48
Интернет-сайттар, әлеуметтік желілер (әлеуметтік медиа) болып табылады,
олар тұтынушылық контент құрып және олармен алмасуға мүмкіндік береді.
Мысалға, Facebook және Twitter нағыз әлеуметтік желілер болып танылады.
Неге әлеуметтік желілер ойды білдіру еркіндігі көзқарасы тұрғысынан
маңызды?
Әлеуметтік желілер, ойды білдіру еркіндігі көзқарасы тұрғысынан өте маңызды,
себебі олар қоғам назарын аударатын мәселелердің талқылау түрін ұсынады.
Әлеуметтік желіні қолданушылар бірден екі құқықты іске асырады: ойды
білдіру еркіндігі және жиын еркіндігі құқығын, өйткені әлеуметтік желілер
көзқарас тұрғысында да қолданылып, сонымен қатар вируалды қауымдастық
құру және оған қатысу үшін де қолданылады (мысалы, Facebook-тегі топтар).
Адамдар саяси және тағы да басқа кампаниялар барысында күштерін біріктіре
және оқиғаны ұйымдастыра отырып, әлеуметтік желіге арқа сүйейді.
Әлеуметтік желілер контексінде сөз еркіндігінің қандай мәселелері
туындайды ?
Әлеуметтік желілер қызметі ойды білдіру еркіндігі құқығына ықпал ете алады,
егер әлеуметтік желілер:
• адам құқықтарына сезімсіздік танытса: мысалы, олар балалар мен
жастарды зиянды контенттерден тиісті қорғауды қамтамасыз етпесе,
немесе басқа құқықтарды құрметтемесе;
• қолданушыларды шығарған жағдайда процессуалдық және құқықтық
кепілдік бермесе;
• олардың жеке мәліметтерді қолдану және жинау мақсаты ашық болмаса.
Әлеуметтік желіде немен бөлісуге болады?
Әлеуметтік желідегі кез келген ойды білдірудің заңдылығы, әлеуметтік желінің
ішкі ережесіне, сонымен қатар әлеуметтік желіні қолданушылар қызметін
реттеуші ішкі заңнамасына байланысты.
Facebook ережесі Facebook талаптарында, Facebook міндеттері мен құқығы
туралы Мәлімдемесінде және Facebook қауымдастығы Стандарттарында
айтылады. Facebook қауымдастығы, Стандарттары және міндеттері мен
мәлімдемелерінде, оның ережелерін қолданушылардың сақтайтынына кепілдік
береді. Ұлттық басқарым органдары Facebook контентінің ішкі заңнамаға
сәйкестігін бақылап отырады.
Әлеуметтік желінің ережесі ішкі заңдармен сәйкес келмеуі мүмкін, себебі,
әлеуметтік желілер, әдетінше, халықаралық деңгейде қамтылған. Бірақ жанжал
салдарынан қандай мәселелер туындауы мүмкін?
Әлеуметтік желілердің ішкі заңнамаларға жол беруі.
Әлеуметтік желілер табыс алуға бағытталғандықтан, олар жер беті бойынша
жұмыс жасауға мүдделі. Әлеуметтік желілер нақты елдердің нарығынан пайда
көру үшін, тіпті ол халықаралық құқықпен қаралған ойды білдіру еркіндігіне
көбірек шектеу қойса да, сол елдің заңнамасына «іштей енеді». Мысалы,
49
Түркияда жұмыс жасау үшін Facebook Күрд елінің картасын жариялауға рұқсат
бермейді, одай карталар халықаралық құқық шеңберіндегі сенім мен ойды
білдіруде заңды болып табылса да.
Ойды білдіру еркіндігін шектеу, ішкі заңнамамен талап етілуден қарағанда
көбірек.
Әлеуметтік желілер ой еркіндігін ішкі заңнамамен талап етілгеннен де көп
шектеуі мүмкін. Мысалы, Facebook ашықтығы туралы Ереже, көптеген еуропа
елдерінің либералдық ережелерінен қатаң.
Әлеуметтік желілерді реттеуші халықаралық стандарттар қандай?
Министрлер Комитеті әлеуметтік медиада ойды білдіру еркіндігі құқығы
өлшемдерін орнататын, әлеуметтік желідегі адам құқығын қорғауға қатысты,
мүше-елдерге CM/Rec (2012)4 Ұсынымын шығарды:
cxii
• Әлеуметтік желілер ережісі адам құқығын сақтау стандарттарымен
негізделуі қажет.
• Әлеуметтік желілер ережісі ойды білдіру еркіндігі туралы халықаралық
нормаларға сай, ал барлық ерекшеліктер АСХҚП 19-бабы, 3-
тармағының үш ережесіне сәйкес болуы шарт.
Әлеуметтік
желілер
қолданушылары
әлеуметтік
желілердегі
ақпараттарды орналастыру стандарттары туралы, сонымен қатар
контентті қадағалау рәсімінің барынан хабардар болулары тиіс.
cxiii
• Әлеуметтік желілер балалар мен жасөспірімдерді кибер-аздыру, кибер-
зорлық және зиянды контенттерден қорғауы тиіс.
cxiv
• Әлеуметтік желілер дербес мәліметтерді заңсыз өңдеулерін тоқтатулары
қажет.
cxv
Ұлттық заңнама әлеуметтік желілерді реттеуге тиіс пе?
Әлеуметтік желілер байланысудың жеке өрісін құрады. Мемлекетке әлеуметтік
желі адам құқығын қорғау аясында халықаралық құқық нормаларына сәйкес
әрекет етіп жатса, әлеуметтік желіге араласу қажеттілігі жоқ.
Әлеуметтік желілер қызметтерін өздері реттеп отырулары шарт; мұнымен қоса,
мемлекет азаматтық қоғам және жеке сектор өкілдерімен кеңесе отырып,
әлеуметтік желіде адам құқығын қорғау мен көтермелеудің жүйелі
стратегиясын жылжытып және дамытып отыруы тиіс. Олар қолданушылар
үшін қарастырылған өзін-өзі реттейтін механизмдердегі процессуалдық кепілдік
ішіне, қолданушылардың естілуге құқығы, сонымен қоса әлеуметтік
желілердегі провайдерлер шешіміне шағымдану мен қайта қарау құқығының
кіретініне кепілдік берулері шарт.
Әлеуметтік желілердегі білдірген ой үшін кінәні мойнына алған істер,
сонымен қатар әлеуметтік желілердегі ойды білдіруді қылмыстық қудалау
саласындағы саясат және ішкі заңдар істері.
Мемлекет әлеуметтік желілердегі жаман оймен жасалған әрекеттерден осал
азаматтар тобын қорғауға арналған шаралар қабылдайды. Мысалы, 2014 жылы
Ұлыбританияда қыздың ұрланғаны туралы әзіл ретінде жеке пікірін Facebook