Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет5/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

11 
 
- оқушылардың  өзіндік  іс-әрекетін  сабақ  барысында  және  сабақтан  тыс 
кездерде орындауға жұмылдыратын тапсырмалар жағы жеткіліксіз; 
- сұрақтар  мен  тапсырмалардың  мазмұны  оқушыларды  шығармашылыққа 
жетелейтіндей болуы керектігін де ескеру қажет. 
Бұған  қарап,  біз  мектеп  химия  оқулықтары  нашар  деген  ойдан  аулақпыз. 
Бірақ,  берілетін  химиялық  білімді  басқа  жаратылыстану  ғылымдарымен 
байланысты  қарау  негізінде  олардың  мазмұнын  жетілдіре  түсу  мәселесін 
қарастыруға болады. Сондықтан да біз, жоғарыда көрсетіліген қайшылықтарды 
тиімді 
жолмен 
шешуді 
қарастыру 
мақсатымен 
ғылыми 
зерттеу  
тақырыбымызды  «Химиядан    оқулықтар  мен  оқу  құралдарын 
құрастырудың дидактикалық негіздері»  деп алдық. 
Зерттеу  нысаны: орта  мектептің  бейорганикалық  химия  оқулықтарының 
құрылымдық -  мазмұндық жүйесі. 
Зерттеу пәні − орта мектептің бейорганикалық химия оқулықтары мен оқу 
құралдарын байланыстыра пайдаланудың дидактикалық негіздері.  
Зерттеудің  мақсаты:  химия    пәні  бойынша   оқулықтар  мен  оқу 
құралдарын  құру  жолдарын  қарастырудың  психологиялық-  педагогикалық 
негізін  саралау,  оқулық  пен  оқу  құралдарын  байланыстыра  отырып, 
оқушылардың өзіндік жұмыстар жүйесін беру, оқулыққа қосымша оқу құралын 
дайындау.  Оқулық  мазмұны  мен  оқу  құралындағы  материалдарды 
байланыстырудың  тиімді  әдістерін  педагогикалық  экспериментке  қою  және 
оның нәтижесін ұсыну. 
Зерттеудің міндеттері: 
-  орта  мектептің  химия  оқулықтары    мен    оқу  құралдарын  құрастырудың 
педагогикалық-психологиялық негіздерін саралау
-  химия  оқулықтары  мен  оқу  құралдарының  дидактикалық  функциялары 
және оның қазіргі кездегі  орындалу  жағдайы мен мүмкіндіктерін ашу; 
-  бейорганикалық    химия  оқулығы    мен  оқу  құралдарын    сабақтастыра 
пайдалануда орындайтын оқушылардың өзіндік жұмыстарының жүйесі; 
- бейорганикалық химия оқулығы  мен оқу құралын  пайдаланудың тиімді 
әдістерін  тәжірибелік – экспериментке қою және оның нәтижесі. 
Зертеудің ғылыми  болжамы:  егер, химия пәні бойынша оқулықтар мен  
оқу  құралдарын    дайындаудың    дидактикалық  негізі  сараланып,  осылардың 
байланысы арқылы оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру жолдары мен 
әдістерін берілсе, онда оқушыларға  химиядан білім беруде  оқулықтар мен оқу 
құралдарын байланыстыру жүзеге асады. 
Зерттеу  әдістері:  теориялық,  педагогикалық,  психологиялық,  әдістемелік 
әдебиеттер 
мен 
ғылыми 
еңбектерге 
шолу; 
ғылыми-логикалық 
шығарылымдардың  талдамасы,  тәжірибелік  бақылаулар;  педагогикалық 
эксперимент;  сауалнама;  оқушылар  және  химия  пәнінің  бағдарламасы  мен 
оқулықтар мазмұнын талдау; оқытушылармен жүргізілген әңгімелер, анкеталық 
сұрақтар, алынған нәтижелерді талдау, қорытынды жасау.  
Тәжірибелік  әдістер:  педагогикалық  эксперимент,  бақылау,  сұхбаттасу, 
сауалнама жүргізу. 


12 
 
Зерттеудің  ғылыми жаңалығы: 
- білім беруге байланысты қазіргі қоғам сұранысына сәйкес, химия пәнінің 
оқу құралы дайындалып, оны құрастырудың әдістемесі жасалынды; 
-химиядан  дайындалған  оқу  құралы  білім  беру  үрдісінде  пайдалануға 
ұсынылды;  
  Зерттеудің  практикалық  маңыздылығы:  зерттеу  нәтижесінде    орта 
мектептің  7-сыныбына  арналған  О.С.  Габриелян.,  Ж.Ә.Шоқыбаевпен    және 
Г.У.Ильясованың авторлық бірлестігімен жарық көрген «Химияға кіріспе» оқу 
құралы дайындалып, ол қазіргі таңда эксперимент ретінде Алматы қаласының 
орта мектептерінде қолданылуда. 
-Зерттеу нәтижелерін  орта мектепте және орта арнаулы оқу  орындарында 
оқушыларға химия пәні бойынша білім беруде пайдалануға болады.  
Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 
- орта  мектептің  химия  оқулықтары    мен    оқу  құралдарын  құрастырудың 
педагогикалық-психологиялық негіздері. 
- химия  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  дидактикалық  функциялары 
және оның қазіргі кездегі  орындалу  жағдайы мен мүмкіндіктері. 
- химия  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын    сабақтастыра  пайдалану  арқылы 
орындайтын оқушылардың өзіндік жұмыстарының жүйесі. 
- химия  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын    байланыстыра  пайдаланудың 
тиімді әдістерін  тәжірибелік – экспериментке қою және оның нәтижесі. 
Зерттеу  базасы:  Алматы  қаласындағы  А.Қарсақбаев  атындағы  №  41 
жалпы  білім  беретін    мектеп.  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті. 
Зерттеудің  әдіснамалық  және  теориялық  негіздері:  Қазақстандағы 
оқулықтарды  жетілдіру  ғылыми  негізделген  бағытта  жүргізілуі  қажет:  білім 
берудегі  мемлекеттік  саясат, оқулықтарды  дайындаудың  теориялық  және 
педагогикалық бағытының философиямен, психологиямен және оқыту әдісімен 
өзара байланысты болуы. 
Зерттеу  нәтижелерінің  дәлдігі  мен  негізділігі:  диссертацияның 
теориялық,  ғылыми-әдістемелік  міндеттеріне  сәйкес  болуымен,  зерттеу 
мазмұнының  ақпаратқа  сай  келуімен,  зерттеу  пәніне  сай  тиімді  әдістерді 
пайдалануымен, 
тәжірибелік 
жұмыстың 
жоспарлылығымен, 
алынған 
нәтижелердің дәлдігімен және тиімділігімен қамтамасыз етілді. 
 Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы. 
Диссертацияның  негізгі  тұжырымдары  мен  тәжірибелік  нәтижелері  2015-
2018  жылдар  аралығында  келесі  халықаралық  ғылыми-практикалық  конфе- 
ренцияларда жарияланды: «Болашақ химия мұғалімдерін даярлауда  электрон-
дық  оқулықтардың  орны»  (Астана,  2017),  «Роль  электронных  учебников  в 
образовательном  процессе.»  (  Санкт-Петербург,  2017),  «Принципы  обьектив-
ного контроля оценки знаний студентов» (Алматы, 2017), «Основные функций 
учебных книг» (Алматы, 2017), «Оқулықтар әзірлеудің дидактикалық негіздері» 
(Қызылорда, 2018). 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау