МАЗМҰНДАМА
6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне іздену диссертациясына
Мысаев Аян Оралханұлы
«Жол-көлік апаттарында медициналық көмекті жетілдірудің медициналық-ұйымдастыру аспектілері»
Зерттеу мақсаты
Жол-көлік апаттарының медициналық-ұйымдастыру және әлеуметтік аспектілерін комплекстік зерттеу негізінде алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру және алдын алуды жетілдіру бойынша нұсқаулар құрастыру.
Зерттеу міндеттері
Жол-көлік травматизмаінің эпидемиологиясын және әлеуметтік аспектілерін анықтау.
ҚР жол-көлік травматизмінің алдын алу бойынша нормативтік-құқықтық актілерді енгізудің нәтижелерін талдау (2008 жылдың 4 шілдесінен № 55- IV Заңы мысалында).
ЖКА жарақаттандарға алғашқы медициналық көмек көрсету жағдайын зерттеу.
Семей қ. жол тарабының «қауырт» нүктелерін анықтау мақсатында геоақпараттық жүйені қолданудың мүмкіндіктерін бағалау.
ЖКА жарақаттандарға алғашқы медициналық көмекті жетілдіру және алдын алу шараларын құрастыру.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:
Жол-көлік жарақаттылықтың мәселесі Қазақстан республикасының президентінің жыл сайынғы жолдауында «Болашақтың іргесін бірге салайық!» және денсаулық сақтау дамуының «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жж. мемлекеттік бағдарламасында кең шағылыс тапты. Қазақстанда Жол-көлік жарақаттылықтың (ЖКА) көрсеткіштері 49 еуро елдердің арасында ең жоғары деңгейде. Қазақстанының экономикасы үшін ЖКА 8 миллиард АҚШ долларына, ішкі жалпы продуктының 2,2% келеді. Зардап шегушіге алғашқы көмек тез арада және қандай көлемде көрсетілгендігі, жарақаттың нәтижесі жоғары болуына күмән келтірмейді. Біздің елімізде халықтың, соның ішінде жүргізушілердің, негіздік медициналық дайындығы төмен деңгейде тіркеледі. Сол себептен 90% оқиғалардың медициналық көмек зардап шегушілерге жедел-жәрдем көмегі келуімен ғана басталады. Жұмыс, Семей өңірінің жол-көлік жарақаттылықтың зерттеуі мысалымен, қауіпті факторларының басын ашуына және алғашқы медициналық көмектің мәселесінің - маңызды мақсаттарының шешіміне арналады.
Материалдар және зерттеу әдістері:
Диссертациялық жұмыс 658 ЖКА анализында, 582 жедел-жәрдем бригадасының шақыруында, 2059 амбулаторлық карталары және 1688 ауру тарихтары, 318 аутопсия актілерінде, 302 жүргізушінің сауалнамаларында, 45 зардап шегушілер сауалнамаларында, 50 травматолог дәрігерлердің сауалнамаларында, 60 Семей ауданындағы фаталды ЖКАның кеңістіктік анализінде құралған (Google map, CartaLinx Version 1.2, ESRI ArcMap 10.0 бағдарламаның). Әдістер: тарихи-аналитикалық, социологиялық, ретроспекті клиникалық (медициналық құжаттардан), статистикалық (SPSS 20 бағдарлама).
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Зерттеу аясында бірінші рет:
- ШҚО Семей аймағының мысалында жол-көлік апаттарын және онымен байланысты травматизмді комплестік бағалау өткізілді;
- ЖКА жарақаттандардың әлеуметтік суреттемесі және оларға көрсетілетін алғашқы медициналық көмектің ауқымы анықталды;
- жүргізушілердің әлеуметтік суреттемесі және оның алғашқы медициналық көмек бойынша білімі анықталды;
- геоақпараттық жүйе көмегімен фаталдық ЖКА кеңістіктік талдауы жүргізілді, ол Семей қ. жол тарабының «қауырт» нүктелерін анықтауға көмектесті;
- жүргізушілерді автомектептерде алғашқы медициналық көмек көрсету сұрақтары бойынша дайындау бағдарламасы және автомобильдік аптечка құрамы оптимизацияланды.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы
Семей қ. жол тарабының «қауырт» нүктелері анықталды, оларды жою бойынша шараларын қабылдау мақсатында қатерлер факторлары анықталды.
Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша автомектептерде жүргізушілерді дайындау бағдарламалары жетілдірілді.
ЖКА жарақаттанғандардың зақымдарын талдауға негізделген, алғашқы көмекке арналған автомобильдік аптечка құрамы оптимизацияланды.
Жедел медициналық станция немесе құтқару қызметтерінің диспетчерлеріне және жүргізушілерге алғашқы көмек көрсету бойынша инструкциялар ұсынылды.
Енгізу
Диссертацияның материалы бойынша 23 жұмыс жарияланды, олардың 9 ҚР БҒМ білім мен ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған басылымдарында, 13 мақала алыс және жақын шетелде басылымға шықты. 1 мақала Scopus, Tompson-Reuters базаларында тіркелген «Life Science Journal» (импакт-фактор 2012ж. - 0,165) журналында басылымға шықты.
Авторлық куәлік алынды, № 1274 25.10.2012ж «Жол-көлік апатында алғашқы көмектің автомобильдік аптечкасы», үш рационализаторлық ұсыныстар алында.
Өткізілген зерттеу нәтижелері бойынша жол-көлік травматизмін төмендету және алдын алу шараларымен Семей қ. әкімшілігіне, Семей қ. бойынша ІІБ ІІД ЖП, облыстық денсаулық сақтау департаментіне, ҚР денсаулық сақтау министрлігіне хаттар дайындалды. Диссертацияның негізгі нәтижелері Семей қ. ММУ хирургия және травматология, қоғамдық денсаулық сақтау кафедраларында оқу процессінде қолданылады.
Қолдану аймағы
Қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология, травматология, биостатистика.
Достарыңызбен бөлісу: |