Тік ішектің айналымындағы парапроктиттыц клиникасы шелмай қабығы қабынып, іріндей бастағанның көрінісін көрсетеді: дененің қызуы өте биікке жоғарылайды, әлсіздік, қалшылдау өте анық болады. Тілі құрғақтап, шел басып, қайта-қайта су ішеді. Жұректе тахикардия пайда болады, артериальді қысым төмендейді. Қабынған процесс іріндеуге ауысады. Уақытында, жедел, ірінді ошақты тіліп, ашып, ірінді шығарып, емдеп жіберсе, ішектің қабырғасындағы тесік тыртықтанып жабылады. Егерде, уақытында ем шараларын қолданбаса, жазылған кезде жылан-қөз тұзіледі және ауру созылмалы түрге айналып кетеді. Егерде, жылан-көз сыртқа шықпаса немесе ішектің ішіне шықпаса — ол жартылай болып саналады. Ал, егерде, жылан-көз сыртқа немесе ішектің ішіне ашылса, оны толық жылан-көз деп санайды.
Тік ішектің артында және тік ішектің алдында орналасқан парапроктиттың клиникасы жоғарыда көрсетілген тік ішектің айналымындағы парапроктиттыц клиникасымен бірдей, ұқсас болады.
Диагностика. Клиникалы белгілері бойынша диагноз қойған кезде, фельдшер міндетті тұрде, саусақпен тік ішекті зерттеу керек. Алдын-ала «парапроктит» деген диагнозды қойып, жедел ауруханаға жеткізу керек. Ауруханада тік ішекке зонд кіргізіп бақылайды, жылан-көз тұзіліп кетсе, онда зонд арқылы сұйык бояу жібереді. Содан кейін, рентген-контрасты сұйықтықты жіберіп, рентгенге түсіреді. Ультрадыбысты зерттеу жасайды. Клиникасы ұқсас басқахирургиялық аурулардан ажырату керек, оның ішінде: геморройлы кектамырлардың ішіндегі тромбоздан, Крон ауруы болғандағы жылан-көзден, тік ішектің шыға берісіндегі шиқаннан, тік ішектің қатерлі ісігінен, копчиктын іріндеген кистасынан, жыныстың жұкпалы аурулардан жэне т.б.
Емі. Аурудың басында, әлі қабыну процессі іріндемей тұрғанда консервативті ем жұргізеді. Бұлшықетке антибиотик егеді, қабынуға қарсы дәрілерді тағайындайды. Перманганат калийдың (Марганцовка) ерітіндісіне отыратын бүлау-ванночка тағайындайды, антисептик бар суппозиторий кіргізеді. Консервативті ем нәтиже бермесе, ота арқылы емдейді. Жалпы жансыздандырумен ірінді опіақты тіліп, ашып, тазалап, антисептик ерітіндісімен жуады. Сызганов - Бирюковтың әдісі өте маңызды болады, өйткені қолданатын йод-натрий тиосульфаты өте кұшті ірінге қарсы касиеті бар. Іріннің кұысында микроирригатор қалтырады, сыртынан гипертоникалы ерітінді сіңген таңғыш салады. Отадан кейінгі кезеңде, ірінді жараны емдейтін кағидалар бойынша, емдейтін шараларды орындалады.
Тілінген отаның жарасы екіншілік тартылумен жазылады.
Кейде, Габриэль әдісі бойынша ота жасайды, оны фельдшерге білуге қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |