консультанттар топтарын (ГКТ) құрды. ГКТ
Біріккен
Ұлттар Ұйымының резидент-үйлестірушісінің бас-
шылығымен жұмыс істейді, сондай-ақ аймақтың
қалған елдерін қамтиды. Олар Қырғызстандағы
Төтенше жағдайларды үйлестіру мен жауап беру
тобы (ТЖҮЖТ), Тәжікстандағы Төтенше жағдай-
ларды жылдам бағалау мен жауап беруді үйлестіру
тобы (РЕАКТ) және басқалар сияқты жергілікті
үйлестіруші механизмдері арқылы өздерінің үй-
лестірушілік және қосымша қызметтерін орындай-
ды. Бұл механизмдер Төтенше жағдайларға жауап
беру жөніндегі ұлттық құрылымдарды қоса алған-
да, гуманитарлық салада жұмыс істейтін әріпте-
стерден құралады. ГКТ ГМҮБ-тың аймақтық офисі-
нен техникалық қолдау мен ұсынымдар алады.
ГУМАНИТАРЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ
ЖӨНІНДЕГІ БҰҰ БАСҚАРМАСЫ
Миссиясы
Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі
БҰҰ басқармасының (БҰҰ ГМҮБ) Орталық Азия ел-
деріне арналған субаймақтық офисі 2007 жылдың
қыркүйегінде Қазақстан, Алматы қ.-да құрылған.
Аймақтағы төтенше жағдайлар жағдайында дай-
ындықты жоспарлау, жауап беру және күшейту
саласындағы аса қажеттілік субаймақтық офистің
2012 жылдан бері Кавказ мемлекеттерімен де жұ-
мыс жасайтын аймақтық офиске айналуына әкел-
ді. Украинадағы гуманитарлық жағдайдың салда-
рынан аймақтық офистің географиялық қамтылуы
2014 жылы одан әрі ұлғайтылып, осы елді қата-
рына қосты. Қазіргі таңда бүкіл аймаққа халықта-
рының саны 131 миллион адамды құрайтын тоғыз
мемлекет кіреді (Армения, Әзірбайжан, Грузия,
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан,
Өзбекстан, Украина).
Орталық Азия мен Кавказға арналған ай-
мақтық офис (КОАӨО) 2012 жылы Арменияда,
Қырғызстан мен Тәжікстанда төтенше жағдай-
ларға дайындықты қамтамасыз ету бойынша
келісілген күш-жігерді жоспарлау және үйлестіру
бойынша ұлттық деңгейде үкіметтер мен әріпте-
стерге мақсатты қолдау көрсететін Гуманитарлық
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
72
2018 жылғы 1 сәуір күнгі жағдай бойынша ГМҮБ
аймақтық офисі жабылған, әйтсе де ГМҮБ Грузия,
Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы төрт
ГКТ арқылы аймақта жұмыс істеуін жалғастыруда.
Негізгі жетістіктері
ГМҮБ Қазақстанды мынадай салаларда қолдайды:
• Халықаралық және жергілікті гуманитар-
лық әріптестермен ынтымақтастықта төтенше
жағдайларға жауап беру саласындағы Үкіметтік
құрылымдардың әлеуетін нығайту. 2009-2017
жылдары бірқатар шаралар ұйымдастырылды,
соның ішінде Гуманитарлық іс-қимылдарға үй-
рету бағдарламасы, табиғи апаттар жағдайын-
да азаматтық тұлғалардың құқықтарын қорғау,
дағдарыстық коммуникациялар жөніндегі
семинарлар, төтенше жағдайларда мекеме-
аралық жоспарлау, гуманитарлық ақпаратты
басқару және ГАЖ, Қазқұтқару бойынша се-
минарлар, азаматтық-әскери үйлестіру бой-
ынша дөңгелек үстел, даладағы оқу-жаттығу,
Дүниежүзілік гуманитарлық саммитке арналған
аймақтық консультацияларды қолдау бойын-
ша тақырыптық талқылаулар, төтенше жағдай-
ларға жауап беру және қауіп-қатерлерді басқа-
ру бойынша семинарлар.
• Аймақтағы және бүкіл әлемдегі төтенше
жағдайларға жауап беру және гуманитарлық
көмек көрсету бойынша аймақтық лидер ретін-
дегі Қазақстанның рөлін қолдау. Қазақстан
Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі
гуманитарлық донорлардың бірі болып табы-
лады. ГМҮБ Қазақстандық халықаралық даму
агенттігімен (KazAID) тығыз ынтымақтастықты
қолдайды. 2007 жылдан бастап Қазақстан
тарапынан көрсетілген ресми көмек гумани-
тарлық қаржыландыру ағынын бақылауға
мүмкіндік беретін қаржылық қадағалау жүй-
есіне (FTS) енгізілуде.
• Қазақстанның Іздеу және құтқару мәселелері
жөніндегі халықаралық консультативтік топ
(ИНСАРАГ) және Апаттар салдарларын баға-
лау мен халықаралық жауап беруді үйлестіру
жөніндегі БҰҰ сарапшылар тобы (ЮНДАК) си-
яқты халықаралық төтенше жағдайларға жау-
ап беру механизмдеріне қатысуын ілгерілету.
Қазақстан – 2011 жылдан бастап ИНСАРАГ
мүшесі. Оған қоса, Қазақстанның өкілдері
оларды жою үшін халықаралық көмек ресур-
стары тартылатын төтенше табиғи апаттар
жағдайында маңызды құрал – Жергілікті жер-
лердегі операцияларды үйлестіру орталығы
(OSOCC) бойынша семинарларға қатысты.
• ҚР Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта та-
биғи апаттарға дайындығының ұлттық және
аймақтық құқықтық базасын жетілдіру. ГМҮБ
Елдегі Даму мақсаттарында көмек көрсету
жөніндегі БҰҰ негіздемелік бағдарламасының
(БҰҰДҚНБ) үдерісін қолдау бойынша БҰҰ бір-
лескен күштерінің бөлігі болып табылады.
• Ерте алдын алу, апаттар қауіп-қатерін қысқар-
ту және төтенше жағдайларға жауап беру
саласында аймақтық және халықаралық
ынтымақтастықты нығайтуға қызмет ететін
аймақтық үкіметаралық үйлестіру органы –
Төтенше жағдайлар мен апаттар қауіп-қатерін
қысқарту жөніндегі орталық (ТЖАҚҚО) құру-
ды және оның әлеуетін өсіруді қолдау.
Болашақ жоспарлары
ГМҮБ БҰҰ-ның басқа агенттіктерімен қатар өзінің
мандатын жүзеге асыруды және Қазақстанның
Үкіметіне қолдау көрсетуді жалғастыруға ниет
етіп отыр.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
73