БҰҰ ЕСІРТКІ ЖӘНЕ
ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ
БАСҚАРМАСЫ
Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы БҰҰ ЕҚБ миссиясы
БҰҰ ЕҚБ мандаты есірткіге, қылмыстылыққа және лаңкестікке байланысты кешенді сын-тегеуріндерді
шешуге бағытталған күш-жігерді қолдау болып табылады. Іс жүзіндегі деректерге негізделген есірткімен,
трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен және зорлық-зомбылықты экстремизмге қарсы күрес стра-
тегиялары аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үдерісінде ше-
шуші мәнге ие. Олар тұрақты дамуды қамтамасыз ететін құқықтың үстемдігі мен адам құқықтарының
сақталуы сияқты қағидаттарға негізделеді. Әлемнің ешбір елі соншалықты күрделі мәселені жалғыз өзі
шешуге қабілетті емес. Сондықтан ынтымақтастық, бағдарламаларды бірлесе жүзеге асыру, ақпарат,
сарапшылық пікір мен тәжірибе алмасу маңызды.
негізделген. ОАААҮО негізгі міндеті аймақтық
деңгейде есірткілердің заңсыз айналымы са-
ласында оны құру туралы шарттың мүше мем-
лекеттерінің күш-жігерін үйлестіру, сондай-ақ
трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес
саласында мүше мемлекеттердің құзыретті орган-
дары арасындағы барынша тығыз ынтымақта-
стықты ілгерілету болып табылады. ОАААҮО құру
жобасының пилоттық фазасы 2007 жылы жүзе-
ге асырылған. Он бес ел – Ауғанстан, Австрия,
Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Италия,
Канада, Қытай, Пәкістан, Румыния, АҚШ, Түркия,
Украина, Финляндия мен Франция, сондай-ақ
екі халықаралық ұйым –Интерпол халықаралық
қылмыстық полиция ұйымы мен Оңтүстік Шығыс
Еуропаның құқық қорғау орталығы (SELEC)
ОАААҮО
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен
олардың прекурсорларының заңсыз айналы-
мымен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық
ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАААҮО) 1996
жылы Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан
Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей
Федерациясы, Тәжікстан Республикасы,
Түрікменстан мен Өзбекстан Республикасы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қыл-
мыстылық жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ)
қатар қол қойған есірткілерді бақылау сала-
сындағы субаймақтық ынтымақтастық бойын-
ша өзара түсіністік туралы меморандум шек-
терінде құрылған. Орталық Алматы қаласында
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
74
– Орталық жанындағы қадағалаушылар мәрте-
бесін алды. 2017 жылдың қазанында ОАААҮО
өзінің құрылған сәтінен бастап он жылдығын атап
өтті.
2017 жылдың қазанында РК Үкіметі Есірткіні
бақылау саласындағы субаймақтық ынтымақта-
стық бойынша өзара түсіністік туралы мемо-
рандум тараптарының оныншы шолу кездесуін
қабылдады. Сөйлеген сөзінде Қазақстанның
Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов он
жыл ішінде ОАААҮО елеулі нәтижелерге қол жет-
кізгенін және осы сатыда ақпарат алмасу және
есірткілердің заңсыз айналымымен күрес сала-
сында күш-жігерді үйлестіру саласындағы жалғыз
тиімді аймақтық құрылым болып табылатынын
атап өтті. БҰҰ ЕҚБ Атқарушы Директоры Юрий
Федотов ОАААҮО-ның опиаттар тасымалының
негізгі бағыттары өтетін аймақтың құқық қорғау
органдары арасында өзара тығыз қарым-қатынас
құруға бағытталған БҰҰ ЕҚБ-нің желіаралық ын-
тымақтастықты құру жөніндегі бастамасының ең
негізгі элементі болып табылатындығын атап өтті.
ОАААҮО Директоры Григорий Пустовитов
Орталықтың онжылдық жұмысының нәтижелері
мен есірткі қылмыстылығына қарсы күрес аясын-
дағы қатысушы мемлекеттердің құзыретті ор-
гандарының күш-жігерін үйлестіру саласындағы
жетістіктері туралы есебін тапсырды. Сондай-ақ
есепте болашақ жоспарлары туралы ақпарат
берілген, оған есірткі қылмыстылығына қатысты
заңсыз қаржылық ағындарға қарсы іс-қимыл са-
ласындағы қызметті күшейту қамтылған.
Дамудың осы сатысында ОАААҮО мүше мемле-
кеттердің құзыретті органдарымен және басқа
әріптестерімен ынтымақтастықта ОАААҮО қаты-
сушы мемлекеттерінің аумағында жаңа психи-
калық белсенді заттар мен синтетикалық есірт-
кілердің таралуына қарсы іс-қимыл бойынша
шаралар қолданады.
Болашақ жоспарлары
Жалпы айтқанда, есірткілермен және ақшаның
жылыстауымен күрес салаларындағы әлеуетті
күшейтуге, қылмыстық сот төрелігі жүйесінің әле-
уетін күшейтуге, трансұлттық ұйымдасқан қыл-
мыстылыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес саласындағы тиімділікті арттыруға, сон-
дай-ақ пенитенциарлық жүйені реформалауға
және есірткі тұтыну деңгейін төмендету мен АИТВ
алдын алуды көздеген денсаулық сақтау бағдар-
ламаларын іске асыруға бағытталған БҰҰ ЕҚБ
интеграцияланған үйлестірілген елдік, аймақтық
және жаһандық бағдарламалары білім, ақпа-
рат, сараптамалық пікір мен тәжірибе алмасу-
дың арқасында халықаралық ынтымақтастықтың
тетіктерін іске қосу, жедел өзара әрекетті қолдау
және тиісті тиімділікке қол жеткізу арқылы ай-
мақтардың ішінде және олардың арасында желіа-
ралық ынтымақтастықты күшейтуге көмектеседі.
Қайрат Абдрахманов, ҚР Сыртқы істер министрі,
Юрий Федотов, БҰҰ ЕҚБ Атқарушы Директоры
мен Ашита Миттал, Орталық Азиядағы БҰҰ ЕҚБ
Аймақтық Өкілі
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
75
БҰҰ ТҰРҒЫН ХАЛЫҚ
САЛАСЫНДАҒЫ ҚОРЫ
(ЮНФПА)
Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрғын халық
саласындағы қоры (ЮНФПА) –
ерлер, әйел-
дер мен жастардың салауатты өмірге тең құқықта-
рын және барлығына бірдей тең мүмкіндіктерді
ілгерілететін БҰҰ жүйесінің халықаралық агенттігі.
ЮНФПА адам құқықтарын сақтауға негізделген
саясат пен бағдарламалар жүргізуге арналған де-
мографиялық деректерді ұсына отырып, елдерге
қолдау көрсетеді.
ЮНФПА миссиясы
– әрбір жүктіліктің қалаулы
болуына, әрбір босанудың қауіпсіз болуына, бар-
лық жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруға мүм-
кіндігі болуына және әрбір қыз бен әйелге құрмет-
пен қарауына қол жеткізу.
1992-1999 жылдары Қазақстан тәуелсіздік алған-
нан кейінгі өтпелі кезеңде ЮНФПА қазақстандық
қызметтерді жеткізушілерге репродуктивті денса-
улық пен репродуктивті құқықтардың халықара-
лық стандарттары саласында озық тәжірибе мен
білім бере отырып, әйел денсаулығын қорғауды
күшейтуге жұмыс істеді. Сонымен қатар Қор ба-
залық тренингтер өткізе отырып, медициналық
жабдық пен контрацептивтер бере отырып, ана
денсаулығын нығайтуға жәрдемдесті.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
76