Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет2/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

 
 

философиясы, ғылым социологиясы, ғылым психологиясы және басқа 
бағыттар.  Ғылым  тарихының  статусы  мен  проблемалары.  Ғылым 
тарихының  дамуына  пән  ретінде  баға  беру.  Ғылым  философиясы 
негізгі  тақырыптары.  Ғылым  философиясының  методологиялық 
негіздері.  Мәдениет  жүйесіндегі  ғылым.  Қоғамдағы  ғылымның  рөлі 
мен  функциялары.  Философия  мен  ғылымның  өзара  байланысының 
тарихы.  Ғылымның  жетістіктеріне  философиялық  тұрғыдан  түсіну, 
негізгі позициялар, ғылымның проблемаларын талқылау, ғылымдағы 
философияның  функциялары  (тарихи  ракурс).  Ғылымның  дамуына 
философиялық  коцепциялардың  әсері.  Ғылым  және  дін.  Ғылымның 
дүниеге, діни көзқарасқа тигізетін әсері. Дін мен ғылымның сұхбаты. 
Ғылымның  әлеуметтік  статусы  және  оның  дінге  деген  қатынасының 
өзгеруі.  Ғылым  және  білім.  Ғылымның  дүниетанымдық  аспектілері. 
Ғылым  өндіргіш  күш  ретінде.  Ғылымның  гуманистік  көкжиектері. 
Ғылым  және  парасаттылық.  Ғылымның  құндылық  статусы. 
Ғылымдағы  жеке  тұлға.  Ғылым  тарихының  әлеуметтік  қырлары. 
Ғылымдағы әлеуметтік табиғилық проблема ретінде. 
Ғылыми 
идеялар 
тарихындағы 
философия. 
Ғылымдар 
шығармашылығындағы 
философияның 
рөлі. 
Ғылымның 
философиялық  және  методологиялық  проблемалары  дербес  зерттеу 
саласы 
ретінде 
(құбылыстар 
тарихында). 
ХХ 
ғасырдағы 
ғылымдардың  философиямен  берік  байланысы  (А.Эйнштейн,  Н.Бор, 
М.Бори,  В.Гейзенберг,  В.И.Вернадский,  Қ.И.Сәтбаев  және  т.б). 
ғылымдар 
концепциясы 
философия 
мен 
ғылымдар 
методологиясындағы  негізгі  ыңғайлар.  Ғылымның  қазіргі  кезеңдегі 
концепцияларының  жіктелуі  неопозитивизм,  ғылыми  зерттеу 
логикасы, ғылым онтологиясы, ғылымның постопозитивистік бейнесі. 
Философия  тарихының  ғылымға  айналу  жолында  әрбір  заман 
талабына  байланысты  бірқатар  ойлау  жүйелері  мен  стильдері 
қалыптасқан  еді.  Оларды  саралап  қарасақ,  біріншіден,  философия 
тарихын  объективті  үрдіс    ретінде  қабылдау  қажеттігі  туады,  себебі 
ол  субъективті  ойлау  құрылымдарын  субъективті  сынау  ғана  емес, 
керісінше,  әрбір  ғалымның  қалдырған  ізгі  объективті  шындығының 
бір  бөлігі  немесе  жанамасы.  Осыдан  келіп,  екіншіден  ғылым 
философиясы  тарихы  оқу  пәні  ретінде  қалай  көрінуі  қажет  деген 
мәселе  көлденеңдейді.  Идеалды  түрде  осы  екеуінің  қазіргі  ғылым 
философиясы  тарихында  бірегей  жағдайда  болғаны  дұрыс-ақ,  ал  іс 
жүзінде олар әрбір кезде жеке дара орын алуда. 
Ғылыми- философиялық шығармашылық соңғы кезге дейін көп 
жағдайда қоршаған болмыстың сыртқы көріністерін ғана жанап өтіп, 
ішкі  мәнділіктеріне  бойлай  алмайтын  дәрежеде  қызмет  атқарғаны 


 
 

белгілі.  Басты  мәселе  мәңгілік,  жалпылық,  универсалдық,  ой 
түйіндерін баса ашып көрсетуде болып тұр.  
Еуразиялық кеңістіктерде қалыптасқан рухани құндылықтардың 
тұтастығы  мен  сапа  жағынан  адамзат  ғылымы  тарихының  бүгінгі 
таңдағы келелі мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені әлемдегі 
халықтардың,  ұлттардың,  нәсілдердің  өзіне  сай  тарихи  қалыптасқан 
рухани,  мәдени,  адамгершілік  қасиеттері  барлығын,  яғни  өзіндік 
құндылықтарын  ескеру  керек.  Тарихтың  қазіргі  белесінде  осы 
құндылықтарды  жандандыру,  солардың  негізінде  жаңа  белеске 
көтерілу  бүгінгі  таңның  талабына  айналуда.  Ғылым  тарихының 
құндылықтарын терең зерттеу, олардың ішкі мәнін айқындау, жалпы 
адамзаттық  өркениет  аясындағы  даму  бағыттарын  зерделеу  –  қазіргі 
ғылым философиясының алдында тұрған басты мәселелерінің бірі.  
Осы  оқу  құралын  дайындау  үстінде  соңғы  жылдары  жарық 
көрген  докторанттарға,  магистранттар  мен  аспиранттарға  арналған 
жаңа басылымдар пайдаланылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
І БӨЛІМ 
 
 
Ғ
ЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ 
ТАРИХЫНЫҢ  
НЕГІЗГІ  БЕЛЕСТЕРІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 

1.1 Аристотельдің   жіктеуіндегі 
        метафизика мен физика 
 
І ТАРАУ.  ТАРИХИ  ИДЕЯЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ 
 МЕН ҒЫЛЫМ 
 
 
Әйгілі 
ойшыл, 
антика 
философы 
Аристотельдің 
шығармашылығында  фило-
софия тұрғысынан алғашқы рет ғылым туралы ой толық сипатталынған, 
яғни  философия  ғылымының  негізі  мен  оның  нақты  мүмкіндіктері 
берілген болатын.  
Адам  ойының  эволюциясына  үлкен  ықпалды  ғылыми  біліммен, 
ғылыми  пәндер  жіктемесі  тигізген.  Логикалық  әдістің  түрі  ретінде 
жіктеме ғылыми зерттеудің типология амалының негізгі элементі болып 
табылады.  Ол  ғылыми  білімді  ұйымдастырудың  логикалық-әдістемелік 
амалы  ретінде  қолданылады,  бірақ  оның  эвристикалық  мүмкіндіктері 
шектеулі  болып  келеді.  Аристотель  классификациясының  маңызды 
қағидалары ол: бөлшектеп тұтастық сәйкестігін анықтау; жалпыламаның 
артықшылығы;  жіктеме  элементтері  арасында  байланысты  орнату 
кезінде теориялық құрамдас бөліктеріне көбірек назар бөлу. 
Итальян  философтары  Дж.Реале  мен  Д.Антисери  Платон  мен 
Аристотельдің  шығармашылықтарын  салыстыра  отырып,  келесідей 
қорытынды  жасады:  «Аристотельдің  ғылыми  рухы  мен  ойшылдығы  ... 
оны  органикалық  синтезбен  жүйелілікке,  олардың  табиғатына 
байланысты тақырыптар мен мәселелерді дамытуға, әр түрлі мәселелерді 
шешетін  әдістердің  дифференциясына  қарай  жетеледі.  Өзіне  барлық 
мәселелерді тартатын платондық иірілген спиралінің орнына бір тұрақты 
жүйелендіру келуі тиіс еді ...» 
Аристотель  классификациясында  барлық  ғылымдар  келесідей 
бөлінеді:  теориялық  (математика,  физика,  психология,  метафизика); 
тәжірибелік  (этика,  саясат,  экономика);  продуктивті  (шығармашылық, 
техника, эстетика, риторика). Аристотельдің классификациясының негізі 
логика мен метафизика болып табылады, олар философиялық-логикалық 
алғы шарт қызметін атқарады.  
Осының  барлығы  «Аристотель  корпусы»  атты  трактатталарында 
сипатталған. Бірінші циклі – ол логикалық: «Аналитиктер» 1-ші және 2-
ші,  «Талқылау  туралы»,  «Топика»,  «Софистикалық  жалғандықты 
әшкерелеу  туралы»,  «Риторика»  және  «Категориялар»  жалғастырады. 
Екінші  цикл  –  физикалық-космологиялық:  «Физика»,  «Аспан  туралы», 
«Пайда  болу  мен  жою  туралы»,  «Метеорологика».  Үшінші  цикл–
«алғашқы  философия  туралы»  трактат  –  «Метафизика»  (14  кітап). 
Төртінші  цикл  –  биология-психологиялық:  «Жан  туралы»,  «Жануарлар 
тарихы»,  «Жануарлардың  бөлшектері  туралы»,  «Жануарлардың 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау