Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет12/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46

26 
 
толықтыру, сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге кӛмекке келу үшін оқулықты 
ата-аналар  да  пайдаланады.  Сондықтан  да,  оқулықтағы  кӛрнекіліктердің 
орынды  берілуі,  әдістемелік  аппараттың  дұрыс  құрылуы  оқулық  үшін  негізгі 
талаптардың  бірі.  Олай  болса,  бейорганикалық  химиядан  берілетін  оқулықтар 
(7-9  сыныптар)  химиялық    теориялық  ұғымдардың    ғылыми  негізде  берілуінің 
бастамасы  деп  есептейміз.  Бірақ,  осыған  дейін  бастауыш  сыныптардағы 
«Дүниетану»  пәнін  оқу  барысында  оқушылар  зат,    дене    және  олардың 
қасиеттері мен құрамдары туралы  ғылыми  ұғым алады.  Сонымен қатар, олар 
заттармен  тәжірибе  жасауды  да  біледі.  Тәжірибелер  арқылы  олар  суда  еритін 
ерімейтін  заттарды  да  анықтауға  жаттыққан.  Бұл  олардың  алғашқы 
элементарлық ұғымдары болғанмен, олардың тәжірибенің және эксперименттің 
не  екенін  білуіне  негіз  салған  ұғымдар  қатарына  жатады.  Бейорганикалық 
химиядан  алғашқы  білім  беруде  оқушылардың  осы  бастауыш  сыныпта 
меңгерген  білімдерінің  маңызы  ескеруілуге  тиіс.  Химия  оқулықтарының 
мазмұны  жылдан-жылға,  сыныптан-сыныпқа  қарай  күрделеніп  отыратыны 
белгілі.  Осы  тұста  психологиялық  тұрғыдан  оқушылардың  білімінің  арасында 
қарама-қайшылықтар  туады.  Ол  қарама-қайшылықтар  бұрын  меңгерген 
ұғыммен жаңа ұғымның арасындағы ескі білімді жаңаның ығыстыруынан, бірақ 
бұл  ескіні  жоққа  шығару  емес,  керісінше  жаңа  білімнің  ескіге  негізделуі. 
Сондықтан да оқулық мәтіндерінен кейінгі берілетін сұрақтар мен тапсырмалар 
құрамында    оқушылардың  бұрын  меңгерген  білімін  естеріне  түсіретіндей 
материалдар болуы ӛте орынды. 
Оқушылар  10-сыныпқа  дейін  осы  курс  арқылы  химиядан  тұжырымды 
біртұтас ғылыми білім алатын. Қазіргі таңда химия пәні 7- сыныптан басталып 
отыр.  Бұл  оқушылардың  жас  ерекшеліктерінің  ӛзгергендігін  кӛрсетеді. 
Химиядан  ұғым  беруде  бұл  ерекше  ескерілетін  жағдайлардың  бірі  деуге 
болады.Сонымен,  оқулықтардың  педагогикалық  психологиялық  негізін  талдау 
барысында  біріншіден,  оқулық  құрудың  теориясымен  оның  педагогикалық  –
психологиялық  негіздері  тереңнен  кележатқан  тарихи  үдеріс.  Әр  кезеңнің,  әр 
қоғамның  алдына  қойған  талаптарына  орай,  білім  саласына  қойылып  отырған 
талап  та  ӛзгеріп  отырады.  Осымен  байланысты  білім  беру  бағдарламалары  да 
ӛзгеріске  ұшырайды.  Қоғамдағы  ғылым  мен  техниканың  дамуы,  мектеп 
қабырғасында  оқытылатын    пәндердің  мазмұнының  тереңдеуіне,  қазіргі 
таңдағы ғылым мен техника жетістіктерінің білім мазмұнына ендірілуіне әкеліп 
соғады.  Осыған  орай,  біздің  ізденісімізде  жаңа  буын  оқулықтарының  мазмұн 
жағынан  біраз  жетістіктерге  жетсе  де,  әлі  де  жетілдіре  түсуді  қажет 
ететіндіктерін  кӛрсетіп  отыр.  Біз  оны  жоғарыда  тақырыпты  алған  себебімізге 
байланысты  қайшылықтарды  кӛрсеткенде  айта  кеткенбіз.  Оқушылар  химияны 
не  үшін  оқитынын  жақсы  түсінеді.  Себебі,  жаңа  буын  оқулықтарында  бұл 
мәселені  ашуға  мол  мүмкіндік  жасалған.  Химиядан  нені  оқыту  керек  деген 
мәселе де елеп екшеленген деуге болады. Ал, қазіргі таңда қалай оқыту керек?- 
деген  мәселені  талдауды  жан-жақты  қарауға  тура  келеді.Сонымен  қатар, 
химияның болашағын аша түсу үшін оның басқа  жаратылыстану  пәндерімен 
байланысын күшейте түсу жағына кӛңіл бӛлінуге тиісті. 


27 
 
 
1.2  Химия  оқулықтары  мен  оқу  құралдарының  дидактикалық 
функциялары  және  оның  қазіргі  кездегі    орындалу    жағдайы  мен 
мүмкіндігі 
Оқулықтардың  кез  келген  теориялық  мәселелерін  қарастыру  оның 
педагогикалық  мақсаттылығын  анық  білмейінше  мүмкін  емес.  Химия 
оқулықтары    қазіргі  таңдағы  қоғамның  даму  қарқынына  байланысты  алдына 
қойылған белгілі оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған. 
И.Я.Лернер мен В.В.Краевский оқулық құрастырудағы маңызды нысандар 
ретінде мына мәселелерді айырықша атап кӛрсетеді: 
1) білім мазмұны; 
2) іс-әрекет тәсілдері;  
3) шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру құралдарын таңдау; 
4) ӛзара тәрбилеуді басшылыққа алу; 
Осы  жағдайларды  кӛрсете  отырып,    оқулық  құрастырудың  дидактикалық 
негіздері  дегеніміз-  дәлірек  айтқанда  білім  беру  мазмұны  құрамының  негізгі 
элементтерінің ӛзара үйлесім табуы деп анықтайды[100, 12 б] . 
Оқулық пән білім беруге керекті  басқа барлық  қосымша оқу құралдарын 
(оқу  құралдары,    ғылыми  әдебиеттер,  міндетті  және  қосымша  кӛркем 
әдебиеттер,  әдістеме
лік  нұсқаулар
  т.б.)  және  оқыту  құралдарын  (кӛрнекі 
құралдар, дидактикалық материалдар, күйтабақтар т.б.) ӛз жанына жинақтайды, 
оқушының олармен  ӛзіндік жұмыс атқаруын  үйлестіреді. 
Қоғамдағы  ғылыми-техникалық  революция  оқулықтың  мазмұнының, 
жалпы  және пәндік  білім  кӛлемінің     жаңаруын    талап  етеді.  Бұрын оқулыққа 
қойылатын талаптар дидактикалық  тұрғыдан сараланып кӛрсетіліп келді. Енді 
оқулыққа  қойылатын  талаптар  онан  да әрі  күрделеніп,  әр пәннің  мазмұнының 
құндылық бағдарлылығына үлкен мән беріліп отыр. Қазіргі таңда болашақтың 
иесі    жастардың  рухани-адамгершілік,  ұлттық-мәдени  және  жалпы  адами 
құндылықтар  негізінде  тәрбиелеуге  кӛп  кӛңіл  бӛлінеді.  Ал,  бұл  мақсатты 
орындауда  оқулықта  берілетін  материалдардың  осы  бағытта  болуы  керектігі 
анық.  Сонымен  қатар,  әсіресе,  химия  оқулықтарында  Қазақстандық 
компонененттің  басым  болуы  ескерілуге  тиісті.  Себебі,  мұндай  материал 
арқылы  оқушылар  ӛз  елінің,  Отанының  байлығымен,  табиғатымен  таныса 
отырып,  оны  құндауға,  сақтауға,  сүюге  үйренеді  [101,102].  Болашақ  қоғам 
мүшелеріне бұл ӛте керек қасиеттердің бірі болып есептеледі. Оқулық мазмұны 
оқушылар  үшін  тартымды  болуы,  ондағы  берілетін  түрлі  тапсырмалардың 
ӛздігінен  жұмыс  істеуге  бағытталуы,балаларды  зерттеушілікке  тартуы.  Осы 
жағдайлардың  бәрін  ескере  келіп,  оқулықта  кеткен  кейбір  кемшіліктерді  сол 
пәннен  берілетін  қосымша  оқу  құралдарымен  сабақтастыра  оқыту  арқылы  
оқушының  біліктілігін,  дағдысын  дамыту  және  оқу  үрдісі  кезінде  олардың 
алған білімді ӛз бетінше қабылдауын, пайдалануын жүзеге асыруға болады.
 
Оқулықтарды  терең  функционалды  талдау    нәтижесі  оның    әрбір  құры- 
лымдық элементтінің мақсатын ғылыми тұрғыдан анықтауға мүмкіндік береді. 
Оқулықтың  дидакциялық  функцияларын  зерттеген    ғалымдар  оның  әрбір 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау