Ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



жүктеу 22,61 Mb.
Pdf просмотр
бет24/24
Дата14.01.2020
өлшемі22,61 Mb.
#26543
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

БҰҰ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА 

АРНАЛҒАН АЛДЫН АЛУ 

ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ 

АЙМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

көңіл бөлу қажеттілігі туралы үндеуін іске асы-

рып жатыр. ОААДАО аймақтағы Тұрақты даму 

саласындағы мақсаттардың (ТДМ), атап айтқан-

да, «Бейбітшілік, әділ сот және тиімді институт-

тар» деген №16 мақсаттың орындалуын қол-

дайды. Сонымен бір уақытта, Орталық қызметі, 

өзгелердің арасында, бейбітшілікті қамтамасыз 

ету және қолдап тұру мәселелері бойынша Бас 

Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын 

орындауға жәрдемдеседі.

2018-2020 жылдарға арналған ОААДАО қы-

зметінің үш жылдық әрекеттер бағдарламасы 

Орталық Азия елдерінің үкіметтеріне аймақтағы 

проблемаларды тиімді түрде шешуге дайындықты 

арттыру және жаңадан пайда болып жатқан 

сын-тегеуріндерге жауап беру мақсаттарында 

жәрдем беруге бағытталған. Оларға мыналар жа-

тады (алайда, бұлармен шектелмейді): лаңкестік 

Миссиясы 

БҰҰ Орталық Азияға арналған алдын алу дипло-

матиясының аймақтық орталығы (ОААДАО) 2007 

жылы Түрікменстандағы Ашхабад қаласында 

Орталық Азияның бес мемлекеті үкіметтерінің ба-

стамасымен ұлттық билікке аймақтық бейбітшілік 

пен қауіпсіздікке төніп тұрған және әлеуетті қатер-

лерді табуға және оларға жауап беруге жәрдем-

десу мақсаттарында құрылған болатын. Өз баста-

маларын жүзеге асыру кезінде ОААДАО аймақтық 

және халықаралық ұйымдармен ықпалдасады. 

Орталық 2008 жылы БҰҰ Бас хатшысының Арнайы 

өкілінің жетекшілігімен жұмыс істей бастады.

Құрылған кезінде ОААДАО жанжалдарды бол-

дырмауға арналған БҰҰ құрылымдарының бірі 

болатын. 2017 жылы ол Орталық Азиядағы 

алдын алу дипломатиясы саласындағы өз жұ-

мысының он жылдығын атап өтті. Орталық Бас 

хатшының жанжалдарды болдырмауға көбірек 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



80


пен ұйымдасқан қылмыстылық сияқты ұлтаралық 

қауіптер (атап айтқанда, есірткі заттардың заңсыз 

айналымы); зорлық-зомбылықты экстремизм; су 

және қуат қауіпсіздігі; әлеуметтік-экономикалық 

осалдық; этносаралық шиеленіс.

Орталықтың қызметі оның мандатына сәйкес ке-

летін бес негізгі басым салаға шоғырланған: (1) 

аймақ елдерінің үкіметтерімен қарым-қатынаста 

алдын алу дипломатиясын ілгерілету; (2) мони-

торинг пен ерте алдын алу; (3) жанжалдардың 

алдын алу мақсаттарында әріптестік қарым-қа-

тынас орнату; (4) БҰҰ-ның аймақтағы алдын 

алу қызметін нығайту; (5) Орталық Азия елдері 

мен Ауғанстан арасындағы ынтымақтастық пен 

ықпалдасуды көтермелеу.

Өз қызметін жүзеге асыру кезінде Орталық ай-

мақта ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктерді, атап 

айтқанда: тату көршілік қарым-қатынас рухын да-

мыту; аймақтық экономикалық байланыстарды 

кеңейту және тереңдету қажеттілігін барған сай-

ын жалпы түсіну; жанжалдардың алдын алу мәсе-

лелеріне көбірек ден қою; және халықаралық 

қоғамдастық тарапынан бейбітшілікті қолдау мен 

тұрақты дамудың арасында тығыз байланыстың 

бар екендігін барған сайын мойындау сияқты 

мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылады.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

81



Диалогқа арналған алаңқай 

Орталық жүйелі түрде жоғары деңгейдегі кез-

десулерді, соның ішінде, аймақтағы бірден-бір 

қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері бойынша 

пікір алмасу алаңы болып табылатын Орталық 

Азия елдерінің сыртқы істер министрлері орын-

басарларының жыл сайынғы мәжілістерін ұй-

ымдастырып тұрады. Бұл кездесулер, сондай-ақ, 

ОААДАО-ға Орталық Азия мемлекеттерінің аста-

наларындағы әріптестерден өзінің жұмысы тура-

лы кері байланыс пен ұсынымдарды алуға, сон-

дай-ақ, жаңа және ағымдағы жобалардың саяси 

қолдауға ие болуына жәрдемдесуге мүмкіндік 

береді.


2009 жылдан бастап Орталық «Стратегиялық ди-

алог» топтамасының аясында тоғыз жыл сайынғы 

семинар ұйымдастырған. Стратегиялық диалог 

семинарларының басты мақсаты –ұлттық акаде-

миялық институттармен, талдау орталықтарымен, 

үкіметтік мекемелермен, азаматтық қоғаммен, 

халықаралық және аймақтық ұйымдармен бір-

лесіп Орталық Азиядағы қауіпсіздікке байланы-

сты оқиғаларды талдау. Қазақстанда өткізілген 

үш семинар Орталық Азиядағы бейбітшілік пен 

тұрақтылық факторы ретіндегі аймақтық ынты-

мақтастыққа, парламенттердің аймақтағы алдын 

алу дипломатиясындағы рөліне, сондай-ақ, әй-

елдер мен жастардың жанжалдардың алдын алу-

дағы рөліне арналған болатын. Оған қоса, атал-

мыш семинарлар мемлекеттік қызметкерлердің, 

ғылыми шеңберлердің, аймақтық ұйымдар мен 

тәуелсіз сарапшылардың арасында байланыс ор-

нату үшін жағдай жасады.

Жобалық қызмет

ОААДАО өзара түсіністікті нығайту, халықаралық 

донорлық бастамаларды жүзеге асыруға және үй-

лестіруге қолдау көрсету, сондай-ақ, Ауғанстан 

мен Орталық Азия арасында шекарааралық су 

мәселелерін шешуде сенімді қарым-қатынасты 

қолдау әрі дамыту мақсаттарында шекарааралық 

су мәселелері жөнінде, Орталық Азия елдерінің су 

дипломатиясы саласындағы әлеуетін күшейту бой-

ынша аймақтық диалогқа жәрдемдесуде барған 

сайын маңызды рөл атқарып келеді. Осы тұрғыдан 

ОААДАО өзінің «Арал теңізі алабында шекараара-

лық су ресурстарын бірігіп пайдалану саласындағы 

ынтымақтастықты нығайту» жобасын жүзеге асы-

руды жалғастырып келеді. Орталық, сонымен қа-

тар, Орталық Азия елдерімен мұздықтардың еруі 

мен климаттың өзгеруі қаупі туралы хабардарлықты 

арттыру саласында жұмыс істейді. Арал теңізінің 

тартылуының сұмдық салдарларынан Қызылорда 

және Ақтөбе облыстарында әсіресе қатты зардап 

шеккен Қазақстан осы күш-жігердегі ең маңызды 

әріптестердің бірі болып табылады. Атап айтқанда, 

Қазақстанда ОААДАО Орталық Азия мемлекеттері 

мен Ауғанстандағы мемлекеттік қызметкерлер мен 

шешім қабылдаушы тұлғаларға арналған су ди-

пломатиясы мен шекарааралық суларды басқару 

саласындағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері 

бойынша бірқатар семинар ұйымдастырған.

ОААДАО лаңкестікпен күрес бойынша аймақтық 

күш-жігерде де маңызды рөл атқарады. БҰҰ 

Лаңкестікпен күрес жөніндегі басқармасымен 

(UNOCT) бірлесе отырып, БҰҰ ПДАО 2010 жыл-

дан бері Орталық Азия елдерімен осы аймақта БҰҰ 

Жаһандық лаңкестікке қарсы стратегиясын жүзеге 

асыру бойынша жұмыс істеп келеді. 2011 жылы бұл 

жұмыс Орталық Азияда жаһандық стратегияны жү-

зеге асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары 

түрінде нәтиже берді, ол әлемдегі осындай тұңғыш 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

82



бағдарламаларын тұрақты ұйымдастырады және 

дәрістер өткізеді. Орталықтың жұмыс істеген жыл-

дары алдын алу дипломатиясының әр түрлі салала-

рында мыңнан астам маман даярланды. Мысалы, 

2018 жылдың маусымында ОААДАО Алматыда 

Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның мемле-

кеттік құрылымдарының өкілдері үшін бітімгер-

шіліктегі, делдалдықтағы және жанжалдарды 

реттеудегі алдын алу дипломатиясының мәселе-

леріне арналған оқу семинарын ұйымдастырды.

Орталық өз қызметінің жоғарыда көрсетілген бар-

лық бағыттарын жүзеге асыру кезінде Орталық 

Азия республикаларының әрқайсысындағы БҰҰ 

елдік командаларымен тығыз байланыс жасап 

тұрады, сондай-ақ, аймақта жұмыс істейтін басқа 

да халықаралық және аймақтық ұйымдармен, 

олардың ішінде ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ, ЕО, ҰҚШҰ, 

НАТО, ХВҚ, ДБ және басқа да көптеген ұйымдар-

мен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

аймақтық құжат болып табылады. Лаңкестікке 

қарсы жобаның III кезеңі 2018 жылғы сәуір айын-

да Ашхабадта басталды. Орталық Азияның басқа 

елдерімен қатар, Қазақстан оны жүзеге асыруға 

белсенді қатысып, өзінде Орталық бастаған лаң-

кестікпен күрес бойынша бірқатар ірі халықаралық 

форумды қабылдайды. 2018 жылғы 21-22 ма-

мырда ОААДАО мен UNOCT Астанада «Зорлық-

зомбылықты экстремизм мен лаңкестіктің таралуы-

на жағдай жасайтын шарттарды жою» тақырыбына 

аймақтық семинар ұйымдастырды.



Әлеуетті нығайту

ОААДАО бүкіл Орталық Азияда мемлекет-

тік қызметкерлердің, үкіметтік шенеуніктердің, 

студенттердің және басқа да негізгі мүдделі та-

раптардың әлеуетін нығайтуға бағытталған оқу 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



83


БҰҰ ЕРІКТІЛЕРІ

БҰҰ Еріктілері: еріктілік арқылы 

Қазақстанға оң өзгерістер әкелу және 

қоғамдастықтардың мүмкіндіктерін 

кеңейту 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарла-

масы (БҰҰЕ) дүние жүзі бойынша еріктілік қы-

зметтерін жүзеге асыру жолымен бейбітшілікті 

қамтамасыз ету мен дамуға өз үлесін қосып ке-

леді. Қызметі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму 

бағдарламасы (БҰҰДБ) тарапынан үйлестірілетін 

БҰҰЕ білікті, мақсаткер әрі қолдауы бар БҰҰ 

еріктілерін еріктілік қызметті дамыту және оның 

маңыздылығы мен жаппай мойындалуын көздей-

тін бағдарламаларға тарту мақсаттарында әріп-

тестермен бірге жұмыс істейді. Қазақстандағы 

жергілікті БҰҰЕ бөлімшесі БҰҰ құрылымдарына 

1993 жылдан бері олардың мандаттарын жүзеге 

асыру және орындау үдерісіне еріктілік қызметін 

стратегиялық және нысаналы түрде енгізуге қол-

дау көрсетеді.

Соңғы 25 жылда БҰҰЕ Қазақстандағы түрлі БҰҰ 

құрылымдарымен ынтымақтастықта халықа-

ралық құқық, қауіпсіздік, экономикалық даму, 

әлеуметтік прогресс, қоршаған орта мен адам 

құқықтары салаларында қолдау көрсетті. Бүгінгі 

таңда екі жүзден астам БҰҰ Еріктісі жергілікті 

қоғамдастыққа тартылған, онда олар бірқатар 

салаларда дағды алмасып, елдегі Тұрақты даму 

мақсаттарына (ТДМ) жетуді жеделдетеді.

2016 жылғы желтоқсанда Қазақстан Үкіметі 

Волонтерлік қызмет туралы заң қабылдады және 

бұл БҰҰЕ-ге Үкіметпен басты назарды ұлттық ерік-

тілер инфрақұрылымын дамытуға және инсти-

туционализациялауға, адам капиталын дамыту 

үшін жастарды жұмылдыруға және азаматтарды 

қатыстыруға бөлетін жаңа стратегиялық әріпте-

стікті қалыптастыруға мүмкіндік берді.

БҰҰЕ-нің Қазақстанда өткен ЭКСПО-2017 көр-

месіне қатысуы БҰҰ әріптестерімен де, ҚР 

Үкіметімен де табысты ынтымақтастықтың тамаша 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



84


мысалы болып табылады. БҰҰЕ БҰҰ құрылымда-

рымен бірге Қазақстан Үкіметімен ТДМ мақсатта-

рында және тұрақты энергетика мәселелері бой-

ынша диалогты қалыптастыру бойынша әріптестік 

қарым-қатынас орнатты.

БҰҰЕ көмегімен 50-ден астам волонтер-студент-

тер ЭКСПО-2017 көрмесіндегі БҰҰ павильо-

нының жұмысына қатысып, келушілерге дүние 

жүзіндегі тұрақты дамуға жету саласындағы БҰҰ 

жұмысы туралы тікелей ақпарат беруге мүмкіндік 

алды. БҰҰ Еріктілері өз уақыттарын бөліп және 

ЭКСПО-2017 аясында тұрақтылық идеяларын 

таратуға бейілділіктерін көрсетіп, нағыз «Өзгеріс 

елшілері» ретінде әрекет етті.

Оған қоса, Қазақстандағы БҰҰЕ бейбітшілік-

ке, инклюзивтілікке, әлеуметтік әділдікке және 

тұрақтылыққа жету ісіндегі жас буынның әлеуеті-

не нық сенімді. Қазақстандық жастардың үлесін 

мойындау ретінде 2017 жылы БҰҰЕ Халықаралық 

жастар күнін атап өту аясында қуат тиімділігі мәде-

ниетін ілгерілетудегі, тұрақты дамуды насихаттау-

дағы және ресурстарға тең қол жеткізу мүмкінді-

гін қамтамасыз етудегі жастардың рөлін талқылау 

үшін жастарды жинады. Іс-шара аяқталғаннан 

кейін тұрақты дамуға, әлеуметтік инклюзивтілікке 

және қуат тиімділігін қамтамасыз ету үдерістеріне 

қатысты жастардың тартылуы мен қатысуын арт-

тыру үшін қазақстандық жастардың ұсынымдары 

түріндегі талқылаудың нәтижесін қорытындылай-

тын Декларацияға қол қойылды.

Қазақстандық БҰҰ Еріктілерінің жергілікті дең-

гейдегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі де 

тартылуын атап өткен маңызды. Қазақстан аза-

маттары Малави, Мозамбик, Украина және басқа 

елдерде Халықаралық БҰҰ Еріктілері ретінде жұ-

мыс істеп жатыр. Дамушы елдерде жұмыс істей-

тін қазақстандық БҰҰ Еріктілерінің санын көбейту 

және дамудың әсерлерін күшейту халықаралық 

ынтымақтастықты дамыту саласында елдің бе-

делін нығайта түспек.

БҰҰЕ БҰҰ әріптестеріне және Қазақстан Үкіметіне 

2030 Күн тәртібін орындауда шынайы құлшы-

ныспен қолдау көрсетіп келеді. Қазақстандағы 

БҰҰ Еріктілерінің рөлін елдегі БҰҰДБ Тұрақты Өкілі 

Норимаса Шимомура мырзаның сөзі нақты си-

паттаса керек: «БҰҰ Еріктілері жергілікті қоғамда-

стықтарға оң әсер ете отырып, инновацияларды 

енгізе отырып және адамдардың құқықтары мен 

мүмкіндіктерін кеңейте отырып, Қазақстанда ба-

сты рөлдердің бірін атқарып келеді. Олар шы-

нымен де шабыт пен берілгендікті тең қамтитын, 

өзгерістердің қозғаушы күші болып отыр».

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

85



ДҮНИЕЖҮЗІЛІК 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ 

ҰЙЫМЫ (ДДҰ)

«Денсаулық-2020» саясатына және 2030 жылға 

дейінгі кезеңге Тұрақты даму саласындағы даму 

мақсаттарына сәйкес келеді.

Офис келісімшартты ұлттық мекемелер мен ха-

лықаралық әріптестік ұйымдармен тығыз ынты-

мақтастықта орындап келеді.

Қазақстан үкіметінің шақыруымен Алматы қа-

ласында Алғашқы медициналық-санитарлық 

көмек жөніндегі ДДҰ Еуропалық орталығы жұмыс 

істеп отыр. Орталық ДДҰ-ға мүше-мемлекеттерге 

адамдардың қажеттіліктеріне бағытталған инте-

грацияланған қызметтер көрсету мақсаттарында 

денсаулық сақтау жүйелерін реформалауда қолдау 

көрсетеді. Орталық МСАК-ны қоғамдық денсаулық 

сақтау жүйесімен, ауруханалар мен әлеуметтік қы-

зметтермен біріктіруге басты назар аудара отырып, 

медициналық-санитариялық алғашқы көмекке 

(МСАК) негізделген қызметтерді көрсетуді жақсар-

ту саласында техникалық көмек көрсетеді.



Миссиясы

ДДҰ Елдік офисі Қазақстан Республикасында 

1994 жылы Алматыда ашылды. 2009 жылдан 

бастап офис Астанада орналасқан.

ДДҰ Елдік офисінің рөлі денсаулық сақтау жүйесі-

не біртұтас көзқарасты қолдана отырып, денсау-

лықты қорғау мен нығайтуды тұрақты түрде дамы-

ту саясатын қалыптастыруға қолдау көрсету болып 

табылады. Бұл жұмыс Дүниежүзілік Денсаулық 

Сақтау Ассамблеясының қарарлары мен ДДҰ құ-

жаттарына негізделген ұсынымдар беруді, қоғам-

дық денсаулық сақтау саласындағы шараларды 

үйлестіру және олардың тұрақтылығын қамтама-

сыз ету мақсаттарында техникалық міндеттерді 

орындау кезінде жергілікті деңгейдегі ықпалда-

стықты нығайтуды қамтиды.

Елдік офистің басым міндеттері ДДҰ Еуропалық 

аймақтық бюросы мен Қазақстанның арасындағы 

екі жылдық ынтымақтастық туралы келісімшарт-

та баяндалған. Келісімшарт міндеттері ДДҰ-ның 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

86



Негізгі жетістіктері

Қазақстандағы денсаулық сақтауды басқару-

дың негізі салааралық ынтымақтастықты нығай-

ту және денсаулықты қорғау үшін ұжымдық 

жауапкершілікті арттыру болып табылады. ДДҰ-

ның техникалық қолдауымен ҚР-да Қазақстан 

Республикасының денсаулық сақтау саласын да-

мытудың «Саламатты Қазақстан» (2011-2015) 

және «Денсаулық» (2016-2019) мемлекеттік 

бағдарламалары бірізді түрде қабылданды. 

Олар «еліміздің тұрақты әлеуметтік-демогра-

фиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан 

азаматтарының денсаулығын жақсартуға» 

бағытталған.

Қазақстан Мыңжылдық даму мақсаттарын 

(МДМ) орындауда елеулі жетістіктерге жетті, со-

ның ішінде, бес жасқа дейінгі балалардың өлім-

жітімі үштен екіге қысқартылған болса (МДМ-4), 

аналардың өлім-жітімі 1990 жылғы 100 000 тірі 

туған балаға шаққандағы 55 жағдайдан 2015 

жылғы 12,5 жағдайға дейін қысқартылды (МДМ-

5). Екі жыныс үшін де туған кездегі күтілетін өмір 

ұзақтығы 64,4 жылға түсіп кеткен 1995 жылмен 

салыстырғанда 2015 жылы 70,2 жылға дейін өсті.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

87



Осы жетістіктердің арқасында ел денсаулық 

сақтауға байланысты Тұрақты даму мақсаттарын 

(ТДМ) орындауды жоспарлап отыр. Жалпыға 

бірдей медициналық-санитариялық қызметтерге 

қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге ерекше 

көңіл бөлініп жатыр, бұл үшін ел денсаулық сақта-

уды бюджет есебінен қаржыландырудан әлеу-

меттік медициналық сақтандыруға көшіп жатыр. 

Оған қоса, Қазақстан екі денсаулық сақтау туралы 

ақпараттық желі – CARINFONET (Орталық Азия 

республикаларының денсаулық сақтау мәсе-

лелері жөніндегі ақпараттық жүйесі, онда ДДҰ 

хатшылық қызметін атқарады) және Денсаулық 

сақтау туралы ақпарат саласындағы еуропалық 

бастаманың көмегімен ДДҰ-мен тұрақты даму 

саласындағы мақсаттарды мониторингілеу бой-

ынша жұмыс істейді.

1995 жылы ДДҰ мен ЮНИСЕФ алдын алуға бо-

латын балалар өлім-жітімін түбегейлі жоюдың, 

сондай-ақ, балалардың дамуы мен денсаулығы-

на жәрдемдесудің жаһандық стратегиясы ретінде 

Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қара-

уды (БЖАЫҚ) жасап шығарды. Қазақстан ДДҰ-

ның Еуропалық аймағында БЖАЫҚ-ты енгізген 

алғашқы ел болды, ол 1999 жылы енгізіліп, ел-

дің контекстіне бейімделді. БЖАЫҚ Қазақстанда 

бес жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін 

қысқартуға себін тигізіп, пневмококктік және ге-

мофильдік инфекцияларға қарсы вакциналауға 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



88


Болашақ жоспарлары

Қазіргі Денсаулық сақтау саласын дамытудың 

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» 

мемлекеттік бағдарламасы қоғамдық денсаулық 

сақтау жүйесін дамытуға, ИЕА, инфекциялық 

ауруларды бақылауға, ана мен баланың ден-

саулығын қолдауға, денсаулық сақтау жүйесін 

нығайтуға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Дүниежүзілік 

денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ тара-

пынан бірлесе ұйымдастырылған Медициналық-

санитариялық алғашқы көмек бойынша жаһан-

дық конференция Алматы Декларациясының 40 

жылдығына орай 2018 жылғы 25-26 қазанда 

Қазақстандағы Астана қаласында өткізіледі. Бұл 

жылы әлем XXI ғасырда денсаулық сақтаудың 

ортақ мақсаттарына жету үшін бастапқы декла-

рацияның қағидаттарын және медициналық-са-

нитариялық алғашқы көмекті нығайту ісіне беріл-

гендігімізді растау үшін бірге жиналады.

қоса пневмониямен ауру жиілігін және одан 

болған өлім-жітімді қысқартуға жәрдемдесті. 

Қазақстанда БЖАЫҚ стратегиясы тұрақты болып 

табылады, себебі оған денсаулық сақтау рефор-

масының ұлттық бағдарламасы, ұлттық және 

жергілікті деңгейлерде тиісті саясат пен қаржы-

ландыру арқылы қолдау көрсетіледі. Ол клини-

каға дейінгі және дипломнан кейінгі медицина-

лық білі алуға енгізілді.

Қазақстан 2007 жылы ДДҰ-ның Темекiге қарсы 

күрес жөнiндегi негiздемелiк конвенциясын рати-

фикациялап, адамдарды темекі өнімдерін тұты-

нудан қорғау бойынша сектораралық шараларды 

жүзеге асыруда. Қазақстанда темекі өнімдерін 

жарнамалаудың барлық нысандарына тыйым 

салынған. Темекі шегуге қоғамдық орындарда 

ішінара тыйым салынған және темекі шегуден 

таза қоғамдық аумақтарды құру бойынша жұмы-

сты күшейту қажет. Темекінің денсаулыққа зиян-

ды екендігі туралы графикалық бейнелер темекі 

қораптары бетінің 40% алады. Темекі акциздері-

нен түсетін қаражат 2013 жылғы 46 миллиард 

теңгеден 2014 жылы 79 миллиард теңгеге өсіп, 

жылдық темекі саудасы 30 миллиард данадан 27 

миллиард данаға дейін қысқарды, бұл темекіге 

салынған салықтан түсетін қаражаттың өскенін 

көрсетеді.

Қазақстан 2025 жылға дейін инфекциялық емес 

аурулардан (ИЕА) болған ерте өлім-жітімді 25% 

қысқартудың жаһандық мақсатына жету жолын-

да келеді. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет меди-

циналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) 

қызметтерін әлеуметтік тұрғыдан нығайтып, 

неғұрлым біріктірілген қызметтерге айналдыру 

үшін қаражат жұмсап отыр. Қазақстанда ДДҰ-мен 

ынтымақтастықтың бір саласы болып табылатын 

МСАК деңгейінде ИЕА-ны басқару бағдарламасы 

енгізілгеннен кейін ИЕА-мен күрес бойынша жұ-

мыс күшейтілді.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



89

жүктеу 22,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау