30
Еуропаның коптеген елдерінде келеңсіз қылықтар егер шегінен шығып болмаса
деңгейінен асып кетпесе, оларға заңмен тыйым салынбайды. Мысалы,
ондайларға, малдармен болған немесе зорлықты көрсетуші жыныстық актілері
бар материалдар жатады.
Барлық еуропалық елдер, мұндай ақпаратқа балалардың қолжетімділігі қаупі
бар болғанда, ой еркіндігін қатаң шектеуде бірдей.
Келеңсіз қылықтары үшін жауапқа тартылған, порнографиялық сайттың иесіне
тағылған жала туралы, Ұыбританияға қарсы Перрин
lxxxiv
ісінде, ЕАҚС ойды
білдіру еркіндігінің құқығы бұзылған деп таппады, оған себеп веб-сайт иесінің
кәмелетке толмағандарды келеңсіз контент ықпалынан қорғай алмағандығы.
Олар тіпті болмағанда, мысалы, сайтқа кірушілердің жас мөлшерлерін
тексерулері қажет еді.
Ұлыбританияға қарсы Перрин жағдайына қабылданған шешім, блогерлерге де
қатысты, сол себепті мұндай қателіктер үшін олар жауапкершілік атқарулары
мүмкін.
Мемлекет адамдарды анонимдік сексуалдық жауыздардан қорғауға
міндетті ме?
ЕАҚС, мемлекет сексуалдық жауыздардан және олардың Интернеттегі жеке
ақпараттарын беруден балаларды қорғау үшін түп негізін қамтамасыз етуі тиіс
деп бекітті.
Финляндияға қарсы К.Ю.
lxxxv
ісі, мемлекеттің баланы сексуалдық жауыздар
тарапынан тиісу қаупіне душар етіп, 12 жасар қыз баланың жеке мәліметтерін
танысу сайтына жариялаған белгісіз адамды теңестіруден бас тартуына
қатысты болды. Бұл істе ЕАҚС, мұндай ақпаратты жария етуші адамның жеке
тұлғасын интернет-провайдерлерінен анықтауға полицияның заңды өкілеттілігі
болмағанын түсіндірді.
Мемлекет балаларды қорғау үшін, неғұрлым маңызды оқиғаларда анонимдік
тұлғалардың жеке тұлғасын ашуға рұқсат беретін, заңнамалық ережелермен
қамтамасыз етуі қажет. Финляндияға қарсы К.Ю. ісі бойынша шешім,
балаларды қорғау мәселесіне қатысты болса да, нақ сондай қорғаныс
ересектерге де қажеттігіне нық сендіруге болады.
Интернет-қарақшылыққа шектеу
Авторлық құқық блогерлер мен интернет-БАҚ-қа қалай әсер етеді?
Авторлық құқық ұлттық және халықаралық заңнамамен қорғалған және
материалдық тасымалдауышқа түсірілген түпнұсқалық шығармалардың
авторлық қорғау формасы болып табылады. Авторлар авторлық құқықтың
иегерлері болып табылады және келесі құқықтарға ие:
•
Жұмыстардың көшірмелерін жасауға;
•
Түпнұсқаға негізделген жаңа жұмыстарды жасауға;
31
•
Жұмысты сату, жеке меншік құқығын беру, жалға беру, лизинг немесе
кредитке беру жолымен таратуға.
Құқық иегерлері өз жұмыстарын адамдарға қолдануға бере алады. Құқық
иесінің келісімінсіз мұндай қолдану авторлық құқықты бұзушылық болады.
БАҚ-тың репортажы мен жарияланымдары авторлық құқықтарды мына
жолдармен бұзуы мүмкін:
•
өзге адамның музыка және бейне, мақалалар, фотосуреттер түріндегі
түпнұсқалық туындыларын рұқсатсыз жария ету;
•
көркем және сән көрмелері сияқты, көркем немесе әдеби шығармалар,
қоғамдық жазбалар арасындағы рұқсат етілмеген көрсетілімдер;
•
телебағдарламалар Бағдарламаларын рұқсатсыз көрсету.
Мемлекет авторлық құқықты қалай қорғайды?
Авторлық құқықты бұзу санкциясы әкімшілік, азаматтық және қылмыстық
жауапкершілік түрінде қарастырылған.
Бірқатар елдердің (Франция, Ұлыбритания) сараланған қайтарымды
әрекеттерінің («үш есе соққы») бары, авторлық құқық жайындағы заңдарының
ерекшеліктері болып саналады; бұл механизмдер Интернеттегі авторлық
құқықты бұзумен күрес үшін ендірілген. Механизмдер, қолданушыны екі
ескерту алып және интеллектуалды меншікті үш рет бұзғаннан кейін ғана,
Интернеттен шеттетеді, немесе Интернетке қолжетімділікке рұқсат бермейді.
Құқық иесінен оның құқығы бұзылғандығы туралы шағым алынған соң,
провайдер абонентті оның IP-адресі авторлық құқықпен қорғалған материалды
заңсыз көшіру үшін қолданғаны расталғандығынан хабардар етуі тиіс. Егер
ескертпе елеусіз қалдырылса, провайдер екінші ескерту жасайды. Сот немесе
тәуелсіз орган болжалды құқық бұзушының жазылымын белгілі бір уақыт
мерзіміне тоқтата алады. Құқық бұзушыларға қарсы әрекет әкімшілік немесе
азаматтық, қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығармайды.
Авторлық құқық және ойды білдіру еркіндігіне қатысты халықаралық
стандарттар қандай?
Авторлық құқықты қорғау халықаралық және ұлттық заңнамалармен
кепілденген, жеке меншік құқығының бөлігі болып табылады. Халықаралық
және ұлттық төрешілер авторлық құқық ойды білдіру еркіндігіне әсер ететінін
қазірден-ақ бекітіп, келесі қағидаттарды анықтады:
Авторлық құқық абсолюттік болып табылмайды, сол себепті, шектеуге
жатуы мүмкін;
Шектеу нақты әр жағдай негізінде, дербес анықталуы тиіс;
Сот авторлық құқық туралы істі қарау барысында ойды білдіру еркіндігі
құқығы мен жеке меншік құқығының арасындағы теңгерімді және ойды
білдіру еркіндігіне шектеудің заңдылығын бағалау үшін халықаралық