жансыздаидыру дәрілерді егуге тиым салынады!
Емі. Тек ота арқылы. Жадпы жансыздандырумен іштің алдынғы қабырғасын ақ сызығы пішінімен тіліп, ашып, ревизия жасайды. Өтпеушілік болған бөлікті тауып қарайды: егерде ішектің қабырғасы некрозға ұшыраса, онда резекция жасап, оны алып тастап, анастомоз салып, ішектің екі үшін тігеді. Егерде, ішектің қабырғасы сау болса, онда біртіндеп, баяулап ішектің ілмектерін бір-бірінен босатып, өтпеушілікке себеп болғанды жояды. Ішектің ілмектері қайтадан буралып, бір-біріне жабысып қалмау үшін, ілмектерге бір-екі тігіс салып, іштің қабырғасына бекітіп қояды. Отадан кейін науқасқа ауыз-өңеш арқылы бір зонд өткізеді жіңішке ішекке дейін (асқазанның жіне жіңішке ішектің сұйықтықты сорып алып түру үшін), тік ішек арқылы екінші зонд кіргізеді (ішектегі газ-ауаны шығарып түру үшін - «декомпрессия кишечника»). Көк тамыр арқылы күніне 5 литрға Дейін сұйықтықтарды қүйяды: полиглюкин, реополиглюкин, неокомпенсан, дисоль, ацесоль, 0,9% физиологиялық ерітіндіні, қаналмастырғыштарды, кейде өз тобының қанын.
Ота болған жер іріндемеу үшін көп мөлшерлі антибиотиктерді тағайындайды, әсіресе ішектің ішіндегі болатын коли- бактерияларға қарсы антибиотиктерді. «С», «В»-тобының дәрумендерін, жұректің қызметін жақсартатын, қабынуға қарсы, гормонды дәрілерді бұлшықетке және ауыз арқылы жібереді. •һспенің қабынуына қарсы іиараларды орындайды, себебі төсекте узақ жатып қалғаннан, қимыл азайғаннан, өкпеде сарысу жиналып «застойная пневмония» деген ауру қосыміпа пайда болады. Бір аптадан кейін, зондтарды алып тастап, науқасты реанимациялы бөлімшеден, жай бөлімшеге ауыстырып, сол бүрынғы тағайындалған шараларды жалғастыра береді. Ішектің моторика қимылын қоздырту үшін бұйректің аймағына новокаинмен блокада ретінде жансыздандыру жасайды. Аспаптар бар болса электротоқпен ішектің қимылын қоздыртады. Бірінші аптада науқасқа тамақ бермейді, тек көк тамыр арқылы керекті негізуыз, майлар, көмурсулардың сұйықтықтарын жіберіп көректендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |