Ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



жүктеу 22,61 Mb.
Pdf просмотр
бет23/24
Дата14.01.2020
өлшемі22,61 Mb.
#26543
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Елдің дамуына орай ЮНФПА-ның Қазақстанға 

көрсететін қолдауының сипаты да өзгерді. Уақыт 

өте келе Қор көбінесе сексуалдық және ұрпақ 

жаңғырту денсаулығын қамтамасыз етуде жәр-

дем көрсетуге баса назар аудара отырып, тех-

никалық және консультациялық көмек көрсе-

те бастады. Бұл жұмысқа сондай-ақ денсаулық 

сақтау, тұрғын халық санының динамикасы және 

ерлер мен әйелдердің тең құқылығы мәселелері 

арасындағы өзара байланысты ескере отырып, 

тұрақты дамуға арналған ұлттық стратегияларды 

әзірлеуге қолдау кірді.

ЮНФПА

 ана өлім-жітімін азайту мен ана ден-



саулығын жақсартуды қоса алғанда, бірқатар 

ұлттық басымдықтарға қол жеткізуге үлес қосты. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика ко-

митетінің деректері бойынша, 1991 жылы елдегі 

ана өлім-жітімінің коэффициенті 100 000 туғанға 

шаққанда 67,20-ны құрады. Тиімді перинатал-

дық технологияларды сәтті енгізудің арқасында, 

Қазақстандағы ана өлім-жітімінің коэффициенті 

2017 жылы төрт еседен көбірек, 100 000 туғанға 

шаққанда 12,5-ке дейін қысқарды. 2017 жылы 

нәресте өлімінің коэффициенті 1991 жылғы көр-

сеткішпен салыстырғанда үш жарымға дерлік 

есеге (1000 туғанға шаққанда 27,30-дан 7,93-ке 

дейін) төмендеді.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

77



ЮНФПА халықтың неғұрлым осал топтарының: 

жасөспірімдер мен жастардың, қарт адамдар-

дың, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, ми-

гранттардың, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 

жағдайы туралы дәлелді деректерімен ұлттық 

даму бағдарламаларын өңдеуді қамтамасыз етті. 

Бұл жұмыс осы топтардың ана және репродуктивті 

денсаулықтың сапалы қызметтеріне қол жеткізуін 

кеңейтуге мүмкіндік берді, сондай-ақ Қазақстанға 

Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияны ра-

тификациялауда қолдау көрсетті. Бұдан басқа, 

ЮНФПА-ны қоса алғанда, БҰҰ агенттіктерін 

қолдау нәтижесінде елде денсаулық сақтау қыз-

меттері жетілдіріліп, кеңейтілді. Осылайша, тегін 

медициналық қызметтердің көлеміне АИТВ-мен 

өмір сүретін адамдарға арналған антиретровиру-

стық препараттар қосылды.

Жастардың репродуктивті денсаулықты қорғау 

туралы ақпаратқа кең қол жеткізуі көп жағдай-

да ұлттың денсаулығын тұтастай айқындайты-

нын мойындай отырып, ЮНФПА «теңімен тең» 

қағидаты бойынша ақпараттық-ағартушылық 

жұмысты белсенді қолдайды. Соның негізінде, 

Қазақстанда қазірдің өзінде осы қағидат бой-

ынша жұмыс істейтін он жастар оқу орталығы 

(Y-PEER centres) жұмыс істейді. 200-ге жуық 

жаттықтырушы жасөспірім-құрдастарын қауіпсіз 

жыныстық мінез-құлық туралы сауатты хабардар 

етуді үйренді.

Колледж студенттері үшін жыныстық және репро-

дуктивті денсаулық пен репродуктивті құқықтар 

туралы ақпаратты дұрыс беруге бағытталған 

оқу курсы әзірленді және сынақтан өткізілді. 

Колледждердің 300-ден астам оқытушысы сту-

денттерге репродуктивті денсаулықты сақтау 

мәселелерін оқыту дайындығынан өтті. Бұл пе-

дагогтар 30 мыңнан астам жасөспірім мен жа-

сты репродуктивті денсаулықты сақтау, қажетсіз 

жүктілік пен түсік тастаудың алдын алу, жыныстық 

жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырудың 

алдын алу сияқты мәселелер жайында оқытып 

шығарды.


Жасөспірімдерге олардың сексуалдық және ре-

продуктивті денсаулығына қатысты мәселелерде 

кешенді ақпарат пен қызметтер ұсыну үшін жастар 

денсаулық орталықтарын жетілдіру бойынша жұ-

мыс жүргізілуде.

Сондай-ақ ЮНФПА әйелдер мен қыздарға қаты-

сты зорлық-зомбылықтың болдырмауға ерекше 

назар аудара отырып, гендерлік теңдік, сондай-ақ 

ерте және мәжбүрлі некелер сияқты денсаулыққа 

зиян келтіретін тәжірибелер мәселелерін бел-

сенді түрде көтеруде. Қазіргі уақытта ЮНФПА ҚР 

Үкіметіне денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау 

және полиция секторларының гендерлік зор-

лық-зомбылыққа ведомствоаралық жауап беру 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

78



көптеген индикаторлар бойынша кластерлік зерт-

теу (2005, 2010, 2015 жж.); әйелдерге қатысты 

зорлық-зомбылықтың таралуын зерттеу (2016) 

мен «Ұрпақтар және Гендер» бағдарламасы 

бойынша зерттеу (2018) жүргізу мен талдауға 

жәрдем көрсете отырып, деректерді жинау мен 

таратудың ұлттық жүйелерін нығайтуды және ха-

лықтың динамикасын ғылыми негізделген талда-

удың қол жетімділігін арттыруды, сондай-ақ олар-

дың тұрақты дамумен байланысын қолдайды.



ЮНФПА

 жастарға ерекше назар аудара отырып, 

отбасын жоспарлау, ана денсаулығы мен репро-

дуктивті денсаулықты қорғау және репродуктивті 

құқықтарды іске асыру саласындағы қызмет-

терді кеңейту және жетілдіру бойынша; гендерлік 

теңдікті ілгерілету және гендерлік зорлық-зом-

былықты болдырмау жөніндегі ұлттық институ-

ционалдық механизмдерді нығайтуды қолдау 

бойынша және халық динамикасын ұлттық сая-

саттар мен даму бағдарламаларына тұрақты да-

мытумен өзара байланыстыра отырып, ғылыми 

негізделген талдауды біріктіру бойынша жұмысты 

жалғастырады.

жүйесін күшейтуде техникалық қолдау көрсетуде.

Қазақстанның Үкіметімен Халықтың қоныстануы 

мен дамуы жөніндегі Каир халықаралық конфе-

ренциясының Іс-қимыл бағдарламасының, ұлт-

тық стратегиялық бағдарламалардың мақсатта-

рын алға жылжыту бойынша, сондай - ақ елдің 

үшінші және бесінші Тұрақты даму мақсаттары-

на жетуге арналған ынтымақтастық шектерінде, 

ЮНФПА елдің жетекші діни ұйымдары – ислам-

мен және православие христиан дінімен ана ден-

саулығы мен репродуктивті денсаулықты жақсар-

ту, гендерлік зорлық-зомбылықты болдырмау 

және отбасы жағдайын жақсарту мәселелері бой-

ынша ынтымақтаса әрекет етеді. ЮНФПА-ның 

техникалық қолдауымен жастарға, гендерлік зор-

лық-зомбылыққа және қыздардың денсаулығы 

мен әл-ауқатына нұқсан келтіретін ерте және 

мәжбүрлі некелерге қарсы тұруға баса назар ау-

дара отырып, ана денсаулығы мен репродуктивті 

денсаулықты қорғау мәселелері бойынша діни 

лидерлердің әлеуеті күшейтілді. Бүкіл Қазақстан 

бойынша мешіттерде жұма намаздарын және 

шіркеулерде жексенбілік литургияларды өткі-

зу үшін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа 

жол бермеу мәселелері бойынша уағыз мәтіндері 

әзірленіп, бекітілді. Сондай-ақ, ЮНФПА діни ли-

дерлерге осы мәселелер бойынша діни орында-

рының оқу үдерісіне енгізу және болашақ діни 

қызметкерлерді діни қоғам мүшелеріне тиісті 

уағыз айтуға үйрету үшін ақпараттық және оқыту 

материалдары мен оқу курстарын әзірлеуде қол-

дау көрсетті.



ЮНФПА

 демографиялық талдау және халық са-

нын болжау, Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) 

қол жеткізуді мониторингілеу мәселелері бойын-

ша ұлттық институционалдық әлеуетті нығайтуға, 

халықаралық стандарттар мен БҰҰ ұсынымдары-

на сәйкес 2000, 2010 және 2020 жылдары халық 

санағын жүргізуге, мынадай ұлттық зерттеулерді: 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

79



жүктеу 22,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау