27
қылмыстандырылмаған. Қылмыстық кодекс, егер арандатушылық сарыны
қоғамдық тәртіпке қатер төндірсе, мемлекетке немесе тайпаға, халыққа, белгілі
бір нәсіл тобына болмаса шіркеу, нақты діни қауымға қарсы дұшпандық
әрекеттер жасауға ашық нәсілдік арандатушылық болса ғана қылмыс деп
табады.
lxxiii
Өшпенділік насихатына қарсы санкция ендіру қажеттігіне қандай
факторлардың маңызы бар?
Бұған дейін айтылғандай, өшпенділік насихаты мәселесі бойынша сот шешімін
шығарушы сот алқалары және басқа да органдар, санкцияның сәйкес және
қажет екенін түсінулері керек. Әрбір жекелеген жағдайларда олар айтылым
контексті мен тәсілі, келтірілген залал, айтушының пиғылы сияқты нақты
жағдайды қарастырулары тиіс. Ойды білдіру еркіндігіне қойылған шектеуді
ақтап шығу үшін, сот орындары мен төрешілер тиісті және жеткілікті негізді
алға тартулары тиіс.
БАҚ өшпенділік насихаты бар репортаждарға жауапкершілік артауға тиіс
пе?
Мемлекет өшпенділік насихатын шектеу барысында БАҚ-қа өшпенділікті
тұтату және нәсілдік сынды қоғамдық қызығушылық тудыратын мәселелер
жайлы ақпараттандыруға кедергі жасамауы тиіс.
Ұлттық заңнама және оны қолдану тәжірибесі бір жағынан, «өшпенділік ойын
білдіруші
автордың
жауапкершілігін»,
екінші
жағынан
«қоғамдық
қызығушылықты білдіретін мәселелер бойынша пікірлер мен өзінің
ақпараттарды беру миссиясы шеңберінде оларды таратуға септігін тидірген
бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары
жауапкершілігін айыра білуі қажет.
lxxiv
Өшпенділік насихатын таратудағы БАҚ жауапкершілігін қалай анықтау
керек?
Өшпенділік насихатын таратқаны үшін БАҚ жауапкершілігі ісін қараушы сот
және басқа органдар, сот қаулысын шығарушылар келесілер жайлы хабардар
болулары шарт:
• нәсілдік жайлы репортаж, ксенофобия, және басқа түрдегі төзімсіздіктер
халықаралық құқықпен толықтай қорғалғанын;
• БАҚ-қа қарсы тиісті жазалау шаралары әр бір нақты іс жағдайын есепке
ала отырып дәлелденуі тиіс, мұнымен қоса «берілген мәліметтердің
мақсаты мен мәнмәтіні, мазмұны, сипаты» есепке алынуы шарт;
• «сонымен қатар журналистік еркіндікке құрмет, мемлекеттік билік
немесе төрешілер журналистер қолданатын репортаж талдамалары тәсілі
мен сипаты жағынан БАҚ-қа өз пікірін таңбауды білдіреді».
lxxv
28
Терроризмге арандатушылыққа шектеу
Интернет терроризм әрекетіне арандатушылыққа белсенді қолданылады. Кейбір
елдерде терроризмге қатысты контент тарату, қылмыстық іс болып қаралады.
Басқа елдерде, кім ондай контентті жүктеп және террористік материалдары
болса, оларға террористік заңнама шеңберінде айып тағылады.
Терроризмнің алдын алу үшін, қандай айтылым заңнан тыс деп
жариялануы қажет?
Терроризмнің алдын алу туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясы мемлекетті
терроризмнің алдын алып және келесі әрекеттермен:
• террористік қылмысқа көпшілікті арандатушылықпен;
• рекрутинг және террористерді дайындаумен күресуге міндеттейді.
lxxvi
Осы әрекеттер және олар интернет арқылы жасалған жағдайда қылмыстық
жауапкершілік қолданылады.
Блогерлер мен интернет-БАҚ-қа терроризмге қарсы заңнама қандай түрде
қолданылуы тиіс?
Терроризм туралы заңнама ойды білдіру еркіндігінің негізгі қағидаттарына,
соның ішінде баспасөз еркіндігіне қайшы қолданылмауы тиіс.
Блогерлер немесе интернет-БАҚ-қа қарсы терроризмге арандатушылық айыбын
қарастыру барысында, төрешілерге олардың ниеті және олар келтірген нақты
залалға көңіл бөлгендері жөн.
lxxvii
Мәлімдеме мен залалдың арасындағы
қатынас түсінікті де үйлес болуы шарт. Жарияланған мәлімдеме оқшау түрде
емес, айтылым мен барлық мәнмәтін жарияланымында және іс жағдайындағы
барлық мәнмәтінде қаралуы шарт.
lxxviii
Терроризмге арандатушылық қалай реттеледі?
Мемлекетте терроризмге арандатушылықтың, террористік насихат және/немесе
террористердің интернетті қолдану қылмыстылығының әр түрлі тәжірибесі бар.
Мысалы, Финляндияда, Қылмыстық кодексте терроризмге арандатушылық
қылмыс деп саналғанымен, терроризмге үгіттеуші материалдарды ұстау
қылмыстық жазаға жатпайды. Ал, Албанияда бұдан өзгешелігі, терроризмге
үгіттеуші материалдарды ұстау қылмыс теп табылады.
lxxix
Кейбір, Словения, Ұлыбритания және Франция сынды елдер, террористік
әрекеттерді жариялау және қоғамдық насихаттау үшін қылмыстық
жауапкершілік ендірсе, басқа елдер оны жасаған жоқ.
Балалар порнографиясына шектеу.
Балалар порнографиясына қатысты халықаралық стандарттар қандай?
ЕО киберқылмыстық мәселелер бойынша конвенциясы, мемлекеттен
қылмыстық жауапкершілікті мыналар үшін ендіруін талап етеді:
29
Балалар порнографиясы бағдарламасын өндірген, таратқан немесе
жариялаған;
Балалар порнографиясын сатып алған және сақтаған, көпшілікке
қолжетімді жерге орналастырған, ұсынған.
lxxx
Балалар порнографиясын көзбен шолуды бейнелеуші:
(a) ашық сексуалдық әрекеттерге қатыстырылған, кәмелеттік жасқа
толмағандарды;
(b) ашық сексуалдық әрекеттерге қатыстырылған, өзін кәмелеттік жасқа
толмаған ретінде көрсетуші тұлғаны;
(c) ашық сексуалдық әрекеттерге қатысқан, кәмелеттік жасқа толмаған
тұлғаның шынайы бейнесі, порнографикалық материалдар ретінде қаралады.
lxxxi
Мемлекет балалар порнографиясымен қалай күреседі?
Барлық мемлекеттер кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен болған
порнографиялық материалдарды насихаттау немесе сату, жарнамалау, тарату,
өндіру әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік ендірген.
lxxxii
Мемлекеттер шынайы емес кейіпкерлермен (суреттер, картиналар,
мультфильмдер және т.б.) жасалған балалар виртуалдық порнографиясына әр
түрлі қарайды: Австрия мен Ұлыбритания сияқты елдер, мұндай суреттемелерді
жасап шығаруға қылмыстық жауапкершілік ендірді. Ал оларды жеке
қолданысына ұстауға болады. Албания, Болгария, Беларусия және басқа
елдерде мұндай ережелер жоқ.
Келеңсіз контент және ашық сексуалды мазмұндағы контентке шектеу.
Келеңсіз контент және ашық сексуалды мазмұндағы контентке қатысты
қандай халықаралық стандарттар бар?
Ойды еркін жеткізу құқығы «мазалап және ұятқа қалдырып, қорлауы» мүмкін
пікірлер мен ақпараттарға да таралатындығына қарамастан, халықаралық
құқық мемлекеттің сенім мен ойды білдірудің еркіне шектеудің заңдылығына
қатысты, АСХҚП 3-бабында айтылған үш өлшемді міндетті түрде сақтағанда
ғана, қоғамдық адамгершілік мүддесіндегі сөз еркіндігін шектеуін қабылдайды.
Келеңсіз контент және ашық сексуалды мазмұндағы контентке нелер
жатады?
Халықаралық құрылымдар, келеңсіз қылықтың жан-жақты концепциясын
қабылдаудың, сонымен қатар оны абсолюттік нақтылықпен құраудың
қиындығын мойындауда. Олар барынша кең көзқарасты ұстанады және
адамгершілік мәселесінің жергілікті және ұлттық мәдениет пен дәстүрге тығыз
байланыстылығын мойындайды.
lxxxiii
Осыған байланысты, мемлекеттерде
келеңсіз қылықтарды анықтаудың әр түрлі жолдары мен қөзқарастары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |