Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет11/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46

24 
 
қалыптастырған мектеп оқулығының ӛзегі мен қабықшасы идеясын жатқызуға 
болады
[96]
.  Оқулықтың  оқушының  танымдық  мүмкіндіктерін  дамыту  құралы 
ретінде  қарау:  С.  Г.  Шаповаленко  және    В.Н.  Ляхов  еңбектерінде  берілген. 
Олардың пікірінше оқулық мына мәселелерді ескеруге тиісті: 
 а) нақты ғылымды;  
ә) мектеп типін;  
б) оқыту әдісін;  
 в) оқушының психологиялық жас ерекшеліктерін және т.б. 
Оқулықты  дайындау  технологиясы  қазіргі  таңда  ӛзалдына  жеке  ғылым 
ретінде  дамып  келеді.  Бұл  жағынан  авторлық  ұжымның,  оқулықтар 
конструкторларының  оқулықты  құрастыруда  оны  педагогика  тұрғысынан  да, 
кітаптану тұрғысынан да қарастыруын талап етеді. Осылайша, оқу  кітабының 
теориясы  –  өз  мақсаттарына  сай  және  өз  құралдарының  көмегімен  арнайы 
компоненттерді бойына қабылдаған педагогикалық ғылым жүйесі ретінде де, 
кітаптану ретінде де түйістірілген ғылым болып табылады. 
Жинақталған,  ықшам  түрде    қарасақ,  оқулықтың  жалпы  теориясының 
құрылымы мынадай кӛрінуі мүмкін: 
- оқулықтың  жалпы  теориясының  міндеті  –  кез  келген  оқулық  үшін 
белгілі  бір  дәрежеде  міндетті  болып  саналатын  педагогика  мен  кітаптанудың 
талаптарына сай, әмбебап принциптер тиімділігінің логикалық негіздемесі және 
зерттеу жолы арқылы оқулықтың жалпы үлгісін жасау; 
- оқулықтың жеке теориясының міндеті – белгілі бір оқу пәні кітабының 
формасының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жалпы  теория  принциптерінің 
ережелерін және: 
а) нақты пәнді (химия, физика, математика және т.б.); 
б) қолданылатын оқыту әдісін (мысалы, бағдарламаланған); 
в)  оқушының  жеке  басы  және  оқытудың  нақты  шарттарын  (жасы, 
мектептің түрі, оқыту әдісі және т.б.) зерттеу болып табылады[97, 15 б]. 
Оқулықтың  жалпы  және  жеке  теориясын  зерттеп,  дамыту  кезінде 
зерттеушілер оқу кітабының типологиясын жасау қажеттелігіне, сонымен қатар 
оқу кітаптарын кешенді зерттеуге (оқу кешені) кезігетіні анық, оның жүйесінде 
әлдеқайда толық және терең формада білім мазмұны жасалуы тиіс [98]. 
Химия    оқулықтарының  мазмұны  мен  құрылымы  психологиялық  және             
педагогикалық    талаптарға    сай  болған  жағдайда  әрбір  тақырыптан  кейін 
берілген  сұрақтар  мен  тапсырмалардың  деңгейлеп  берілуі  арқылы  оларды 
шешуді оқушының мүмкіндігіне сай келетіндей тұрғыдан қарастырылады. Бұл 
оқушылардың ӛзіне деген сенімі мен батылдығының артуына кӛмектеседі. 
Орта  мектептің  бейорганикалық  бӛлімге  арналған  химия  оқулықтары 
бойынша  берілетін  білім  жаратылыстанулық  ғылым  мен    білімнің 
интеграциясы,    ақпараттары  мен  оны  практика  жүзінде  қолдануды 
кешендендіру,  білім  беру  үрдісінің  тәжірибелік-бағдарлылығын  жүзеге  асыру, 
оқытуда 
интерактивті 
әдістерді 
қолданудың 
мүмкіндігі 
жағынан 
қарастырылады.  Бұл принциптерді орындауда тиімді әдістер арқылы  оқулық 
пен  оқу  құралдарының  мазмұндық  сабақтастығын  қолдану  жүзеге  асады.Сол 


25 
 
арқылы  химияның  осы  саладағы  ғылым  мен  техниканың  соңғы  жетістіктерін 
кӛрсету  мүмкіндігі  туып,  оқу  ақпараттары  ғылыми  біліммен  толықтырылады. 
Оқулық мазмұнының интерактивті сипаты әр мәтін мазмұнының дидактикалық 
аппаратпен  қамтамасыз  етілуіне  тікелей  байланысты.  Оқулықтың  әдістемелік 
аппараты    тек  мәтін  бойынша  берілетін  сұрақтар  мен  тапсырмалар  арқылы 
шектелмейді.  Бұл  әр  тарау  мен  бӛлімдер  бойынша  берілетін  тапсырмалар, 
сұрақтар, тесттер және т.б. арқылы айқындалады
[99]

Химия оқулығын құруда  ең алдымен оның мазмұнының атқаратын нақты 
дидактикалық  мақсаттары  анықталады.  Екінші,  оқу  материалдарының 
тақырыптық  мазмұны  оның  кӛлемі  мен  құрылымы  жоспарланады.  Үшінші,  
берілетін  материалдың  мазмұнының  басқа  жаратылыстанулық  пәндермен 
байланысы 
қарастырылады. 
Тӛртінші,жүйелік 
және 
«идеологиялық» 
мәселелерді  шешуді  қарастырады.Бесіншіден,  тақырыптардың  мазмұнының 
жаңа  ғылыми  жетістіктермен  және  қоршаған  ортамен  байланысын  жүзеге 
асыру  қарастырылады.Алтыншы,  әрбір  тақырыптың  қосымша  оқу  құралымен 
байланыстыратын тұстары ескеріледі. Жетінші, тақырыптар бойынша берілетін 
әдістемелік    бӛлімнің    деңгейлік  мазмұны  сараланады.  Сегізінші,  әрбір 
тақырыптар  бойынша  берілетін  сызбалар,  кестелер,  суреттер  т.б.  материалдар 
қамтылады.  Осындай  мазмұндық,  құрылымдық  жағынан  дидактикалық 
талаптарға  сай  келетін  оқулықтардың  мазмұнын  оқу  құралының  мазмұнымен 
байланыстыру қиынға түспейді. 
Біз  жоғарыда  И.Я.Лернер  мен  М.Н.Скаткиннің    пікірлеріне  тоқталып, 
олардың  оқулықты  тек  білім  беру  құралы  ғана  емес,  ол  мұғалімнің  сабақты 
ұйымдастырудағы    басшылыққа  алатын    құралы  деген  пікірін  келтірген 
болатынбыз. Шын мәнінде де, оқулықтағы  берілген мәтіннің мазмұнына қарай  
мұғалім  оқушыларға  білім  берудің  тиімді  әдістерін  қарастырады.  Осы  тұста 
қазіргі  таңда  тек  оқулықтағы  мәтін  мазмұнымен  шектелу  жеткіліксіз 
болатынын  мектеп  ӛміріндегі  іс-тәжірибелер  кӛрсетіп  отыр.  Себебі,  мұғалім 
балаларға  химиядан  берілетін  білімді  ӛмір  тәжірибесімен  байланыстырыпқана 
қоймай,  оның  басқа  пәндермен  байланысын  күшейту  үшін  қосымша  оқу 
құралындағы  материалдармен  тақырыптың  теориялық  тұстарын  толықтыруға 
тиіс.  Осыған  байланысты  оқушылардың  ӛзіндік  жұмыстарын  түрлендіре 
ұйымдастыруға жағдай туады. 
Профессор  С.М.Исаев  жалпы  оқулықтар  құрастыру  туралы  сӛз  еткенде 
оқулық  жазған  авторлардың  үнемі  ойынан  оқулық  мазмұнының    үш  адамға 
арналатындығын  шығармауға  тиістігін  айтады.  Ең  алдымен  дейді,  ғалым 
оқулық  оқушыларға  арналады.  Мұнда   ғылыми  тексерістің  барлық деңгейінен 
ӛткен,  ӛмір  шындығымен  шыңдалған,  нақты  ғылыми  деректерге  негізделген, 
сол  оқулықты  пайдаланатын  жастардың  жас  ерекшеліктеріне  лайықты 
деңгейде,  түсінікті  тілде,  жеткілікті    кӛлеммен  берілген  материалдарды 
оқушыға  арнайды.  Екінші  жағдайда,  осы  материалды  сыни  кӛзбен  қарап, 
жетіспейтін  ұғымдарын  толықтырып,  берілген  сұрақтар  мен  тапсырмаларды 
орынды  жерінде,  оқушылардың  мүмкіндігіне  қарай  қолдануға  дайындалатын 
мұғалімге  арналады.  Үшінші  жағдайда,  балаларының  түсінбеген  жерлерін 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау