Болжамы. Жағымды.
Динамикалы өтпеушіліктіц тұрі -
параличті іштіц өтпеушілігі
Этиологиясы. Ішектің параличін қоздыртатын келесі себептер болуы мүмкін:
1. Аллергия және инфекциялы қабыну процесстері - перитонит, өкпеқаптың қабынуы, уремия, ацидоз, қант диабеті, порфиринды ауру, морфиймен немесе басқа есірткі заттармен улану.
Рефлексті себептер - отадан кейінгі кезеңде болатын ішектің параличі, өтқалтаныңжәне бұйректіңтүйілуі, үйқыбездің жіті қабынуы, анабездің аяқшасының буралып қысылып қалғаннан, іштің ағзаларының жарақаттануы, жұректің инфаркты.
Орталық нерв жүйесінің зақымдалуы - сирингомиелия, жұлынның зақымдалуы, құрсау теміреткі, балалардың жүлынның сал ауруы (ДЦП). Кеуденің кезеңінен темен омыртқалар жарақаттанып, жұлынға зақым келгеннен.
Бүлшықеттердің зақымдалулары - В-тобының дәрумендердіңжеткіліксіздігі, калийдың, натрийдың, магнийдың, негізуыздың жеткіліксіздігі. Қақпалық көктамырдың қысымының жоғарылауынан ішектің қан тамырлары зақымдалып, нерв талшықтарын бірге зақымдап, ішектің параличіне себеп болады
Клиникасы. Ең алдымен іште өте қатты ауырған сезім туады, науқас лоқсып, құса береді, іш кеуіп кетеді, ішті фонендоскоппен тыңдағанда ішектің қимылы мүлде жоғалады, дыбыс шықпай, бүны «Симптом гробовой тишины» деп атайды. Іште жүректің соққысы және өкпенің демалған дыбыстары жақсы естіледі - бұны «Лотейссен белгісі» дейді. Өте көп сұйықтық жоғалтылғаннан тілі құрғақ болады және ақ өңезбен қапталады. Жалпы жағдайы өте нашар болады, жұректің соққысы жиіленеді, артериальді қысым төмендейді. Науқас бірнеше күн улкен дәретке бармағанына шағымданады.
Диагностикасы. Фельдшер, анамнез сұрастырып-жинап, клиникалы белгілерді анықтап, алдын-ала диагнозды қойып, жедел ауруханаға жеткізу керек. Жансыздандыратын Дәрілерді егуге тиым салынады! Рентгенге түсіргенде ауаның көлеңкелері көрінеді - ол «пневматоз кишечника» Деген клиникалы белгі болып табылады.
Емі. Тек ота арқылы. Жалпы жансыздандырумен ішті ортасынан тіліп, іштің кұысын ашып, ревизия жасайды. Паралич болған жері табылғаннан кейін, анықтайды: егерде іштің қабырғасы некрозға ұшыраған болса, онда резекция жасап, алып тастайды. Содан кейін, ішектің екі үшін бір-бірінетағайындап, анастомоз салып, тігеді. Ал, егерде ішектің қабырғасы аман- сау болса, онда себеп болған бөгдені анықтап, соған ота жасайды. Отадан кейін тік ішекке зонд өткізеді, және ауыз-өңеш арқылы ішекке зонд өткізеді - асқазанның және ішектің сөлін сорып алып тұру үшін. Науқасты бірнеше күн тамақтандырмайды, тек су немесе минеральды су аузына беріп тұрады. Ота жасаған жер іріндеп-қабынып кетпес үпіін, антибиотиктерді бүлшықетке, дәрумендерді, қабынуға қарсы дәрілерді тағайындайды. Көк тамырға сұйықгықтарды жібереді - глюкоза, полиглюкин, неокомпенсан, дисоль, т.б.
Ішектің қимылын қоздыртатын дәрі - прозеринды бүлшықетке егеді. Электротоқпен ішектің қимылын қоздыртатын аспаптарды қолданады.
Болжамы. Жағымды.
Клизма жасау
25 Сүрет. Наукрсқа сифонды
Достарыңызбен бөлісу: |