Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алудағы жұмыстар жайлы



жүктеу 70,3 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі70,3 Kb.
#4813

Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алудағы жұмыстар жайлы
Білім мекемелерінің жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі міндеті - барлық тәрбие сатыларына байланысты ұстаз-тәрбиешілердің, ата- аналардың мектеп өміріне қызығушылық, өзара әрекеттестік пен ықпалдастық әрекеттерін пайдалана отырып нақты жүйе жасау болып табылады. Ауданымызда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, уытқұмарлықтың, шылымқұмарлық сияқты зиянды әрекеттердің алдын-алу мақсатында тәрбие берудің тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып біршама нақты бағытталған жұмыс түрлері жоспарға сәйкес жүргізіп келеді.

Қазіргі таңда балаларға ақпараттың шектеусіз әрі бақылаусыз берілуі олардың сана- сезіміне кері әсерін тигізіп, жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз іс- әрекеттердің көбеюіне әкеліп соқтыруда. Сондықтан да, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидтік әрекеттерді болдырмау және алдын-алу бағытындағы жұмыстарға басты назардың аударылуы заңды.

Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық және өміріне тікелей зиян келтіретін психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алып, шектеу мақсатында аудан әкімдігі, аудандық емхана, аудандық ішкі істер және білім бөлімімен бірлескен іс-шара жоспары түзіліп, бекітілген.

Жоспарға сәйкес, жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық, суицидтік әрекеттерді болдырмау және алдын-алу бағытында мектеп залдарында құқықтық ақпарат бұрыштары ұйымдастырылып, сынып бөлмелерінде арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Оқушылар арасындағы суицид, құқықтық мәдениет, наша және есірткі сырқаттарды анықтау мақсатында профилактикалық байқау, жасөспірімдер арасында наша және есірткі проблемалары бойынша сауалнамалық зерттеулер жүргізілуде. Рейд жұмыстарының маңыздылығын арттыру үшін мектеп пен елдімекендерде түнгі рейд жұмыстарын жүргізуге байланысты арнайы кезекшіліктер ұйымдастырылып, жасақшы топтардың жұмыстары ширатылып, күшейтілуде.

2010 жылдың 2 қазан күні аудан әкімі Н.М.Нәлібаевтың төрағалық етуімен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған алқа жиыны болып өтті. Жиынға сала басшылары, ауыл әкімдері мен мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитетінің төрағалары, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Аудан әкімі Н.М.Нәлібаев жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігі мен олардың бос уақытын ұйымдастыру, құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын-алу бағытында білім қызметкерлері, ата-аналармен бірлесіп жұмыстарды күшейтуді және жиында талқыланған мәселелер бойынша нақты жауапкершіліктің тиісті кісілерден сұралатынын ескертіп, жас ұрпақтың бейбіт, жарқын әрі салауатты болашағын қалыптастыруда кешенді жұмыстарды ширатып, енжарлық пен немқұрайлылықтан арылуға, өзара әріптестік іс-қимылды жандандырып, нәтижелі жұмыстарды іске асыруға шақырды.

Сонымен қатар, 2010 жылдың 15 қазан күні № 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназияның акт залында және 10 қараша күні № 244 орта мектеп акт залында «Баланың тұлға ретіндегі қалыптасуындағы мектеп пен отбасының ролі» тақырыбында аудан әкімінің орынбасары Б.Есенбаевтың төрағалық етуімен жиын болып өтті. Жиынға мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитетінің төрағалары, мектеп инспекторлары, психологтар, «Жас ұрпақ» және өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары қатысып, жиын барысындағы қорытынды шешім жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, қылмыс пен құқық бұзушылық әрекеттердің және суицидтің алдын-алу бағытында білім қызметкерлері, ата-аналар, психологтармен бірлескен жұмыстарды күшейту қажет деген пікірге тоқталды.

2010 жылдың 10 желтоқсан күні № 244 орта мектеп акт залында «Бала. Отбасы. Қоғам» тақырыбында облыстық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің бас маманы Ж.Құрбантайқызының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге аудандық ІІБ және ІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері, мектеп инспекторлары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, ата-аналар комитетінің төрағалары, сынып жетекшілері мен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің өзекті мәселесі білім беру ұйымдарында қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім балалардың есебін жүргізу, суицидтің алдын-алу бағытында жұмыстарды ұйымдастыру, жасөспірімдер арасындағы қылмыс және құқық бұзушылық жұмыстарын күшейту, «Полицияның жас көмекшілері» жасақ жұмыстарының желісін көбейту және ата-ана тарапынан берілетін тәрбие жұмыстарының барысы мен нәтижесін зерттеп, бақылап және бірлесе талқылап отыру, сонымен қатар, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтай отырып, оларды жоюдың, болдырмаудың шараларын бірлесіп жүзеге асыру сөз болды.

Аудандық білім бөлімі жанындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының «Парасат» тәрбие клубы және білім мекемелерінде айына бір рет балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидтік әрекеттерді болдырмау және алдын-алу бағытында білім қызметкерлері мен ата-аналар, оқушылар арасында жиындар өтіп тұрса, 2010 жылдың 26-30 желтоқсан күндері білім бөлімінің жоспарына сәйкес, білім бөлімі қызметкерлері білім мекемелеріне арнайы барып, мектеп оқушылары, ата-аналардың қатысуымен жиналыстар өткізіп қайтты. Аталған жиындардың қорытындысымен құжаттары, қаулылары мен хаттамалары жинақталған.

Дегенмен, аудан білім мекемелері тарапынан практикалық тұрғыда ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесімен бірлесе іс-шаралар атқарып, іс-қимыл шаралары түнгі рейдтер, құқықтық семинарлар мен кездесулер түрінде жүргізіліп, жұмыс жасалғанымен жасөспірімдердің қатысуымен әр түрлі қылмыс түрлері орын алып, есепке алу фактілері жиілеуде. 2008 оқу жылында 21 оқушы есепте тұрса, 2009 оқу жылында 15 оқушы, 2010 жылдың 12 айында барлығы 8 бала есепке алынса, қазіргі таңда 6 бала қадағалау есебінде. Қылмыстың алдын-алу және түбегейлі түрде болдырмау мақсатында профилактикалық-түзету, ағарту жұмыстары күшейтілуде.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшеге есепке алынған оқушыларды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшісі, мектеп психологы бақылауында ұстап, олармен жеке жұмыстар жүргізсе, әр 10 күн сайын бала бойындағы шығармашылық жұмыстар зерттеліп, дамытылып, оқушының бос уақытын болдырмау мақсатында мектепішілік сыныптан тыс жұмыстарға тартылуда. Осы жұмыстар мектеп директорының үнемі бақылауында болып, есептен шығару жөнінде жұмыстар атқарылып, есептен шыққан жағдайда білім бөліміне ақпар берілуде.

Жол-көлік оқиғаларына байланысты мектептерде арнайы бұйрыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, сынып оқушыларын сабақтан кейін жолдан өткізіп жіберу жөнінде кезекші мұғалімдер тағайындалған.

Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кент орталығындағы 7 орта мектептерге және ауылдық жерлерде орналасқан 10 орта мектептердің ғимаратының алдынан кіреберіс тас жолы өтетіндіктен, мектеп оқушыларының мектепке келіп-кету кезінде жолдағы қауіптілігін туғызып отырған болатын. Осыған орай, тас жол бойынан көшенің екі тұсынан жылдамдықты шектеу белгілері мен кедергілер қойылды.

Жол қозғалысына байланысты оқушыларымыздың негізгі міндеттері көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік ережелерін сақтауы, ескерту белгілері балаларға арнайы сабақтар барысында түсіндірілуде.

Суицид, суициалды жағдайлар да мектептерде орын алуда. Мұндай фактілер, атап айтқанда, 2007 жылы № 228 орта мектепте және 2009 жылы № 205 (Ж.Рахметов), №157 (А.Сәменова) орта мектептерде отбасындағы келеңсіздіктердің тікелей әсер етуі салдарынан орын алса, 2010 жылы орын алған жоқ. Бұндай жағдайлар сабақтан тыс, баланың өз отбасында болған. Бұл жерде әрине, отбасындағы әлеуметтік тұрғыдағы жағдай себеп болып отырғандықтан, мектеп ұжымы отбасылық ішкі әрекетке тікелей араласа алмайтыны белгілі.

«Сенім телефоны мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында» арнайы бұйрықтар шығарылып, жауапты мамандар ретінде мектеп психологтары бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Осы сенім телефондары мен қабылдау бөлмелері және арнайы сұрақтар бекітілген «сенім жәшіктері» арқылы кәмелетке толмағандар арасында суицидалды фактілердің алдын-алудың жолдарын қарастыру жұмыстары психолог мамандар және ата-аналар комитеті арқылы тікелей жауапкершілікпен атқарылуда.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, уытқұмарлықтың және шылымқұмарлықтың алдын-алуда әрине, тек бақылау, шектеу жұмыстарымен барлық мәселе шешілмесі анық.

Балалар мен жасөспірімдердің түрлі келеңсіз іс-әрекеттерден аулақ болуы олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға да байланысты.

Аудан бойынша мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында пәндік үйірмелер, сыныптан тыс үйірмелер және спорттық секциялар жұмыс істейді. Осы сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс жүргізілуі қатаң қадағаланып, бақылауға алынды.

Осындай нәтижеге бағытталған мақсатты жұмыстардың үздіксіз жүргізіліп отырғандығына қарамастан, мектеп оқушылары арасында ата- аналарымен келіспей үйден кетіп қалу оқиғалары белең алуда. Зерттей келе, аталған келеңсіз жағдайлардың ата-ананың баласына жеткілікті көңіл бөлмеуі және отбасындағы белгілі бір проблемалық мәселенің оң шешімін таппауы салдарынан үйдегі моральдік-психологиялық тұрғыдағы кері ахуалдың қалыптасуынан болып отырғандығы болуы мүмкін. Ата-анасының тікелей қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбей өскен балада қоршаған орта мен ұжымға деген қалыптаспаған, дұрыс бағытталмаған кері негативті көзқарастың қалыптасатыны және де бала тарапынан берілген кез-келген сұраныстың қандай мақсатта жұмасалатыны сұралмай қанағаттандырылуы жасөспірім бойындағы жалқаулықтың, өмірлік құндылықтарды бағалай білмейтін өзімшілдіктің қалыптасуына әкеліп соғып, ұстаз бен оқушы арасындағы кикілжіңнің білім мекемелері мен уәкілетті органдар арасындағы түсініспеушіліктің туындауына әкеліп соқтырады.

Бұл ретте, жұмысбасты ата-аналардың бала тәрбиесін біржола мектеп пен ұстаздар қауымның мойнына артып қойғаннан, келешек өзінің ұрпағын жалғастырушы баласының тәрбиесіне көбірек көңіл бөлгені жөн.



Жалпы, тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры болар жасөспірімдеріміздің құқықтық санасын жетілдіру, құқықтық ақпараттық-насихаттық көмек пен жан-жақты демеу беру мен қоғам өміріндегі барлық іс-әрекетке бей-жай қарай алмайтын азаматтық тұрғыдағы белсенді патриоттық тұлғасын қалыптастыру бағытындағы барлық бірлескен іс-қимыл шаралары өзінің игі жалғасын тауып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда өзіндік тұрғысынан әсерінің оң болатындығына сенім мол.
жүктеу 70,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау