7
Себебі, орта мектепті тамамдаған жастардың адам, қоғам, табиғаттың бір-
бірімен байланысын ғылыми тұрғыдан терең меңгеріп, дүниенің біртұтастығы
жайында материалистік көзқарасының қалыптасуы қажет. Сонымен қатар,
қазіргі таңда оқулықтар сапасына қойылатын талаптар да күрделеніп өзгеріп
отыр. Мәселен, оқулық мазмұнының ғылымилығы, жүйелілігі талаптарын
былай
қойғанда
оның
құндылық
бағдарлы
болуы,
Қазақстандық
компоненттердің енуі сияқты жаңа талаптар қойылуда.
Осыған орай, жаратылыстану ғылымдарының бір саласы болып
есептелетін химия пәнінің де алдына қоятын мақсаттары мен міндеттері
жаңарып жетілдіруді талап етеді. Соңғы жылдары Қазақстанның орта білім
беретін мектептерінде химия пәні бойынша жаңа буын оқулықтарының жарық
көріп, қазіргі таңда сол оқулықтармен білім беруді жүзеге асып отыр.
XX ғасырдың соңындағы қоғамда болған өзгеріс жалпы білім беру
жүйесіне де күрделі серпілістер әкелді. Мемлекетіміздің дүние жүзілік білім
беру кеңістігіне шығуы, Қазақстанда осы кезеңге дейінгі қалыптасқан тарихи
жағдайларға, жинақталған құндылықтарға және қоғамның түбірімен өзгеруіне
байланысты қазіргі уақытта химиядан білім беру жүйесінің маңызы артуда.
Химия пәні 7 - сыныптан басталып, оқушыларға заттар, денелер,
химиялық заңдар мен теориялар, химиялық өндіріс туралы білім деңгейін
меңгертуді көздейді. Болашақ қоғам мүшелерінің белгілі мөлшерде химиялық
білімі болмаса «әлемнің химиялық көрінісін» саналы түрде ұғынбаса, «заттық
әлемге» деген шындыққа сәйкес келетін көзқарасын, оның дүниетанымын,
ойлау үдерісінің дамуын қалыптастыру мүмкін емес. Еліміздегі алуан түрлі
шаруашылық салаларының бәрі де дерлік химиямен байланысты дамуда.
Химиядан білім беруде әдетте заттар мен химиялық үдерістердің
арасындағы обьективті заңдылықты, деректерді, ұғымдарды және олардың
байланысы ашылады. Мәселен, оқушыларға өндірістік материалдар туралы
білім беру олардың политехникалық дайындығын күшейтеді. Сонымен қатар,
бұл пән- нің жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын,
заттардың күрделену сатысын, олардан түзілетін табиғи және жасанды
денелермен таныстырады. Қазіргі таңдағы жасанды синтетикалық заттарды
тұтынушылықтың басым заманында болашақ қоғам мүшелерінің оны толық
және ғылыми тұрғыдан терең меңгеруін керек етеді. Әсіресе, 7-9 сыныптарда
химиялық құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөнінде
ғылыми көзқарас қалыптастыру міндеті орындалады. Химияның қазіргі
қоғамда алып отырған күрделі орны оны бүкіл жаратылыстану пәндерімен
байланыстыра оқытуды керек етеді.
Шын мәнінде де, Қазақстандағы жалпы өндірістің дамуы әсіресе
химиялық
қосылыстардан туындайтын материалдарды күнбе-күн кеңінен керек етіп
отырғаны даусыз. Ал, біздің Республиканың келешегі болып есептелетін
жастарымыздың бұл саланың ерекшелігін, теориялық және практикалық негізін
мектептен бастап ақ меңгеруге тиісті.
Бұл мақсатқа жету үшін бірнеше себеп бар. Әрине, мектеп қабырғасында
оқушылардың химия пәнінің теориялық тұстарын толық меңгеруіне ең бірінші