Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет46/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89

 
 
126 
қалыптасқан математиканың толық еместігі туралы теоремасы) үшін оны 
толық  көрсету  мүмкін  болмады.  Екіншіден,  гильберттік  математика 
құралдары  көмегімен  арифметиканың  қарама-қарсы  еместігін  таза 
синтаксистік тәсілмен дәлелдеу мүмкін болмады. 
    Г.Вейль  және  А.Гейтинг  интуиционистері  талқылаудың  ақиқатты 
мәндерін бағалауда интуитивті айқындылық критерийін зерттеу нысаны 
етіп  алған.    Интуиционистік  математиканың  гносеологиялық 
негіздемелері  мүмкін  болатын  абстракция  шеңберінде  математикалық 
объектілерді  құруға  мүмкіндік  беретін  қағидаларды  қабылдаумен 
байланысты болды. 
    Интуиционистер  математиканы  негіздеу  ретінде  математика 
пәнінен  дәйектемелердің  күшеюіне  әкелетін  объектілерді  алып  тастау 
кезінде  көрген.  Мұндай  жағдайда  математика  пәнінен  өзекті  шексіз 
көптіліктер  жойылады,  бірақ  шексіз  көптіліктер  қалады,  олардың  орын 
алуы  интуиционистік  дәйектемелік  шеңберіне  кіреді.  Математиканы 
интуиционистік 
негіздеудің 
басты 
кемшілігін, 
интуиционизм 
сынаушылары математика пәнін шектеуде көрген. 
   Жоғарыда  қарастырылған  барлық  бағыттар  гносеологиялық  алғы 
шарттар 
негізінде 
математиканы 
негіздеуге 
ұмтылған 
және 
математикадан,  оның  шеңберіне  кірмейтін  заттардың  барлығын  жоққа 
шығарған.  Осыдан  қарама-қайшылық  пайда  болған,  ал  ол 
математикадағы сыни жағдайларға әкелген. 
   А.А.Марков  конструктивизмнің  отандық  мектебі  математиканы 
негіздеуді басқаша қарастырған. Конструктивизм өз міндетін қарапайым 
математиканың  конструктивті  бөлігін  ажырату  және  оны  таза  түрде 
зерттеуде  көрген.  Ол  сандық  математиканың  дамуына  байланысты 
ерекше  маңызға  ие  болды.  Конструктивтік  математиканың  негіздемесі 
математикалық  теорияларды  конструктивті  түрде  құруда  болды.  
Негіздеудің  конструктивтік  теориясы  тұрғысынан  бүкіл  классикалық 
математика негізделмейді. 
    Осылайша, 
математиканы 
негіздеудегі 
барлық 
бағыттар 
қабылданатын 
дәйектеудің 
кез-келген 
бағытына 
негізделген. 
Математиканы  негіздеудегі  әр  түрлі  бағыттар  тірі  ұлғаймалы  білім 
ретінде мазмұндық математиканың       әртүрлі қырларын ашқан. Дәл осы 
бағыттар кез-келген мазмұндық математика теориялары қалыптасуының 
толық  еместігі  сияқты  математиканың  фундаменталды  ерекшелігін 
айқындауға  мүмкіндік  берді.  Математиканы  негіздеудегі  ерекшеліктер 
математикалық объектіні әртүрлі түсінумен анықталады.  
    Математиканы  негіздеу  үрдісінде  ашылатын,  оның  ерекшелігі 
«математикалардың көптілігі» феномені.  
    1960  ж.  бастап  математиканы  негіздеу  мәселесіндегі  міндеттердің 
бағыты  «машиналық  математикаға»  байланысты.  Осының  нәтижесінде 


 
 
127 
жаңа гносеологиялық ситуация туралы сөз қозғауға болады. Математика 
дамуының  болашағы  және  оны  негіздеуді  ұғыну  математикалық 
дәлелдеудің арнайы критерийлері пайда болғандағы адам және  машина 
арақатынасына байланысты бола бастайды. 
 
ХХ  ғ.  ғылымындағы  байқалатын  тенденциялардың  ішінде 
ғылымдағы,  әсіресе  жаратылыстанудағы  математика  маңыздылығының 
жоғарлауын атауға болады (кез-келген білім саласының  ғылымдылығы 
ондағы  математиканы  пайдалану  дәрежесімен  анықталады  деген  пікір 
антикалық  заманнан  қалыптасқан).  Осы  тенденцияны  жиі  «ғылым 
математизациясы» деп атайды. Бұл құбылыс философиялық-әдістемелік 
мәселелерді туындатады және терең ойластыруды талап етеді. 
ХХ  ғ.  көптеген  ғылымдарда  математикалық  гипотеза  және 
математикалық  модельдеу  әдістері  кең  қолданыла  бастайды.  Олардың 
қолданылуы қазіргі кездегі ғылымда тек пәк объектілер орын алатынына 
байланысты  (әлі  болмаған  немесе  қағидалы  байқалмайтын  объектілер). 
Математикалық  гипотеза  әдісі  әртүрлі  ғылымдардағы  үнемі  түсіндіру 
мен  болжамдау  мәселелерін  шешу  арқылы  кең  түрде  мүмкін  болатын 
математикалық  конструкцияларды  таңдауды  ұсынады.  Математикалық 
модельдеу  әдісі  объектіні  тұтастай  елестетуге,  жақындауға  мүмкіндік 
береді,  ол  күрделі  түрдегі  өзін-өзі  ұйымдастыру  объектілерін  зерттеуде 
маңызды.  Сонымен  қатар,  аталмыш  әдістер  адам  өмірінің  кез-келген 
саласындағы  құбылысты  болжамдауға  мүмкіндік  береді,  сондықтан  тек 
қана  жаратылыстануда  емес,  әлеуметтануда,  экономикада  және  басқа 
әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдарда  да  кең  тараған.  Әсіресе,  қазіргі 
кездегі космология мен әлеуметтік экологияны атауға болады.  
         Сонымен,  математика  философияны,  оның  мәнін,  пәнін  және 
даму  заңдылықтарын  анықтайды;  қазіргі  кездегі  ғылым  мен 
мәдениеттегі алатын рөлін анықтайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
128 
6 ТАРАУ.  ФИЗИКАНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ 
 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
Физика  ғылым  ретінде  материалдық  дүниенің  қарапайым  және 
жалпы қасиеттерін зерттейді. Осы жалпылықтың нәтижесінде физика 
және оның заңдары барлық жаратылыстанудың негізінде орын алады, 
дүниенің  ғылыми  суреттемелерінің  негізі  болып  табылады,  табиғи-
ғылымдық және гуманитарлық білімнің сараптамасына ықпал етеді.  
Физиканың философиялық мәселелеріне онтологиялық, логико-
гносеологиялық  және  әдістемелік  негіздемелер  кіреді.  Физикалық 
таным  әдістерінің  спецификасы  нақтылықтың  құрылымдылық, 
жүйелілік және функционалдық ерекшеліктерімен байланысты.  
Физиканың  онтологиялық  мәселелері  табиғи-материалдық 
жүйелердің  әртүрлі  типтерінің  құрылымдық  ұйымдастырылуы  мен 
дамуының    жалпы  қасиеттері  мен  заңдылықтарын  зерттеу  мен 
айқындаудан  тұрады  және  бір-  қатар  маңызды  ұғымдар  мен 
қағидаларды қарастыруды талап етеді.  
Дүниені  философиялық  тануда  материя  ұғымы  негізгі  болып 
табылады, себебі оның  дүниетанымдық  мазмұны материяның  табиғи 
және  әлеуметтік  нысандарындағы  жалпы  қасиеттерін,  заңдарын, 
құрылымдық  қатынастарын,  қозғалысы  мен  дамуын  ашумен 
байланысты. 
  Физикадағы материя ұғымы-орталық, себебі физика заттың негізгі 
қасиеттерін, фундаменталды арақатынас типтерін, әртүрлі жүйелердің 
(қарапайым  механикалық  жүйелерді,  кері  байланысы  бар  жүйелерді, 
өзін-өзі  ұйымдастыратын  жүйелерді)  қозғалыс  заңдарын  зертейді. 
Осы қасиеттер мен заңдар техникалық, биологиялық және әлеуметтік 
жүйелерде  көрініс  табады,  сондықтан  физика,  ондағы  болып  жатқан 
үрдістерді  түсіндіру  үшін  кең  қолданылады.  Осының  барлығы 
материяны философиялық анықтау мен оның құрамы мен қасиеттері 
туралы физикалық ілімді біріктіреді. 
       Материяның  жалпылама  атрибуттары:  қозғалыс,  кеңістік,  уақыт, 
құрылымдық, жүйелік ұйымдастырылуы мен өзін-өзі дамыту қабілеті, 
үзділікпен  үздіксіздік  бірлігі,  өзгеру  мен  дамудың  әмбебап 
диалектикалық  заңдар  әрекетінде  көрініс  табатын  басқа  да  бір  қатар 
қасиеттер.  Материя  мен  оның  атрибуттары  құрылмайды  және 
жойылмайды,  мәңгі  болады  және  көрініс  табу  нысандары  бойынша 
шексіз  көп  түрлі  болады.  Дүниедегі  барлық  құбылыстар  табиғи 
материалдық  байланыстар  мен  өзара  қатынастармен,  себепкерлік 
қатынастармен, табиғаттың объективті заңдарымен детерминациялық 
байланыста.  


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау