81
қалыптастыру жағына баса көңіл бөлінеді. Осындай іс-әрекеттер барысында
оқушылар жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге жаттығады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі мына төменде-
гілерді қамтитынын білеміз:
- Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым)- Ойлау
дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
- Шығармашылық ойлау дағдысы;
- Логикалық ойлау дағдысы;
- Сыни ойлау дағдысы;
- Алгоритмдік ойлау дағдысы;
- Критикалық ойлау дағдысы;
- Проблемалық ойлау дағдысы;
- Технологиялық ойлау дағдысы;
- Тілдік құзіреттілік дағдысы;
- Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Осы жоғарыда көрсетілген талаптарды ескере отырып, біз
эксперименттік жұмыс нәтижесін бағалауда критериялық бағалау жүйесіне
көңіл бөлдік. Сондықтан да, оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен
бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл
оқушылардың жан-жақты ізденуіне, мәселені шешуге қызығушылықтарының
артуына жағдай жасалды. Күнделікті қалыптастырушы бағалау барысында
оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіліп, кеткен
қателерді дер кезінде түзетіп отыруға мүмкіндік туды. Жиынтық бағалау оқу
бағдарламасынның бөлімдерін оқып аяқтаған кезде оқушының өткен
материалдар бойынша үлгеріміне баға қою арқылы өткізіледі.
Бейорганикалық химия оқулығы мен оқу құралын байланыстыра отырып
оқытуда оқушылардың өзіндік жұмысын орындату арқылы олардың теориялық
білімі мен пректикалық дағдыларын дамуын зерттеу жұмысымызға
байланысты жасалған болжамның дұрыстығын тексеру мақсатымен
тәжірибелік эксперимент жұмысын ұйымдастырдық. Мұндағы мақсат
біріншіден, оқушыларға бейорганикалық химия пәнінен алған білімдерінің
тереңдеуіне ол пәнді оқыту барысында оқу құралдарын байланыстыра
пайдаланудың тиімділігін анықтау. Екіншіден, оқулық пен оқу құралын
байланыстыра оқытуда ұйымдастыруға болатын өзіндік жұмыстардың жүйесін
байқаудан өткізу. Үшіншіден, осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында
қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау.
Тәжірибелік экспериментке Алматы қаласындағы А.Қарсақбаев атындағы
№41 жалпы білім беретін мектептің 7- сыныбы алынды.
Эксперименттік сыныпта 32 оқушы, бақылау сыныбында 33 оқушы болды.
Эксперименттік топтағы бейорганикалық химия пәнін оқыту біз ұсынған
жоспармен жүргізілді. Ал, бақылау тобында өздерінің бағдарламалық
талаптары бойынша оқытылып, оқулықпен оқу құралын байланыстыруға көңіл
бөлінген жоқ.
82
Эксперимент жұмысын жүргізу үшін мұғалімдерге арналған әдістемелік
нұсқаулар, сабақ жоспарлары, сауалнамалар, өзіндік жұмыстар түрлері, тест
тапсырмалары дайындалды. Сонымен қатар, анықтау экспериментінің
нәтижелерін қортындылауға, өңдеуге арналған нұсқау әзірленді. Эксперимент
жұмысының алғашқы бөлімі анықтау жұмысына арналды. Мұндағы мақсат
оқушылардың бейорганикалық химияны
оқуда орындайтын өзіндік
жұмыстардың көлемін, сонымен қатар, олардың сабақтағы дербестігі мен
коммуникативтік деңгейін байқау болды. Анықтау эксперименті кезінде екі
сынып бойынша да, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, пікірлесу, оқушылармен
қарым-қатысқа түсу сияқты жұмыстар жүргізілді. Осы анықтау эксперименті
барысында оқушыларға өзіндік жұмыстар беріп орындату да қарастырылды.
Өзіндік жұмыстарды мына формаларда ұйымдастырып байқадық:
1. Фронтальды (ұжымдық),
2. Топтық,
3. Жекеше түрде.
Анықтау экспериментінің барысында болашақта жеке тұлға дайындау
үшін оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың жағдайын байқау
көзделді. Біз өзіндік жұмысты оқулық мазмұны мен оқу құралын байланыстыра
отырып ұйымдастыру мәселесін де назарда ұстауға тырыстық. Осыған дейінгі
зерттеулерде оқулық пен әдістемелік кешендердің байланысын қарастырған
еңбектердің бар екені белгілі. Біздің көздегеніміз оқулықпен оқу құралын
байланыстыра отырып білім беру арқылы бейорганикалық химиядан
оқушылардың теориялық білімін тереңдетіп, практикалық дайындығын
күшейту мәселесі. Себебі, бейорганикалық химия оқушылардың орта мектепте
химиядан алатын білімдерінің бастамасы және негізі деуге болады. Кейінгі
органикалық химиядан алатын білімдерінің базасы, болашақтағы меңгерілетін
химиялық білімдер осы негізгі базаға байланысты өз дәрежесіне жететіні анық.
Оқулық пен оқу құралын байланыстыра пайдалануда оқушыларға жан-жақты
тәрбие беру мәселесі де жүзеге асады. Оқу құралында берілген материалдар
негізінен Қазақстанның жетістіктеріне негізделе жазылғандықтан, бұл
оқушыларға өлкетанулық, отан сүйгіштік, экологиялық т.б. тәрбиелерді беруге
қолайлы келеді.
Анықтау эксперименті барысында тек оқушылар ғана емес, мұғалімдермен
сөйлесу, пікір алмасу, химия кабинеттерінің жабдықталу жағдайын байқау,
сабақта жаңа технологияларды қолдану деңгейін байқау істері де жүргізілді.
Сондай-ақ, химия пәнінің мемлекеттік құжаттарға (мемлекеттік міндетті білім
стандарты, пән бағдарламасы және оқулық) сай жүргізілуі де қарастырылды.
Мұғалімдермен әңгімелесу, сабақтарға кіріп бақылау барысында олардың
өзіндік жұмыстарды жеткіліксіз деңгейде ұйымдастыратыны байқалды.
Сонымен қатар, олар сыныпта оқушылардың мәтін мазмұнын ауызша оқу
арқылы қабылдау жағына көп көңіл бөлетіндігі белгілі болды. Көбіне мұғалім
сабақта сөздік-көрнекілік әдістері арқылы оқушыларға материал мазмұнын
жеткізеді. Бірақ, тапсырмалар орындау барысында оқушылардың материалды
жете түсінбегендігі байқалып қалады. Мұның себебін, біз оқушылардың өзіндік
Достарыңызбен бөлісу: |