20
- екінші, репродуктивті, мұнда берілетін білім оқушылардың іс- әрекетін
ұйымдастыруға
бағытталуы;
- үшінші, теориялық материалдың мазмұны шығармашылық іс-әрекетке
жұмылдыратындай, ынталандырушы
бағытта болуы;
- төртінші, әлеуметтік тұрғыдан бағытталған эмоционалдық қарым-
қатынасты игеруге ықпал етуші ретінде қызмет көрсетуі қажет.[76]
Оқулыққа қойылатын талаптың күрделілігіне байланысты оны құрастыру
мәселесі теориялық тұрғыдан да, әдістемелік тұрғыдан да көп ізденуді талап
етеді. Белгілі педагог-ғалым Д.Д. Зуев оқулықтың пәндік мазмұнның
оқушылардың
танымдық
шығармашылық
жұмыстарының
түрлерін
ұйымдастырушылық мүмкіндігін жоғары бағалайды [6, б. 50].
И.Зверев «Жоғары білікті оқулық-ойлылық пен эмоционалдықты, ғылым
мен көркемдікті, бейнелі баяндаумен ұштастыру үлгісі» - деп атап көрсетті[77].
Оқулық – Білім және ғылым министрлігімен бекітілген оқу
бағдарламасына сәйкес оқу пәні мазмұнының жүйелі баяндалуын қамтитын
оқу теориялық басылым және бұл мемлекеттік құжат болып есептеледі. Егер
оқу бағдарламасы пән бойынша берілетін білімнің тақырыптарын анықтап және
оған қанша сағат бөлінетінін көрсетсе, оқулық сол тақырыптардың
әрқайсысының мазмұнын ашып көрсетеді.
Химия пәні әлем туралы жан-жақты мазмұнмен дамытылған көптеген
биологиялық білімнің жетістіктерімен толықтырылып, кіріктірілген пән.
Мәселен, кез келген заттың күрделі құрылымы мен қасиеті арасындағы
байланыс, зат массасының сақталу заңы энергия формалары т.б. химиялық
заңдылықтар өздерін қоршаған ортаның негізгі қасиеттерімен таныстырып қана
қоймай оқушылардың жүйелі ойын дамытып, олардың ойлануына, қорытынды
жасауына негіз болады [78]. Қазіргі кезде заттар мен химиялық үрдістер
туралы материалдардың жеткіліктілігі және олардың толық зерттелгендігі,
химияның ғылым ретінде қарқынды дамуы бұл пәннен берілетін білімнің тек
ғылыми шындықты беруінің кепілі.
Оқулықтың көлемі мен құрылымы мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты мен пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес болуы
қажет және онда көрсетілген білім мазмұны толықтай қамтылуы тиіс. Оқулық
басқа басылымдардан атқаратын өзіндік қызметтері, мазмұны мен мәтініне
қойылатын талаптар және ерекше құрылымы арқылы ажыратылады.
Химия пәнінің оқулықтарының мазмұндық құрылымдық сипаты қазіргі
қалыпқа бірден келе қалған жоқ. Оқулықтар мазмұнының өзгеру даму қалпы
негізінен үш кезеңді бастан кешірді. Оның алғашқы кезеңі – Д.И.Менделеев
ашқан периодтық заңның негізінде жазылып, бейорганикалық химияны
оқытуға негіз салды. Сол кездің өзінде ол химияны догмалық жолмен
оқытудың зияндылығын атап көрсетіп, оқушыларды ғылыми ізденіске жетелеу
керектігін айтып, көбіне практикада қолданатын заттарды зерттеу, олар туралы
ғылыми мағлұмат беру жағын қарастырды. Міне, бұл қазіргі таңдағы білімді
практикамен байланыстыру талабының бастамасы еді.