Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет7/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48

15 
 
пәні  оқулықтарына  тән  мәселелерді  нақты  атап  көрсетпекпіз.  Ол 
педагогикалық, дидактикалық талаптар мына төмендегідей мазмұнда болмақ: 
 
- пәннің базалық ғылыми мазмұнының сақталуы, теориялардың, заңдардың 
ережелердің  дұрыс  берілуі,  ғылыми  жаңалықтар  мен  инновациялардың 
қамтылуы; 
- құндылық  бағдарлылығы  оқушыларды  жалпы  рухани  адамгершілік, 
ұлттық  -  мәдени  және  жалпы  адами  құндылықтар  негізінде  тәрбиелеуге  
бағытталған материалдардың болуы;  
- мазмұнының 
бағдарлама  ұсынылған  талаптарға  сәйкестігі,  әрі 
түсініктілігі;  
- материалдарының 
оқушылардың
 жас  және  танымдық  ерекшеліктеріне 
сәйкестігі;  
- Қазақстандық  компоненттердің  берілуі,  мәтін  мазмұнының  дәл  және 
анық,  нақты  деректер негізінде берілуі; 
- тәжірибе 
жасауға, 
сыни 
тұрғыдан 
ойлануға 
бағыттайтын 
тапсырмалардың берілуі; 
- зерттеу  дағдыларын,  өзіндік  және  шығармашылық  жұмыстармен 
айналысуға бағыттайтын тапсырмалар мен жаттығулардың болуы; 
 - тілдің  жатық,  ғылыми,  әдеби  және  ықшам  болып,  оқушылардың 
ұғымына  сәйкес  келуімен  қатар  олардың  коммуникативтік  дағдыларын 
дамытуға бағытталуы;  
- оқу 
материалын  меңгеруді  жеңілдететіндей  және  көрнекілікті 
күшейтетіндей, 
иллюстрация
, сурет, 
кесте, 
диаграмма, 
сызба
 т.б. 
көрнекіліктермен безендіріліуі;  
- сыртқы пішінінің тартымдылығы. 
Жалпы  к
ітап  атаулының  бәрі    адамның  жан-дүниесінің    асыл  қазынасы, 
рухани  байлықтың  өлшемі,  адам  интеллектісінің  көрінісі.  Ол  –  адамзат  үшін 
ғасырдан  ғасырларға  жалғасып  қызмет  етіп  келе  жатқан  ғылым  мен  өнердің 
жемісі.  Бірақ, жалпы неше түрлі тақырыптарға арналған  кітаппен оқулықтың 
үлкен айырмашылығы бар. 
 
Кітап  –  адамға  дайын  ақпараттарды  ұсынып  қана  қоймай,  олардың 
бойындағы    сезімін  оятып,  өзіндік  ойлауға  үйрете  отырып,  білім  береді. 
Адамды    ізденімпаздыққа  жетелейді,  ой-өрісін  ұштайды,    рухани  тұрғыдан 
байытады. Дегенмен, оны арнаулы салада арнаулы пән бойынша дайындалған 
оқулықпен салыстыруға болмайды. 
Оқулықта    оқу  пәндерінің  мазмұны  бойынша  жүйеленген  материалдар 
беріледі.  Оқулық  –  білім  беру  мазмұнын,  меңгеруге  жататын  оқу  ақпаратын 
толық көрсететін құрал. Оқулық - белгілі бір ақпарат тасымалдаушы ғана емес, 
ол ғылыми білімнің көзі. Оқулықтың құрылымы ақпараттық құрамы бойынша, 
оқу  және  тәрбиелеу  функциялары  бойынша  маңызы  әртүрлі  компоненттерден 
тұрады. 
Оқулықта ғылым негіздерін, оның заңдары мен әдістерін жай ғана баяндап 
қоймайды.  Ол  ең  алдымен  сол  пән  бойынша  теориялық  материалды  меңгерту 
мақсатына  арналынып  жазылады.  Ол  материалдар  сол  сыныптағы 


16 
 
оқушылардың  жас  ерекшелігіне  негізделеді.  Оған  енетін  материалдардың 
берілуі 
өзінің 
 
бірізділігімен, 
жүйелілігімен, 
тұжырымдылығымен 
ерекшеленеді. Біз оқулық пен оқу құралдарын құрудың дидактикалық негізіне  
сүйенетін
 болғандықтан, дидактиканың білім мазмұнын анықтаудағы орынына 
тоқталмай өте алмаймыз.
 
Дидактика  -  білім  беру,  оқыту,  тәрбиелеу  
теориясы. 
Яғни,  білімді, 
дағдыны  меңгерту  және  тәрбиелеу  заңдылықтарын,  білім  мазмұнының,  оның 
көлемі мен құрылымын, білім берудің әдістері мен 
формаларын
 зерттейді. 
Дидактика  ежелгі 
Грекияда
 жас  ұрпақты  «оқыту-үйрету»  тәжірибесінің 
негізінде пайда болды.  «Дидактика» терминін XVII ғасыр да   
чех 
ғалымы   
 
Я.А.Коменский
 өзінің  «Ұлы  дидактика»  (
1657
)  деген  зерттеуінде  алғаш 
рет қолданды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптерді ғылыми 
тұрғыдан  тұжырымдады.  Бұл  идея 
XVIII–XIX  ғасырлардағы 
швейцариялық 
педагог И.Г.Песталоции, неміс 
ғалымы 
Ф.А.Дистервег, Ресейде К.Д. Ушинский
  
өз еңбектерінде одан әрі дамытты [57-59]. Дидактикалық ойлар 
Әбу Насыр әл-
Фарабидің

Қожа Ахмет  Иасауидің, Махмұд Қашқаридің, Жүсіп Баласағұн
ның 
және т.б. алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерінде де көрініс тапты. Олар 
дидактикалық  талаптарды  көбіне  жастарды  тәрбиелеу  мәселесіне  байланысты 
қолданды. 
Ұлы  ғұлама Абай  Құнанбайұлының  философиялық  ойларында  да 
дидактикалық  тұжырымдар  мол.  Отандық педагогика  ғылымы  тарихында 
ағартушы педагог – Ы.Алтынсарин өз еңбектерінде  дидактика мәселелерін әр 
қырынан сөз етті [60]. 
XX  ғасырдың 
басында  балаларды  оқыту,  тәрбиелеу  мәселелері  бойынша 
А.Байтұрсынұлы,  Ж.Аймауытов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев,
  т.б.  еңбектерінде 
дидактика  мәселелері  жан-жақты  талқыланды  [61-64].
 
А.Байтұрсынұлының 
оқыту  әдістерін  талдаған  мақалалары  мен  әдістемелік  «Баяншы»  кітабы 
отандық  кәсіби  дидактика  ғылымының  дамуына  негіз  қалады.  Қазақстанда 
оқыту 
теориясымен
  айналысқан 
педагог 
-  ғалымдар:  Қ.Жұбанов,
  Т.Тәжібаев 
Р.Г.Лемберг, 
Н.Көшекбаев,  т.б.  әлемдік  дидактиканың  заңдылықтары  мен 
принциптерін  отандық  оқу-ағарту  ісіне  қатысты  тұжырымдап,  тәжірибеге 
енгізді. Қазіргі заманғы дидактика оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары 
мен принциптерін анықтайтын ғылыми білім беру 
теориясы. 
Ол өзінің алдына 
қойған  мақсаттарға  жету  үшін  белгілі  бір  дидактикалық  принциптерге 
негізделеді.  Дидактикалық  принциптер  оқу-тәрбие  жұмыстарының  заңды 
жүйесін көрсетеді. 
 
Дидактикалық  принцип  (латын  сөзі)  -  басшылыққа  алатын  идея,  негізгі 
талап,  қағида  екені  белгілі.  Егер,  дидактикалық  принциптер  –  оқытудың 
мазмұнын,  ұйымдастыру  түрлерін,  әдістерін  оқытудың  мақсаты  мен 
заңдылықтарын    анықтайтын  қағидалар  жүйесі  десек,  оқулықтар  мен  оқу 
құралдарын құруда негізгі басшылыққа алатын қағидаларымыз да осы болмақ.  
Дидактикалық  принциптер  нақтылы  тарихи-әлеуметтік  жағдайларға 
байланысты  өзгеріске    ұшырап  отырады.  Егер,  Я.А.Коменскийдің    заманынан 
бастап,  дидактикалық принциптің негізі  - білімнің  ғылымилығы, көрнекілігі,  


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау