Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет2/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48


 
АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бұл диссертацияда келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылды: 
Оқулық –  оқу  бағдарламасы  мен  дидактиканың  талаптарына,  оқыту 
мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап. 
Оқыту  әдісі  –  білім  алушы  мен  оқытушының  алдына  қойған  мақсатына 
жету үшін екі жақты іс-әрекеттері. 
Оқу  құралдары -  белгілі  авторлық  ұстаныммен  бір  оқу  пәні 
бойынша ғылыми білімнің негізін баяндайтын кітап. 
Білім беру мазмұны - оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы 
үшін  негіз  қамтамасыз  ететін,  олардың  ойлауын,  танымдық  қызығушылығы 
мен  еңбек  іс-әрекетіне  дайындығын  қамтамасыз  ететін  білім,  іс-әрекет 
тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі. 
Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида.  
Дидактикалық    принциптер  -  оқытудың  мазмұнын,  ұйымдастыру 
түрлерiн,  әдiстерiн  оқытудың  мақсаты  мен    заңдылықтарына  сай  анықтайтын 
қағидалар жүйесi. 
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен 
тұтастыққа тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. 
Химиялық тіл дегеніміз- химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден-
бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі. 
Химиялық  білім  –оқушылардың  химия  ғылымының  жүйесіндегі 
ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы.  
Дидактика    педагогиканың  негізгі  саласы.  Дидактика  (didariros  – 
оқытушы,  didasro  –  оқушы  )  ұғымы,  грек  тілінен  аударғанда  оқыту  немесе 
үйрету  дегенді  білдіреді.  Дидактика  –  білім  беру  мен  оқыту  мәселелерін 
зерттейтін ғылым саласы. 
Алғы  сөз  дeгeніміз  -  оқулық  туралы  қысқа  түрдe  жазылған  нұсқаулық-
жұмыстық  мағлұматтар.  Онда  оқулықтың  кімдeр  үшін  арналғаны,  қандай 
мақсат  қойылғандығы,  құрамы,  шартты  бeлгілeр  мeн  eрeкшeлeудің  жүйeсі, 
қосымша  жәнe  түсіндірмe  ақпараттарды  қандай  дереккөздeн  жәнe  қалай 
іздeстіру туралы қажeтті ақпараттар бeрілeді 
Өзіндік  жұмыс  дегеніміз -  сабақ  үстінде  алған  білімді  мұғалімнің 
көмегімен  және  бақылауымен,  бірақ оның қатысынсыз  орындайтын  жоспарлы 
жұмыс. 
Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, 
дағдылар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен көлемін, сондай-ақ бөлімдер 
мен  тақырыптардың  оқу  жылы  бойынша  бөлінген  мазмұнын  анықтайтын 
құжат. 
 
 
 
 
 



 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
Абай атындағы ҚазҰПУ 

Абай  атындағы  қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті 
ЖОО 

Жоғары оқу орны 
ЖББ 

Жалпы білім беру бағдарламалары 
ҚР   

Қазақстан Республикасы 
ҚР БҒМ                                     

Қазақстан  Республикасының  Білім  және                                                         
Ғылым Министрлігі 
ҚР МЖМБС 

Қазақстан 
Республикасы 
мемлекеттік                                                         
жалпыға міндетті білім беру стандарты 
ЭТ 

Эксперименттік топ 
БТ 

Бақылау топ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің  өзектілігі.  Қазіргі    таңда    білім  берудің  қай  саласы  болса  да, 
Республикамыздың    білім  алушыларды  дамытуға  байланысты  қойып  отырған 
талаптарын  жүзеге  асыру  бағытында  жұмыс  жасауда.  Осы  тұрғыдан  алғанда, 
орта  мектептегі білім мазмұны мен құрылымы педагогикалық, психологиялық 
және  әдістемелік  зерттеулер  нәтижесіне  сүйене  отырып,  жыл  сайын  қайта 
қаралып,    жетілдіріліп  келеді.  Жас  буынға  білім  беру  ісін  қазіргі  ғылым  мен 
техниканың    даму  деңгейіне  лайықтау,  осы  саладағы  қолжеткен  жетістіктерді 
білім  мазмұнына  ендіріп  отырудың  керектігін  жыл  сайынғы  Елбасымыздың 
Қазақстан халқына жолдауынан да көріп отырмыз. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  2018  жылғы 
«Төртінші  өнеркәсіптік  революция    жағдайындағы    дамудың  жаңа 
мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  адам  капиталына  баса 
көңіл  бөлді.  Сондықтан,  онда:   
Барлық  жастағы  азаматтарды  қамтитын білім 
беру  ісінде  өзіміздің  озық  жүйемізді құруды  жеделдету  қажет.  Білім  беру 
бағдарламаларының 
негізгі 
басымдығы өзгерістерге 
үнемі 
бейім 
болу  және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс- деп көрсетті 
[1]. 
Сол  сияқты,  Елбасының  2012  жылғы  Қазақстан  халқына  «Қазақстан-2050» 
стратегиясы- қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауында 
«Білім  және кәсіби машық  -  заманауи білім беру  жүйесінің,  кадр  даярлау  мен 
қайта  даярлаудың  негізгі  бағдарын  айта  отырып,    бәсекеге  қабілетті  дамыған 
мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек.  Барлық 
жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», 
– деген болатын  [2]. 
Сонымен  қатар  Елбасының  «  Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
мақаласында  «Табысты  болудың  ең  іргелі,  басты  факторы  білім  екенін  әркім 
терең  түсінуі  керек.  Жастарымыз  басымдық  беретін  межелердің  қатарында 
білім  әрдайым  бірінші  орында  тұруы  шарт.  Себебі,  құндылықтар  жүйесінде 
білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»-деп атап көрсеткен-ді [3]. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстанның 
үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында Елбасы 
ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс және 
біздің міндетіміз  – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық 
буынына  айналдыра  отырып,  оқыту  бағдарламаларын  сыни  ойлау  қабілетін 
және  өз  бетімен  іздену  дағдыларын  дамытуға  бағыттау  қажеттілігін  көрсетеді 
[4].
 
Міне, мұның бәрі біздің елімізде жас жеткіншектерге білім беру ісіне аса 
жауаптылықпен    қараудың  көрінісі.  Осыған  байланысты  орта  мектепте  білім 
беретін әрбір пәннің өз алдына қоятын мақсаттары мен айқындалған міндеттері  
бар.  Ал,  қоғамдағы    ғылымның  даму  қарқыны  мектеп  оқушыларына 
жаратылыстану негіздерінен білім беретін пәндердің ғылыми деңгейін онан әрі 
дамытуды көздеп отыр. 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау