Әож 56. 254 : 621. 311. Екі жақты қоректенетін машина негізінде электржетегін зерттеу



жүктеу 115 Kb.
бет1/5
Дата03.01.2020
өлшемі115 Kb.
#25822
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5

ӘОЖ 656.254:621.311.6
ЕКІ ЖАҚТЫ ҚОРЕКТЕНЕТІН МАШИНА НЕГІЗІНДЕ ЭЛЕКТРЖЕТЕГІН ЗЕРТТЕУ
Муратбеков К.Н., Джунисбеков М.Ш.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Қазіргі уақытта айнымалы ток қозғалтқыштары негізіндегі электромеханикалық жүйелердің (ЭМЖ) бірнеше түрі бар. Мұндай жүйелер бір-бірінен электржетек құрамындағы қозғалтқыштардың бір-бірінен бұрыштық ығысуына, қозғалтқыштар жылдамдықтарының сәйкестігі нақтылығына қойылатын талаптарға және келісімді айналу режимін басқару әдісінің түрлеріне немесе т.б. көрсеткіштеріне байланысты ерекшелінеді.

Қозғалтқыштардың айналу жылдамдығын реттеу каналына сәйкес ЭМЖ статор және ротор тізбегі бойынша басқарылатын болып екіге, ал олар өз кезегінде қозғалтқыштар біліктерінің бір-бірімен байланыс түріне сәйкес механикалық және электрлік білік болып екіге бөлінетіні белгілі, ал қозғалтқыштар жылдамдығының қандай тізбек бойынша басқарылатынына байланысты механикалық және электрлік білік схемасындағы жүйелер статор және ротор каналдары арқылы басқарылатын болып жіктеледі.

Статор тізбегі бойынша басқарылатын механикалық білік (механический вал) сұлбасымен жасалған көпқозғалтқышты электржетек жүйесіндегі қозғалтқыштардың біліктері бір-бірімен қатаң жалғанады, ал жүйенің механикалық сипаттамасы жекелеген қозғалтқыштардың механикалық сипаттамаларының қосындысына тең болады, мұндай жүйелердің қатарына׃


  1. бір қозғалтқышының статоры бұралмалы болып табылатын асинхронды қозғалтқыштар негізіндегі екі қозғалтқышты жетек;

2) қозғалтқыштарының бірі динамикалық тежеу режимінде, екіншісі қозғалтқыштық режимде жұмыс жасайтын асинхронды қозғалтқыштар негізіндегі екі қозғалтқышты жетек;

  1. асинхронды және синхронды қозғалтқыштар негізіндегі екі қозғалтқышты жетек жүйелері секілді электржетектерді жатқызуға болады.

Мұндай сұлбамен жасалған жетектердің барлығына олардың қуатты бөлігінің қарапайымдылығы мен оңай басқарымдылығы секілді артықшылықтар тән болғандықтан осы күнге дейін тау-кен өндіріс орындарында көтергіш механизмдер мен орта және үлкен қуатты желдеткіш, сусорғыш секілді қондырғылардың жетегі ретінде қолданылып жүр [2,3]. Мұндай жүйелерде де қозғалтқыштардың жылдамдығын реттеу бір зоналы тек синхрондыдан төмен қарай ғана бағытта жүргізіледі.

Аталған жетектердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктері бар, мысалы статоры бұралмалы қозғалтқыш үшін көмекші жетек қажет болатын болса, асинхронды және синхронды қозғалтқыштардың негізіндегі екі қозғалтқышты жүйеде қуаты негізгі қозғалтқыштың қуатымен пара-пар асинхронды қозғалтқыш жетекті іске қосу үшін ғана қолданылады, ал механикалық сипаттамасы жекелеген қозғалтқыштардың механикалық сипаттамаларының қосындысы болып табылатын екіқозғалтқышты жетекте жылдамдық төмендеген сайын энергиы шығынының мәні жоғарлайды. Сонымен қатар механикалық білік сұлбасымен жасалған екіқозғалтқышты жетектерді қозғалтқыштары бір-бірінен алшақ орналасатын қуаты үлкен механизмдер үшін қолдану тиімсіз.

Дегенмен де ротор тізбегіне пассивті элементтер жалғау негізінде жасалатын электрлі біліктерге׃

1 жүйе құрамындағы қозғалтқыштардың тербеліске берілгіштігі;

2 жетекті іске қосудың алдында қозғалтқыштарды алдынала синхрондап алудың қажеттілігі;

3 айналу жиілігінің неғұрлым баяу шамасын алу, ротор тізбегіндегі шығынның соғұрлым жоғарылығымен сипатталатындығы секілді кемшіліктер тән.

Осындай кемшіліктерінің болуына байланысты мұндай сұлбадағы жетектерді жылдамдығын кең аралықта реттеуді қажет етпейтін қуаты үлкен механизмдер үшін пайдаланудың тиімсіз екендігін көруге болады.

Қозғалтқыштардың екінші ретті тізбегіндегі сырғанау энергиясының қандай жолмен пайдалы жұмыс жасауға жұмсалып тұрғандығына байланысты асинхронды каскадты сұлба асихронды-вентильді АВК және асинхронды – вентильді машиналы каскад АВМК болып екіге бөлінеді.

Асинхронды-вентильді каскад АВК сұлбасымен жасалатын электржетек жүйесін роторлық тізбегі электрлік білік сұлбасымен жалғанатын электржетектердің арнайы түрі ретінде қарастыруға болады.

Фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштың басқа машиналармен немесе түрлендіргіштермен каскадты сұлбада жалғануы арқылы жасалынатын электржетектерде роторлық тізбектегі сырғанау энергиясы (энергия скольжения) тиімді жұмыс жасауға пайдаланылатын болғандықтан мұндай жүйелердің энергетикалық көрсеткіштері біршама жоғары болады.



Екі жақтан қоректенетін машина негізіндегі бірқозғалтқышты электржетектің қуатты бөлігінің схемасы 1-суретте көрсетілген

Сурет 1. Екіжақтан қоректенетін машина негізіндегі электржетектің блок схемасы
Екі жақтан қоректенетін машина ЕЖҚ-машина дегеніміз статоры мен роторы көпфазалы болып табылатын, магниттік қасиеттері бойынша симметриялы электр машинасы мен оның роторлық тізбегіне жалғанған басқарылатын жиілік түрлендіргішпен синтезі. Екі жақтан қоректеніп жұмыс жасайтын фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштарға синхронды машиналардың кейбір қасиеттері тән болғандықтан мұндай схеммен жұмыс жасайтын машиналар асинхрондалған синхронды машина деп те аталады. [1]

Жиілік түрлендіргіш ретінде жұмыс жасайтын асинхронды машинаның статорлық орамдары ток жиілігін реттеп беретін тиристорлы жиілік түрлендіргіш арқылы ток көзінен қоректенсе, роторлық ормдарының ұштары негізгі қозғалтқыштар болып табылатын АҚ1 және АҚ2 фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштардың бір-бірімен тізбектей жалғанған роторлық орамдарының түйісу нүктелеріне жалғанады. ТЖТ шығысындағы жиіліктің шамасы желі кернеуі мен ротордың айналу жиілігі туралы мәлімет беретін датчиктерден түсетін сигналдарға сүйеніп технологиялық процестің талаптарын қанағаттандыру үшін басқару заңын қалыптастыратын реттегіштің қызметі негізінде өзгеріп отырады. Схема келесі ретпен жұмыс жасайды, яғни қозғалтқыштық режимде жұмыс жасайтын СМ синхронды машина АСМ фазалы роторлы асинхронды машинаның роторын синхронды жылдамдықпен қозғалысқа келтіреді, асинхронды машинаның статорлық орамдары басқарылатын жиілік түрлендіргішінен қоректенетін болғандықтан ЭМЖТ шығысындағы кернеудің жиілігі мына шамаға тең
(1)

жүктеу 115 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау