Ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл


БҰҰ БЖКБ, БОСҚЫНДАР ІСТЕРІ



жүктеу 22,61 Mb.
Pdf просмотр
бет20/24
Дата14.01.2020
өлшемі22,61 Mb.
#26543
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

БҰҰ БЖКБ, БОСҚЫНДАР ІСТЕРІ 

ЖӨНІНДЕГІ БҰҰ АГЕНТТІГІ 

Босқындар істері жөніндегі БҰҰ агентті-

гі – БҰҰ БЖКБ өзінің бірінші офисін Қазақстан 

Республикасында 1995 жылы мемлекетке он 

мыңнан астам босқынды қорғауға көмек көрсе-

ту мақсатында ашқан, босқындардың көпшілігі 

содан кейін Қазақстан Республикасында аза-

маттық алды немесе өздерінің шыққан елдері-

не қайта оралды. 1999 жылы Қазақстан 1951 

жылғы Босқындар мәртебесі туралы конвенцияға 

және оның 1967 жылғы Хаттамасына қосылды. 

Қазақстан Республикасының Босқындар туралы 

заңы 2009 жылдың желтоқсанында қабылданып, 

2010 жылдың қаңтарында күшіне енді.

Өзі құрылған мезеттен бастап БҰҰ БЖКБ 

Қазақстандағы баспана іздеген адамдар, босқын-

дар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін халықа-

ралық қорғауды қамтамасыз ететін және ұзақ 

мерзімді шешімдерді іздеумен айналысатын БҰҰ-

ның жетекші ұйымы болып келеді. БҰҰ БЖКБ бас-

пана мен азаматсыздық мәселелеріне қатысты 

ұлттық заңнаманы жетілдіру саласында қызмет 

етеді. 2018 жылғы 1 қаңтар күнгі жағдай бойынша 

Қазақстанда негізінен Ауғанстаннан келген 608 

босқын мен 209 баспана іздеген адам, сондай-ақ 

6833 азаматтығы жоқ ресми тіркелген тұлға өмір 

сүрген. Босқындардың көпшілігінің Қазақстанда 

өмір сүріп жатқандарына бес жылдан асқан. 

Қазақстан бұрынғыша баспана іздеген тұлғалар-

ды қабылдауда, көпшілік жағдайда Ауғанстаннан 

келушілер көптеп кездеседі, Сириядан, Өзбекстан 

мен басқа елдерден келушілер сирек. 

Қазақстандағы БҰҰ БЖКБ қызметінің 

басым бағыттары мыналар болып 

табылады:

• 

пана ұсыну рәсімін нығайту;



• 

босқындар интеграциясын қолдау;

• 

әрбір адамның азаматтыққа 



құқығын қамтамасыз ету;

• 

әрбір баланың туылуын тіркеу 



және туу туралы куәлік алу құқығын 

қамтамасыз ету бойынша жұмыс 

істеу;

• 

Алматы үдерісі.



БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

68


Пана ұсыну рәсімін нығайту 

БҰҰ БЖКБ пана беру рәсімдерінің сапасын артты-

ру және пана іздеген адамдарды шекаралық және 

көші-қон қызметтері арасында халықаралық 

стандарттарға сәйкес қайта бағыттаудың тиімді 

механизмін құру мақсатында мемлекеттік орган-

дармен жұмыс істейді. БҰҰ БЖКБ мен әріптестер 

шекараларда пана іздеген адамдарды қабылдау 

практикасына мониторинг жүргізеді, сондай-ақ 

пана іздеген адамдардың құқықтары туралы ше-

кара қызметі қызметкерлерінің хабардар болуын 

көтереді. БҰҰ БЖКБ босқын мәртебесін анықтау 

жөніндегі мемлекеттік комиссия отырыстарына 

бақылаушы ретінде қатысады, өз тәжірибесімен 

бөліседі және баспана беруге қатысты мәселелер 

бойынша ұсынымдар береді.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

69



Босқындар интеграциясын 

қолдау 

БҰҰ БЖКБ босқындарға және қорғауға мұқтаж 

басқа адамдарға тікелей және әріптестік үкіметтік 

емес ұйымдар арқылы құқықтық, медициналық 

және әлеуметтік көмек көрсетеді. Адамдардың 

мүдделерін бірінші орынға қоя отырып, БҰҰ 

БЖКБ қорғау шараларын арттыру, қадір-қаси-

етін сақтау және Қазақстандағы мұқтаж босқын-

дар мен пана іздеген адамдардың және жергілікті 

қоғамдастығының қарым-қатынастарын жақсар-

ту мақсатында қаржылық көмек көрсету сияқты 

жаңа көмек көрсету нысандарын енгізді. БҰҰ 

БЖКБ медициналық қызметтерге, білім беру мен 

оңтайлы интеграция үшін өзін-өзі қамтамасыз ету 

мүмкіндіктеріне мұқтаж адамдарға көмек көрсе-

туді жалғастыруда.

Жергілікті интеграцияны қолдай отырып, біз өз 

үйлерін жанжалдардан, зорлық-зомбылықтан 

және адам құқықтарының бұзылуынан тастап 

кетуге мәжбүр болған және Қазақстанда жаңа 

қоныс тапқан адамдарға медет қыламыз және 

көмектесеміз.  



Әрбір адамның азаматтыққа 

құқығын қамтамасыз ету 

БҰҰ БЖКБ Қазақстан Республикасын 1954 жылғы 

Апатридтер мәртебесі туралы конвенцияға және 

1961 жылғы Азаматсыздықты қысқарту тура-

лы конвенцияға қосылуға шақырады. БҰҰ БЖКБ 

Үкіметті азаматтығы жоқ адамдарды анықтауға, 

тіркеуге және қорғауға, сондай-ақ азаматсыз-

дықтың алдын алуға және қысқартуға бағытталған 

құқықтық және әкімшілік актілерді әзірлеу мен 

нығайтуда қолдайды. 2016 жылы БҰҰ БЖКБ аза-

маттық және азаматсыздық туралы ұлттық заңна-

маны кешендік талдауды әзірледі. Бұл маңызды 

құжат алдағы жылдары ұлттық заңнаманы қайта 

қарау үшін негізге алынады.

Көптеген жылдар бойы БҰҰ БЖКБ мен оның әріпте-

стері азаматтығы белгісіз мыңдаған адамдарға олар-

дың жағдайын шешуге және жеке басын куәланды-

ратын құжаттар алуға көмек көрсетті. Азаматтыққа 

құқық құқықтарға қолжетімділік құқығы болып та-

былады және БҰҰ БЖКБ ҚР Үкіметімен және әріпте-

стермен бірге Қазақстанда осы қиындықты түп-та-

мырымен жоюға бар күш-жігерін салады.



БҰҰ БЖКБ барлық 

балалардың туу туралы куәлік 

алу құқығын қамтамасыз 

етуде ©БҰҰ БЖКБ Қазақстан

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



70


Алматы үдерісі 

БҰҰ БЖКБ Халықаралық Көші-қон Ұйымымен 

(ХКҰ) және Орталық Азия мемлекеттерімен 

Алматы үдерісіне – босқындар мен халықаралық 

көші-қонды қорғау бойынша аймақтық консуль-

тативтік үдеріске жәрдем көрсету мақсаттарында 

ынтымақтаса қызмет істейді. Ол аралас көші-қон 

нәтижесінде туындайтын көптеген қиындықтарды 

шешуге, сондай-ақ аралас көші-қон мен босқын-

дарды қорғау саласында аймақтық ынтымақта-

стықты нығайтуға және үйлестіруге бағытталған.

БҰҰ БЖКБ БҰҰ агенттіктерімен бірге БҰҰ БЖКБ 

қорғауындағы адамдардың осалдығын азайтуға 

және өзін-өзі қамтамасыз етуін көтеруге ерекше 

назар аудара отырып, Тұрақты даму мақсаттары-

на (ТДМ) жетуге жәрдемдеседі.



Әрбір баланың туылуын 

тіркеу және туу туралы 

куәлік алу құқығын 

қамтамасыз ету бойынша 

жұмыс істеу 

БҰҰ БЖКБ құжатталмаған ата-аналарда немесе 

азаматтығы белгісіз ата-аналарда туылған бар-

лық балалардың ата-аналарының құқықтық мәр-

тебесіне қарамастан тууын тиімді және тегін тір-

кеуге қол жеткізуі үшін Қазақстанның Үкіметімен, 

БҰҰ агенттіктерімен және үкіметтік емес ұйымдар-

мен ынтымақтастықта жұмыс істейді. 2018 жыл-

дың маусымында Алматыда БҰҰ БЖКБ Қазақстан 

Республикасының Әділет министрлігімен және 

ЮНИСЕФ-пен бірлесіп құқық субъектілігін бел-

гілеу құқығы мен азаматсыздықты болдырмау 

мәселелері бойынша «Туу кезінде ешкім ұмытыл-

мауға тиіс» өңірлік конференциясын өткізді. 



Босқын бала Дүниежүзілік 

Босқындар Күнін атап өту кезінде 

өзінің өмір тарихын айтуда  

©БҰҰ БЖКБ Қазақстан

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



71


жүктеу 22,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау